NU-да көрнекті ғалым-лингвист, университеттегі Қазақ тілі кафедрасының профессоры Зейнехан Күзекованың 70 жылдық мерейтойына орай «Қазақ лингвистикасы: теория мен практиканың интеграциясы» атты ғылыми-практикалық конференция өтті.
Іс-шараны жаратылыстану, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар мектебінің Қазақ тілі және түркология кафедрасы ұйымдастырды.
Конференция Қазақстанның, Ресейдің және АҚШ-тың 12 жетекші университеті мен ғылыми ұйымынан 70-тен астам ғалым, оқытушы, әдіскер мен зерттеушіні жинады. Қатысушылардың назарында қазақ лингвистикасының қазіргі сын-қатерлері мен перспективалары: функционалдық және коммуникативтік грамматика мәселелері, қазақ тілін оқыту әдістемесі, білім беру процесіне AI және цифрлық технологияларды интеграциялау, сондай-ақ этнолингвистиканың, әлеуметтік лингвистиканың және медиалингвистиканың өзекті аспектілері болды.
Мерейтой иегері профессор Зейнехан Күзекова отандық ғылым мен білім беруді дамытуға қосқан зор үлесі үшін Қаныш Сәтбаев атындағы медальмен марапатталып, ҚР ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің алғыс хатын алды.
Конференцияға қатысушылардың ғылыми мақалалары Қазақ тілі оқытушыларының халықаралық қауымдастығының «Кұтты білік» және Қазақстан әйел ғалымдарының республикалық бірлестігінің «Қоғам – әйел – ғылым» мамандандырылған басылымдарында жарияланады.
Конференцияны өткізуге ҚР ҒЖБМ жанындағы Тіл саясаты комитетінің, ҚАЗТЕСТ жүйесінің, Ш. Шаяхметов атындағы «Тіл-қазына» ғылыми-әдістемелік орталығының, ҚР ОМ жанындағы Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы өкілдері де елеулі үлес қосты.







