NU түлегі Стэнфордтың екі толық PhD стипендияның бірін жеңіп алды.
Nazarbayev University мен Йель университетінің түлегі Әсел Ибадулла әлемнің үздік университеттерінің бірі Стэнфордта докторантураға түсті. Әсел NU-да биология ғылымдары бойынша бакалавр дәрежесін алды, ал Йельдегі магистр дәрежесі кезінде ол Йель медицина мектебіндегі ERIC (Зерттеу және инновациялар орталығында) зерттеуші-интерн және SalivaDirect (COVID-19 ауруын ерте анықтау және диагностикалау орталығы) қызметкері болып жұмыс істеді. Әсел медицина саласындағы оқуын және ғылыми тәжірибесін жалғастырып, докторантураға толық грантқа қабылданды.
«Жалпы, менің түпкі мақсатым – Қазақстанға жұқпалы емес аурулар мен психикалық бұзылуларға қарсы тиімді шаралар мен алдын алу шараларын қалыптастыруға көмектесу. Сондықтан студенттік жылдарыңызды талпынуға, өзіңізді тану мен тұлға болып өсуіне арнаңыз», – деді ол қазақстандық БАҚ-қа.








