NU тарихындағы бірінші ITF Taekwondo жарысы өтті

1 мамырда Қазақстан халықтары достығы мерекесі аясында Назарбаев Университетінің қабырғасында тарихи оқиға – ITF Taekwondo бойынша алғашқы турнир өтті. Бұл турнирді тамашалау үшін Атлетикалық орталыққа 40-тан астам қатысушы мен 50 көрермен жиналды.

1 мамырда Қазақстан халықтары достығы мерекесі аясында Назарбаев Университетінің қабырғасында тарихи оқиға – ITF Taekwondo бойынша алғашқы турнир өтті. Бұл турнирді тамашалау үшін Атлетикалық орталыққа 40-тан астам қатысушы мен 50 көрермен жиналды. Арнайы қонақтардың қатарында турнирдің төрешілері болған Нұр-Сұлтан қаласының ITF таэквондо федерациясының ресми өкілдері, Student Affairs and International Cooperation Вице-президенті Қадиша Даирова болды.

Турнирде шерулер, белбеулер табыс ету және турнирдін өзі болды. Барлығы 5 сары және 17 жасыл белбеу берілді.

30 жекпе-жектен кейін өз салмақ дәрежелерінің жеңімпаздары белгілі болды, сонымен қатар «The Best Female Fighter», «The Best Male Fighter», «The Most Technical Fighter» және «Fans’ Favourite» атақтарына үміткерлер анықталды. Турнирдің жеңімпаздары келесі қатысушылар болды:

● Әйелдер арасында 52 кг дейінгі салмақта:

○ 1 орын – Эльмира Мержакупова

○ 2 орын – Жадыра Онжанова

○ 3 орын – Таңгүлі Жұбаныш

○ 3 орын – Аяжан Қосшыбай

● Әйелдер арасында 57 кг дейінгі салмақта:

○ 1 орын – Аруна Нысанбай

○ 2 орын – Диана Назарова

○ 3 орын – Аниса Шералы

○ 3 орын – Құралай Исабек

● Әйелдер арасында 67 кг дейінгі салмақта:

○ 1 орын – Улжана Қылышбек

○ 2 орын – Ибрашева Назира

○ 3 орын – Аружан Мұратбек

○ 3 орын – Айнұр Кенесова

● Ерлер арасында 64 кг дейінгі салмақта:

○ 1 орын – Ануар Айтбаев

○ 2 орын – Тамирлан Мендыгалиев

○ 3 орын – Теймураз Жалаев

○ 3 орын – Алихан Қалмаханбет

● Ерлер арасында 74 кг дейінгі салмақта:

○ 1 орын – Тарлан Тлеубай

○ 2 орын – Әділетхан Насылхан

○ 3 орын – Жандарбек Сапаргалиев

○ 3 орын – Три Фам

● Ерлер арасында 74 кг-нан жоғары салмақта:

○ 1 орын – Жандос Егізбай

○ 2 орын – Нұрбек Молдахметов

○ 3 орын – Айсұлтан Нуржанов

Жүлделерді тағайындағаннан кейін төрешілер турнирге қатысушыларға номинацияларды таңдауы керек болды. Номинациялар иегерлері:

● The Best Female Fighter – Аруна Нысанбай, қайсарлығымен, техникасымен төрешілердің назарын бағындырды.

● The Best Male Fighter — Ануар Айтбаев, өзінің тактикасы мен жауынгерлік стратегиясымен есте қалды.

● The Most Technical Fighter – Тарлан Тлеубай, күрделі техникаларды жылдам және әдемі орындағаны үшін

● Fans’ Favourite – Три Фам, студенттерге әртүрлі кеңестер беріп, сонымен бірге олармен тең дәрежеде күресіп, тыңдармандардың жүрегін жаулады.

Турнирді ұйымдастыруға Department of Student Services және Athletic Centre үлкен үлес қосты. Сондай-ақ Нұр-Сұлтан қаласының ITF таэквондо федерациясына төрелік етуге көмектескені үшін алғыс айту керек. Клуб жаттықтырушысы Бағлан Айдаров барлық студенттер әлеуетін дамытуға зор үлес қосып, университетте таэквондоны ұйымдастыруға және насихаттауға көрсеткен көмегі үшін жеке алғыс сөздерін алды. Таэквондо клубының президенті мен вице-президенті, студенттер Мадияр Ерғали мен Теймураз Жалаевқа, сондай-ақ клубтың барлық басшылығына ерекше алғыс білдірілді.

Up

© Nazarbayev University

Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 53