
НУ-да геномдық зерттеулер мен биоинформатика мәселелерің шешу үшін жаңа есептеуіш жүйе іске қосылды
Назарбаев Университетінің National Laboratory Astana орталығында Қазақстанда алғаш рет «үлкен геномдық деректер» және биоинформатика саласындағы мәселелерді шешуге арналған жоғары өнімді биоинформатикалық есептеу платформасы іске қосылды. Q-Symphony немесе «Qasaq symphony of bioinformatics» бар болуы, сондай-ақ құрылған және оңтайландырылған биоинформатикалық әдістер адамның ауқымды геномдық деректерін талдап, құрылымдық геномдық нұсқаларын анықтауға, кешенді салыстырмалы және популяциялық талдау жүргізуге мүмкіндік береді.








