Назарбаев Университетінде институционалдық зерттеулер бойынша форум өтті

10 және 11 қазанда Назарбаев Университеті «КИМЭП Университеті» АҚ-мен ынтымақтастықта «Институционалдық зерттеулер: академиялық сапаны қолдау, жоғары білім беруде жоспарлау және шешімдер қабылдау үшін деректерді пайдалану» тақырыбында Институционалдық зерттеулер бойынша бірінші Форумды өткізді. Форум жұмысына 25-тен астам университет пен басқа да ұйымдардың/агенттіктердің өкілдері, мәліметтерді жинаумен және талдаумен, сондай-ақ жоғары білім берудің сапасын қамтамасыз ету мен шешім қабылдау үшін мәліметтерді және ақпаратты пайдаланумен айналысатын білім саласындағы 80-ге жуық кәсіпқойлар қатысты.

10 және 11 қазанда Назарбаев Университеті «КИМЭП Университеті» АҚ-мен ынтымақтастықта «Институционалдық зерттеулер: академиялық сапаны қолдау, жоғары білім беруде жоспарлау және шешімдер қабылдау үшін деректерді пайдалану» тақырыбында Институционалдық зерттеулер бойынша бірінші Форумды өткізді.

Форум жұмысына 25-тен астам университет пен басқа да ұйымдардың/агенттіктердің өкілдері, мәліметтерді жинаумен және талдаумен, сондай-ақ жоғары білім берудің сапасын қамтамасыз ету мен шешім қабылдау үшін мәліметтерді және ақпаратты пайдаланумен айналысатын білім саласындағы 80-ге жуық кәсіпқойлар қатысты.

Қазақстандағы жоғары оқу орындарында академиялық сапаны қолдау, жоспарлау және шешімдер қабылдау үшін деректерді пайдалану; нақты деректердің негізінде шешімдер қабылдауға қатысты ЖОО-ларға төнетін сын-қатерлер; және ЖОО-лардағы деректермен жұмыс істеу бойынша аналитикалық мәдениетті дамыту үшін қабылдануы мүмкін шаралар – осы және басқа да мәселелер Форумда талқыланды.

Форум қатысушыларына Институционалдық зерттеулер мен талдаулардың әр түрлі аспектілері бойынша 20-ға жуық презентация/баяндамалар ұсынылды. Іс-шарада спикерлер ретінде проректорлар (провосттар), еліміздің түрлі жоғары оқу орындары департаменттерінің басшылары, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің, «Ақпараттық-талдау орталығы» АҚ және «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының өкілдері мен басқа да сарапшылар сөз сөйледі.

Форумға қатысушылар топтық пікірталастарға қатысып, Қазақстандағы жоғары білім беру саласындағы (стратегиялық және әкімшілік-шаруашылық) деректерді жинау мен талдаудың өзекті мәселелерін, сондай-ақ алынған мәліметтердің негізінде жоғары оқу орындарында тиімді шешім қабылдауға ықпал етудің ықтимал жолдарын талқылады.

Форумды НУ Провост офисінің Институционалдық зерттеулер және аналитика жөніндегі командасы (жетекшісі – д-р Фелли Читенг Кот) және КИМЭП Университетінің Академиялық сапа және институционалдық зерттеулер департаменті (директоры – д-р Нуриля Шаханова) ұйымдастырды.

Форум туралы толық ақпаратты мына сайттан таба аласыздар: www.nu.edu.kz/ru/irforum_ru.

Up

© Назарбаев Университеті

Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 53