Мамандықтар жәрмеңкесі 2025

Академиялық кеңес беру офисі жыл сайынғы Мамандықтар жәрмеңкесін 24 қыркүйек күні сағат 12:00-14:00 аралығында 8-9 блоктардың арасында өткізеді. Іс-шара Foundation (NUFYP) бағдарламасының және бірінші курс студенттерін Назарбаев Университетіндегі академиялық мүмкіндіктермен таныстыруға бағытталған. Барлық бакалавриат департаменттерінің өкілдері бағдарламалар туралы толық ақпарат беруге, сұрақтарға жауап беруге және студенттерге әрі қарай оқу туралы салмақты шешімдер қабылдауға көмектесуге дайын болады.

Кафедралардың таныстырылымдарынан бөлек, жәрмеңке барысында «Мамандықтар әлеміндегі саяхат» ойыны, Kahoot викторинасы және студенттердің белсенді қатысуын арттыратын түрлі байқаулар ұйымдастырылады. Бұл іс-шара студенттерге профессорлармен, құрдастарымен және академиялық кеңесшілермен байланыс орнатуға, сондай-ақ Назарбаев Университетіндегі мамандықтар, мансаптық өсу перспективалары және академиялық жолдар туралы көбірек білуге бірегей мүмкіндік береді.

Байланыс ақпараты:
aao@nu.edu.kz

Up

© Nazarbayev University

Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 53