Назарбаев Университеті талапкерлерді, олардың ата-аналарын және барлық қонақтарды NU Fest: Knowledge Race — Ашық есік күніне шақырады. Бұл шара Университет, оның білім беру бағдарламалары және жарқын студенттік өмірі туралы көбірек білуге бірегей мүмкіндік береді.
Іс-шара бағдарламасы:
- НУ мектептері мен департаменттері ұсынатын интерактивті «Pit Stop» аймақтары
- Қабылдау, оқу бағдарламалары және студенттердің өмірі туралы ақпараттық сессиялар
- Студенттік клубтардың өнер көрсетуі
- Қонақтарға арналған конкурстар мен қызықты іс-шаралар
- Нағыз Formula 1 көлігінің көрмесі
НУ — Орталық Азия университеттері арасындағы Formula 1. Дәл осы жерде білім мен болашақ жеңістер жарысы басталады!
Байланыс ақпараты:
info_admissions@nu.edu.kz
