NU-да су тасқынына қарсы шаралар талқыланды

Шараны бірлесіп университет, NU Қызыл Ай Қоғамы мен БҰҰ Тұрақты даму шешімдері желісінің жаһандық жастар бастамасы – Sustainable Development Solutions Network Youth (SDSN Youth) ұйымдастырды. Әртүрлі табиғи апаттар, соның ішінде су тасқыны, жер сілкінісі, орман өрттері және эпидемиялар бойынша сарапшылар өз көзқарастарымен бөлісу және бағалау үшін онлайн және офлайн пікірталас аясында жиналды.

Шараны бірлесіп университет, NU Қызыл Ай Қоғамы мен БҰҰ Тұрақты даму шешімдері желісінің жаһандық жастар бастамасы – Sustainable Development Solutions Network Youth (SDSN Youth) ұйымдастырды. Әртүрлі табиғи апаттар, соның ішінде су тасқыны, жер сілкінісі, орман өрттері және эпидемиялар бойынша сарапшылар өз көзқарастарымен бөлісу және бағалау үшін онлайн және офлайн пікірталас аясында жиналды.

Талқылаудың негізгі спикері «азаматтық құрылыс» мамандығы бойынша NU-ді бітірген су тасқыны қаупі жөніндегі инженер Рената Садртдинова болды. Спикер 2024 жылғы ауқымды су тасқыны бір неше факторлардан солардың ішінде 2 фактордан туындағанын атап өтті: өте қарлы қыс және ел мен планета тарихындағы әдеттен тыс «жылы» наурыз айы. Қазақстанда наурыз айында орташа айлық температура 1.2 градусқа жоғары болды. Маман бұл үрдіс жалғасатынын атап өтті, сондықтан су тасқынынан қорғаудың бүкіл жүйесін қайта құру, инфрақұрылымды жөндеу және мониторингті жолға қою “үлкен судан” болатын тәуекелдерді азайту үшін сөзсіз деді.

«Қазақстанға Flow Control Systems, яғни қазіргі ағындардың жоғары жылдамдығына байланысты ағынды қорғау мен баяулатудың алдын ала дайындалған тетіктерін зерделеу қажет. Сондай-ақ, өңірлерде шетелдік тәжірибе мысалында су тасқынын басқарудың кешенді жүйесін дамыту маңызды. СҚО, ШҚО, БҚО, Ақмола, Атырау облыстары сияқты су тасқыны қаупі жоғары өңірлерде аумақтық ерекшеліктерге қолданылатын өздерінің жергілікті қорғау схемалары қажет. Сондай — ақ, халықты оқытуды жүргізу, азаматтарды мониторингілеу және хабардар ету жүйесін құру маңызды», — деді Рената қатысушыларының сұрақтарына жауап бере отырып.

Ықтимал төтенше жағдай сценарийлерін және болашақтағы төтенше жағдайлардың алдын алу шараларын әзірлеудің және олардың салдарымен жұмыс істеудің маңыздылығын доктор, NU профессоры Антонио Саррия-Сантамера атап өтті. Профессор денсаулық сақтаудың тиімді жүйелерін зерттейді. Су тасқынының халықтың денсаулығына, оның ішінде психикалық денсаулыққа тигізуі мүмкін қауіптер туралы пікірімен бөліскен профессор зардап шеккендерді таза ауыз сумен қамтамасыз етудің маңыздылығына да назар аударды.

«Жағдайдың нашарлау қаупін азайту үшін басты және шұғыл-қазіргі уақытта эвакуациялық аймақтардағы адамдар үшін таза суға қол жеткізу болып табылады. Мұндай жағдайларда гастроэнтерологиялық аурулардың өршуіне жол бермеу үшін таза су тіпті тамақтан да маңызды. Шешу жолдары — бөтелкедегі тазартылған суға қол жеткізуді қамтамасыз ету, суды жергілікті тазарту, қайнату», — түсіндіре отырып, Қазақстанда тағы бір аса қарама-қарсы төтенше жағдай-құрғақшылықтың ұлғаюы болжанып отыр деп қосты ол. «Бұл билікке, ғылыми және сараптамалық қоғамдастыққа, жалпы халыққа тәуекелдерді жеңуді және азайтуды үйрену керек нәрсе. Жүйені осы қажеттіліктерге бейімдеу керек».

Кездесуге Қазақстанның Ұлттық Волонтерлік желісінің атқарушы директоры Татьяна Миронюк те қатысты. Ол желінің жұмысы, қазір қабылданып жатқан шаралар және кездесетін қиындықтар туралы айтты.

«Біз қазір не істеп жатырмыз? Біріншіден, біздің жұмысымыз ол еріктілерді даярлау және алгоритмдерді әзірлеу. Тіпті гуманитарлық жүктерді дұрыс жинау керек, көбісі бұл туралы ойламайды: қалай сұрыптау керек, қалай таңбалау керек, жөнелту керек, өйткені қазір көптеген жүктер аймақтарға жіберіледі. Елестетіп көріңізші, үлкен жүк көлігі толып эвакуациялау орындарына келеді, сол жерден мүлдем сұрыпталмаған заттар түсіп кетеді. Сондықтан біз гуманитарлық көмекті қалай жинау керектігін алдын-ала білуіміз керек. Бізде алгоритмдер бар. Уақыт болмаса да, бұл алгоритмді дайындап, оқып шығу керек.»

Студенттер бүгін эвакуацияланған азаматтарға қажет заттар туралы көбірек білді — бұл матрацтар, қайықтар, резеңке етіктер, дәрі-дәрмектер, гигиена құралдары, жылытқыштар және т.б. Сонымен қатар, NU басшылығы, қызметкерлері және студенттер ұйымдары ұйымдастырған зардап шеккендерге көмек көрсету бойынша қайырымдылық шаралары туралы айтылды.

Up

© Nazarbayev University

Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 53