
NU-ға жаңадан 34 профессор мен 120 докторант қосылды
Биыл АҚШ, Қытай, Мысыр, Түркия, Бельгия, Португалия, Ұлыбритания және Қазақстан сынды 16 елден келген маман университетіміздің профессор-оқытушылар құрамына қосылып отыр. Олар компьютерлік ғылымдар, химия, экономика, геология, тарих, антропология, тілдер мен әдебиет, академиялық жазу және көшбасшылық сияқты пәндер бойынша білім беріп, зерттеу жұмыстарын жүргізеді.








