студенттерге ақпарат

Академиялық ұтқырлық және мансап

Келуші студенттер

Table of Contents

НУ-де ұтқырлық мүмкіндіктері

Студент статусы

Основание для мобильности

Алмасу бағдарламыс бойынша

Институтаралық келісім

Зерттеу ұтқырлығы бойынша

Институтаралық келісім;

Растау хаты

Қысқа мерзімді бағдарламалар

Институтаралық келісім;

Өзара түсіністік туралы Меморандум

Ақылы оқу (семестр)

НУ мен студент арасындағы келісім

Сыртқы грант немесе шәкірт ақы иегері 

Халықаралық стипендиялық бағдарламалар

  • Ағылшын тілін меңгеру талаптарына сай болу*
  • Өзінің ағымдағы дәрежесі бойынша бәсекеге қабілетті орташа баллға ие болу
  • Оқу ақысын (алмасу бағдарламасы бойынша келген студенттерді қоспағанда) және басқа шығындарды төлеуге жауапты болуға келіседі. Сыртқы ұйымның демеушілігі болған жағдайда студент бұл туралы жаһандық қатынастар офисіне хабарлауы керек.
  • Алмасу бағдарламасы бойынша өтініш берген кезде студент өзі оқитын оқу орнымен ұсынылуы керек.
  • НУ ішкі қауіпсіздік ережелерін сақтауға келіседі
  • Бағдарламаның әрбір түріне қатысу құқығы электрондық пошта арқылы жіберіледі немесе қабылдаушы оқу орнының веб-парақшасында хабарландырылады
  • Академиялық ұтқырлыққа өтінім берудің белгіленген мерзімі жоқ. Алайда, егер бағдарламада немесе тиісті келісімдерде басқа ақпарат көрсетілмесе, күзгі семестрге – сәуірде, көктемгі семестрге – қазан айында, ал жазғы семестрге – наурызда өтініш беру ұсынылады.

Ағылшын тілін білу талабы келесі жағдайларда алынуы мүмкін:

  • ағылшын тілі ресми қарым-қатынас, академиялық оқыту және күнделікті өмір тілі болып табылатын елде алғашқы академиялық дәрежелердің бірі алынды;
  • бакалавр дәрежесі ресми түрде ағылшын тілінде оқытылатын бағдарлама бойынша алынады;
  • ағылшын тілінде оқытатын курстарда 60 ECTS (еуропалық сынақтар) тапсырды. Егер бұл ақпарат транскриптте көрсетілмесе, жіберуші оқу орны ағылшын тілін білгені туралы растау хатты беруі тиіс;
  • үміткер оқуға түскісі келетін НУ академиялық бағдарламасының (бакалавриатмагистратурадокторантура) қабылдау талаптарына сәйкес келетін жарамды IELTS/TOEFL сертификаттары болуы керек.

Ғылыми тағылымдамадан өткен жағдайда мектептер оқуға келетін студенттер үшін өз талаптарын белгілей алады. 

Қосымша ақпарат алу үшін зерттеу мұғалімдеріне хабарласыңыз.

Қатысу

Өтініш беру процесі

Академиялық, зерттеу және мәдени ұтқырлық бағдарламаларына, сондай-ақ курстарға қатысуға үміткерлер НУ мектептеріне келесі құжаттарды ұсынады:

Студент өтініш берген мектептің нақты ережелерін түсінуге жеке өзі жауапты.

Кетер алдындағы чек-лист

Құжаттар

Маңызды керек-жарақтар

Медициналық құжаттар

Паспорт

Паспорт пен виза көшірмесі

Авиа билеттер

Телефон, ноутбук

Розеткаға арналған адаптер

Жеткілікті киім-кишек

Қолма-қол ақша және/немесе несие картасы

Қаржының жеткілікті мөлшері (орташа айлық өмір сүру құны 400 доллардан 600 долларға дейін)

Халықаралық студенттер және мамандармен жұмыс жөніндегі офисіне өзіңіздің келу уақытыңызды хабарлауыңыз қажет oiss@nu.edu.kz

Медициналық анықтама (нұсқаулық)

Медициналық сақтандыру

Холера тесті (керек жағдайда)

Виза

Төменде көрсетілген елдердің азаматтары болып табылатын шетелдік студенттер Қазақстан Республикасына визасыз келе алады:

  1. Ресей Федерациясы
  2. Қырғыз Республикасы
  3. Армения Республикасы
  4. Әзірбайжан Республикасы
  5. Тәжікстан Республикасы
  6. Өзбекстан Республикасы
  7. Беларусь Республикасы

Жоғарыда көрсетілмеген мемлекет азаматтығы бар шетелдік студенттерге Қазақстанға кіру үшін студенттік виза (C9) қажет. Визаның бұл түрі бір жыл мерзімге беріледі және Қазақстанға бірнеше рет келуге мүмкіндік береді. Виза жыл сайын жаңартылуы керек

Халықаралық студенттер және мамандармен жұмыс офисі (OISSS) сізге визаңызға шақырту хатын рәсімдеуге көмектеседі. Хат дайын болғаннан кейін оның көшірмесі сізге электрондық пошта арқылы жіберіледі. Шақыру хатын алу үшін шетелдік студенттер OISSS-ке келесі қужаттарды усынуы керек:
  • НУ визалық қолдауға шақыру бланкісі;
  • Паспорт кешірмесі (бірінші бет);
  • Апостиль қойылған/заңдастырылған Неке және туу туралы куәліктер (керек болған жағдайда).
Шақырту хатын алғаннан кейін студент виза алу үшін барлық қажетті құжаттарды Қазақстан елшілігіне/консулдығына жеке өзі тапсыруы тиіс. Барлық жеке ақпараттың дұрыс екенін тексеру қажет. Егер шақырту хаты мен паспортьағы ақпаратта сәйкессіздіктер болса немесе басқа да мәселелер анықталса, Мәулен Ерғазиевке мына мекен-жай бойынша хабарлаңыз maulen.yergaziyev@nu.edu.kz. Қазақстанның тиісті елшілігінің/консулдығының ресми сайтында орналастырылған қажетті құжаттардың тізімін қайта тексеруге кеңес береміз.

Визаға өтініш беру үшін қажетті құжаттар:

  • Визаға шақыру хатының көшірмесі
  • Паспорт (виза мерзімі аяқталғаннан кейін кемінде алты ай жарамды және визалық мөртабан қою үшін кемінде екі бос беттен тұрады)
  • Паспорт басты бетінің көшірмесі
  • Толтырылған визалық сауалнама
  • Бір түсті фотосурет (3,5 см х 4,5 см)
  • Виза үшін төлем (бір адамға 200 доллар)

Визаны рәсімдеу уақыты шамамен 5 (бес) жұмыс күнінен 10 (он) жұмыс күніне шейін дайындалуы мүмкін.

Консулдықтың қалауы бойынша қосымша құжаттар сұралуы мүмкін екенін ескеріңіз.

МАҢЫЗДЫ:

Қазақстандық визаларды алғаннан кейін төлқұжатыңыз бен визаңыздың сканерленген көшірмелерін жәнеoiss@nu.edu.kzэл.поштасына жіберіңіз.

Қазақстанға келгеннен кейін көші-қон полициясында тіркелу процесін аяқтау үшін 1-блок, 1.207-кабинет, 2-қабатта орналасқан OISSS-ке үш (3) күн ішінде кіріңіз

Жатақхана

Кампуста тұру барлық шетелдік студенттерге ақылы негізде беріледі.

Орналастыруға қатысты кез келген сұрақтар бойынша студенттерге қызмет көрсету бөліміне хабарласыңыз: student_housing@nu.edu.kz

Медициналық сақтандыру

  • Шетелдік студент немесе академиялық қауымдастықтың мүшесі ретінде сіз және сіздің отбасы мүшелеріңіз медициналық сақтандыруға және медициналық тексеруден өтуге міндеттісіз.
  • Жергілікті медициналық сақтандыруды Medical Assistance компаниясынан сатып алу ұсынылады, себебі бұл кампуста медициналық көмекке қол жеткізуді жеңілдетеді.
  • Медициналық сақтандыру жоспары амбулаториялық және стационарлық медициналық көмекті, шұғыл медициналық эвакуацияны және репатриацияны қамтиды.
  • Сіз ұсынған медициналық сақтандыру негізінде біздің кампус аумағында орналасқан университеттік медициналық орталықта, сондай-ақ Қазақстанның басқа клиникаларында медициналық қызметтерге қол жеткізе аласыз
  • Қазақстанға келгенге дейін барлық шетелдік студенттер вакцинация және денсаулық жағдайы туралы ақпарат көрсетілуі тиіс денсаулық жағдайы туралы сауалнаманы ұсынуы тиіс. Толтыру бойынша нұсқауларын келесі сілтеме арқылы таба аласыз.

Егер сізде қандай да бір сұрақтарыңыз болса немесе медициналық сақтандыруға мен медициналық қызметтерге қатысты көмек қажет болса, Мектеп өкіліне хабарласыңыз.

НУ туралы шетелдік студенттердің пікірлері

Up

© Назарбаев Университеті

Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 53