
Өзбекстанның мектеп оқушылары NU-да қонақ болды
Бұл сапар осы жылдың сәуір айында Өзбекстанның жетекші университеттері мен мектептеріне қазақстандық жоғары оқу орны басшылығының ресми сапары кезінде қол жеткізілген уағдаластық шеңберінде мүмкін болып отыр. Кампусқа орналастырылған қонақтар университет өмірін толығымен сезінуге мүмкіндік алды, онда қазір демалыс кезеңі екеніне қарамастан, зерттеу жұмыстары жалғасып жатыр.








