Ғарышқа арналған органикалық күн элементтері бойынша инновациялық зерттеу
Nazarbayev University зерттеушілері «Ғарышқа арналған органикалық күн элементтері: белсенді қабат қалыңдығының шешуші рөлі» атты ғылыми зерттеуін жариялады.
Бұл зерттеу NU Физика кафедрасының профессоры Виктор Брус пен оның командасы — PhD докторанты Гүлнұр Ахтанова, постдокторанттар Григорий Пархоменко мен Андрей Мостовой, шақырылған зерттеуші Нора Шопп және бакалавриат студенті Нұржан Асановтың қатысуымен, ассистент-профессор Марат Қайқановпен бірлесе отырып жүргізілді.
Жоба ғарышта қолдануға арналған органикалық күн элементтерінің тиімділігіне белсенді қабаттың қалыңдығы қалай әсер ететінін зерттеуге арналған.
«Бұл зерттеуде белсенді қабаттың қалыңдығын өзгерту органикалық күн элементтерінің тиімділігі мен тұрақтылығына қалай әсер ететіні қарастырылады. Зерттеушілер белсенді қабаттың оңтайлы қалыңдығын анықтау арқылы энергияны түрлендіру коэффициентін және элементтерінің ұзақ мерзімділігін арттыруды көздейді, бұл оларды ұзақ ғарыш миссияларына анағұрлым бейім етеді», — дейді зерттеу тобы.
Жоба нәтижелері болашақтағы ғарыштық зерттеулер үшін маңызды, себебі бұл жұмыс экстремалды жағдайларға төтеп бере алатын, тиімді әрі сенімді күн батареяларын жасауға қатысты құнды ұсынымдар береді.
Мақала сондай-ақ Wiley баспасының «Актуалды тақырыптар: күн элементтері» бөлімінде жарық көріп, Advanced Optical Materials атты беделді ғылыми журналдың маусым айындағы шығарылымында жарияланды.







