Сонымен қатар, Дмитрий Медведев университеттің медицина саласындағы ғылыми әзірлемелерімен де танысты. Кездесудің соңында қонақтар университеттің кітапханасында болды. РФ Үкіметінің Төрағасы Назарбаев Университетінің кітапханасында электрондық ақпараттық ресурстардың ауқымды коллекциясының бар екендігін білетіндігі туралы айтты. Кітапханада Дмитрий Медведев студенттердің сұрақтарына жауап берді және Құрметті қонақтарға арналған кітапта өз қолтаңбасын қалдырды. «NU студенттері мен оқытушыларына оқу мен зерттеу қызметінде жетістіктер тілеймін! Сіздердің университеттеріңіз керемет!» — деп жазды Ресей Федерациясы Үкіметінің Төрағасы. Назарбаев Университетінің студенттері қонаққа университеттің логотипі бар бренд бейсболка мен күртешені сыйлады, сондай-ақ спорт саласында Ресей студенттерімен ынтымақтастықты орнатуға ұсыныс жасады. Назарбаев Университеті атынан Дмитрий Медведевке қазақстандық жас суретші Дастан Бисеновтің «Шиыршық» атты суреті сыйға тартылды.
Назарбаев Университетінің Коммуникация және маркетинг департаменті: 010000, Астана, Қабанбай батыр, 53, каб.1115 +7(7172)706090, 706087, 706089, 706131 pressa@nu.edu.kz, www.nu.edu.kz








