NU Staff Games 2025

Құрметті Оқытушылар мен Қызметкерлер!

NU Staff Games 2025 жарыстары Назарбаев Университетінің 15 жылдық мерейтойына орай 13–14 қарашада (бейсенбі және жұма күндері) өтетінін қуана хабарлаймыз. Бұл – жұмыстан тыс ортада қарым-қатынас орнатып, салауатты өмір салтын насихаттап, достық әрі белсенді атмосферада уақыт өткізуге тамаша мүмкіндік.

NU Staff Games арнайы ережелерге сәйкес өткізіледі және келесі спорт түрлерін қамтиды:
• Арқан тарту
• Эстафета
• Волейбол
• Үстел теннисі
• Футзал
• 3×3 баскетбол

Бастапқыда іс-шара қыркүйек айының соңына жоспарланған болатын, алайда қараша айына шегерілді. Осыған байланысты барлық қалаушыларды 5 қарашаға дейін (сәрсенбі) тіркелуге шақырамыз.

5 қарашадан кейін өтінімдер қабылданбайды, себебі қатысушылардың соңғы тізімін қалыптастыру, іс-шара мен кестені дайындау қажет!

Тіркелу сілетемесі – дәл қазір тіркеліңіз!

Назар аударыңыз, сіз бір немесе бірнеше спорт түрін таңдай аласыз — шектеу жоқ. Тіркеу аяқталғаннан кейін командалар бөлімшелер арасындағы теңгерім мен гендерлік тепе-теңдікті ескере отырып қалыптастырылады.

Байланыс ақпараты:
sports_wellness@nu.edu.kz

Up

© Nazarbayev University

Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 53