
NU шетелдік түлектерге құрмет көрсетуде
Құрылғаннан бері NU халықаралық студенттердің көбеюін мақтанышпен атап өтті. Осылайша, мекеме әртүрлі және инклюзивті академиялық ортаны құруға деген ұмтылысын көрсетуді жалғастыруда.
Соңғы іздеулер:

Құрылғаннан бері NU халықаралық студенттердің көбеюін мақтанышпен атап өтті. Осылайша, мекеме әртүрлі және инклюзивті академиялық ортаны құруға деген ұмтылысын көрсетуді жалғастыруда.

Айсұлу қазір Калифорния технологиялық институты жанындағы Кавли атындағы нано ғылымдар институтының докторантурасының қызметкері. Ол 2015 жылы NU-да химия инженериясы бойынша бакалавр дәрежесін, 2016 жылы MIT-те химия инженериясы бойынша магистр дәрежесін және 2021 жылы Стэнфорд университетінде химия инженериясы бойынша PhD дәрежесін алды.

NU Times Higher Education (THE) 2024 нұсқасы бойынша жас университеттердің әлемдік рейтингінде 106-орынды иеленіп, Қазақстандағы №1 ЖОО атанды! Рейтинг университтердің білім беру, зерттеулер жүргізу сапасын, халықаралық деңгейдегі әлеуетін, 50 жыл немесе одан ерте құрылған әлемдегі ең мықты университеттермен байланысын бағалайды. Тізімге беделді рейтинг агенттігінің критерийлеріне сай келген 673 жас зерттеу ЖОО-сы кірді.

Орталық Азияның үш стартапы әлемдегі ең инновациялық Стэнфорд университеті қауымдастықтың бір бөлігі болды. Олардың қатарында — беделді Stanford Accelerator StartX таңдауынан сәтті өткен NU түлектері Болат Сұлтанқұлов пен Дәукен Сейітқалидың стартапы Arlan Biotech.

NU, басқа жоғары оқу орындарын бірнеше жүз пунктке басып озып, қайтадан Орталық Азия мен Қазақстанның көшбасшысы болды. Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін университет тұңғыш рет THE рейтингі бойынша әлемдегі зерттеу университеттерінің ТОП 30%-ына кіріп, Орталық Азия мен Кавказда көшбасшы орынға ие болды.

30 сәуір мен 2 мамыр аралығында NU делегациясы екі ел арасындағы байланыстарды нығайту және ынтымақтастық құру үшін Өзбекстанның жетекші жоғары оқу орындары мен мектептеріне барды. Үш күн ішінде делегация Қазақстанның Өзбекстандағы елшілігінің, Өзбекстанның Жоғары білім және инновациялар министрлігінің өкілдерімен, сондай-ақ Өзбекстан ұлттық университеті, Әлемдік экономика және дипломатия университеті, Ташкент медициналық академиясы, New Uzbekistan University, OSUS университеті және басқа да оқу орындарының менеджментімен кездесті.

Серіктестіктің негізгі бағыттары NU қызметкерлері үшін стипендиялық бағдарламаларға (fellowships) өтініш беру мүмкіндігін ашу және 2025 жылы Advance HE аккредитациясын алу мақсатында жаңа білім беру бағдарламаларын әзірлеу болады. Университет Advance HE-мен 7 жылдан бері табысты жұмыс істеп келеді, оның ішінде «Professional Certificate of Academic Practice» бағдарламасын жүзеге асырып, зерттеушілердің дамуына қолдау көрсетуде.

Форум «Дәрі-дәрмек пен дербес медицинаны дамытуға жаңа көзқарас» тақырыбына арналып, денсаулық сақтау саласындағы озық жетістіктерді зерттеуге бағытталған практикалық семинарлар мен кездесулерді қамтыды. Форумға Азия елдерінің университеттері альянсына (AUA) мүше оқу орындарынан 30-дан астам студент қатысты, олардың қатарында NU-дың Жаратылыстану, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар мектебінен Ілияс Изнат, Диана Бекешова, Инженерлік және цифрлық ғылымдар мектебінен Әлтайыр Қосымбаев, Досбол Еран, сондай-ақ Медицина мектебінен Диана Найман бар.

Ынтымақтастық шеңберінде Назарбаев Университеті мен Коч университеті ғылыми, білім беру және әдістемелік материалдармен алмасуға ықпал ете отырып, студенттер мен қызметкерлермен алмасу бағдарламаларына қатысатын болады. Жыл сайын әр университеттің екі студенттері басқа мәдениет пен академиялық ортаға, сонымен қатар интеллектуалды зерттеулер әлеміне енудің, жарқын және өзара байланысты болашақты құрудың бірегей мүмкіндіктерін қолдану мақстаныда академиялық ұтқырлық бағдарламасы жүзеге асырылады.

Ли өңірдің аса маңызды экономикалық мәселелеріне, оның ішінде жастар арасындағы жұмыссыздықты төмендету үшін қажетті құрылымдық реформаларға, климаттың өзгеруіне қарсы күрес тәсілдеріне және Қазақстанның экономикалық перспективаларына қатысты сұрақтарға жауап берді. Сөз сөйлегеннен кейін Ли: «Мен университетке қатты таң қалдым.
© Nazarbayev University
Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 53