
NU-да Жоғары білім және ғылым форумы өтті
Форум жоғары білім және ғылым саласының қызметкерлерін, ЖОО және ҒЗИ өкілдерін, қоғамдық кеңес мүшелерін, жас ғалымдар мен студенттерді, шетелдік және отандық сарапшылардың басын қосты. Форумның пленарлық отырысын Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Әлихан Смайылов шараға қатысушыларға арналған құттықтау бейнеүндеуімен ашып, елдің экономикалық өсуіне жоғары білім мен ғылымды дамытудың маңыздылығын атап өтті.








