
NU Өзбекстан университеттерімен арадағы ынтымақтастықты кеңейтпек
30 сәуір мен 2 мамыр аралығында NU делегациясы екі ел арасындағы байланыстарды нығайту және ынтымақтастық құру үшін Өзбекстанның жетекші жоғары оқу орындары мен мектептеріне барды. Үш күн ішінде делегация Қазақстанның Өзбекстандағы елшілігінің, Өзбекстанның Жоғары білім және инновациялар министрлігінің өкілдерімен, сондай-ақ Өзбекстан ұлттық университеті, Әлемдік экономика және дипломатия университеті, Ташкент медициналық академиясы, New Uzbekistan University, OSUS университеті және басқа да оқу орындарының менеджментімен кездесті.








