
«Ыстық қайрат, нұрлы ақыл…» — Ш.Катсу түлектерді Абай насихаттаған «толық адам» болуға шақырды
2023 жылғы 10 маусымда Назарбаев Университетінде (NU) 9-шы салтанатты диплом тапсыру рәсімі өтті. Университеттің бас залына 2000-нан астам адам жиналды, олардың арасында студенттердің өздері, туған туыстары, құрметті профессор-оқытушылар құрамы, мемлекеттік органдардың өкілдері, ірі ұлттық компаниялардың басшылары және көптеген басқа да қонақтар жиналды.








