1 – қадам. Жеке кабинет ашу
Талапкер admissions.nu.edu.kz порталында «Тіркелу» батырмасын басып, тіркелу терезесінде қажетті ақпаратты ағылшын тілінде енгізуі қажет. «Академиялық дәреже» бөлімінде «Бакалавриат» бағдарламасын таңдау кажет.
Тіркелуді аяқтағаннан кейін талапкердің электрондық поштасына жіберілген авторизация сілтемесі арқылы тіркелуді растау қажет.Талапкер Жеке кабинетінде өтінім беру нұсқаулығымен міндетті түрде танысуы қажет.
Келесі санаттарға жататын талапкерлер өтінім бере алады:
- Орта білім беру ұйымдарының соңғы сынып оқушылары және техникалық және кәсіби, орта білімнен кейінгі ұйымдардың соңғы курс студенттері;
- Жоғарғы оқу орындарының білім алушылары;
- Орта, орта білімнен кейінгі және жоғары білімі бар адамдар.
2 – қадам. Өтінім нысанын толтыру
Талапкер Жеке кабинеттің «My Application Forms» бөлімінде Foundation and Undergraduate Programs сілтемесін ашуы қажет. Foundation and Undergraduate Application Form өтінім беру нысанын онлайн түрде толтырып, оған қоса онлайн нысанға сәйкес дербес деректерді өңдеуге келісімін беру қажет. Өтінім беру нысанының барлық сұрақтарына жауап бергеннен кейін жеке ақпаратты тексеріп, «Upload» батырмасын басуы қажет.
3 – қадам. Қажетті құжаттарды тапсыру
Өтінім беру нысанын толтырғаннан кейін Жеке кабинеттің «My Application Forms» бөлімінде келесі құжаттарды жүктеу қажет:
- Оқу орнынан берілетін анықтаманың (фотомен бірге) сканерленген көшірмесі (Жеке кабинетте 3 тілде ұсынылған үлгілердің біреуін таңдау қажет) немесе қосымшасы бар аттестат/дипломның сканерленген көшірмесі (бар болған жағдайда).
- Жеке куәліктің және/немесе паспорттың сканерленген көшірмесі. Egov немесе басқа порталдан/електрондық сервистерден алынған көшірме қарастырылмайды.
- Құжаттарға арналған 3*4 форматындағы фотоны жеке кабинеттің «Profile» бөліміне жүктеу.
- Соңғы аяқталған оқу жылындағы транскрипт немесе жалпы орта білім немесе колледж бітіргені туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттың қосымшасымен бірге сканерленген көшірмесі немесе оның халықаралық баламасы.
- Қажетті құжаттардың форматы Жеке кабинетте орналасқан.
4 – қадам. Тіркелу жарнасын төлеужәне өтінім беру
Өтінім беру процесін аяқтау үшін талапкер Жеке кабинеттегі «My Application Forms» бөліміндегі «PAY AND SUBMIT APPLICATION» түймесін басуы қажет. Тіркелу жарнасы Жеке кабинетте қолжетімді төлем опциялары арқылы онлайн режимінде төленеді. Тіркелу жарнасын төлеудің басқа әдістерін қолдану қабылданбайды.
Тіркелу жарнасы 10 000 теңгені құрайды. Тіркелу жарнасы өтінімдерді қабылдаудың бірінші ресми бекітілген мерзімге дейін соңғы екі апта ішінде және өтінімдерді қабылдауды ұзарту кезеңінде тіркелу жарнасы 3 есеге артады (30 000 тенге). Өтінім берудің нәтижесіне немесе төлем қателеріне қарамастан тіркелу жарнасы қайтарылмайды.
Банк картасы болмаған жағдайда, талапкер басқа адамның картасын пайдалана алады.
Тіркелу аяқталғаннан кейін өтінім беру нысанына өзгерістер енгізу және жүктелген құжаттарды ауыстыру мүмкін емес.
Студенттерді оқуға қабылдау офисінің қызметкерлері талапкердің өтінімі мен құжаттарын тексереді және қажет болған жағдайда, оның электрондық поштасына қандай құжаттарды және қай күнге дейін түзету керектігін хабарлайды.
Маңызды: Университет хабарламалары спам жәшігінде болуы мүмкін екендігін ескеріп, талапкер оны жиі тексеруі тиіс.
Толық емес және қате толтырылған (түзетілмеген) өтінімдер қарастырылмайды.
5 - қадам. IELTS/ TOEFL сертификатын ұсыну (тіркеу жарнасы төлеп, өтінім бергеннен кейін ғана)
Талапкер IELTS/TOEFL сертификатын тапсыру үшін келесі талаптарды орындауы қажет:
- IELTS/TOEFL жарамды сертификаттың ресми электрондық нұсқасы Тест әкімшісі арқылы тікелей Nazarbayev University-не жіберу;
- Сертификаттың сканерленген көшірмесін жүктеу және оның бірегей нөмірін(TRF) Жеке кабинеттің «Upload IELTS/TOEFL results» бөліміне енгізу.
Өтінім беру үшін сертификаттың кез-келген санын тапсыруға болады, алайда Жеке кабинетке белгіленгенмерзімге дейін соңғы болып жүктелген сертификат қана қарастырылады.
IELTS/TOEFL сертификаттары суперскорингсіз қарастырылады. Тест әкімшісі немесе Тест орталығы арқылы тест нәтижелерін тапсыру үшін кодтар туралы маңызды ақпарат төменде көрсетілген: :
- IELTS үшін код: NU, Admissions Office
- TOEFL iBT үшін код: 6762
Талапкер Жеке кабинетте IELTS/TOEFL сертификатын тапсыру бойынша толық Нұсқаулықты оқуы тиіс. .
- Тілдік тесттер нәтижелерінің ең төменгі талаптарымен «Оқуға қабылдау шарттары» бөлімінде танысуға болады.
- Тест орталығында емес, қашықтықтан тапсыруды ұсынатын тест нәтижелері, атап айтқанда, IELTS Online, TOEFL iBT Home Edition және TOEFL PDT нәтижелері қабылданбайды;
- Тапсырылатын сертификаттар тиісті оқу жылының басы, яғни 2027 жылдың 1 тамызына дейін жарамды болу керек.
- IELTS/TOEFL сертификаттарын ұсынудың соңғы мерзімі «Маңызды күндер» бөлімінде көрсетілген.
- IELTS/TOEFL сертификаттарының Nazarbayev University электрондық базасына енгізу Университет құзыретіне кірмейді. Талапкер Тест орталығына өзі хабарласып, кажетті сертификаттың жіберілгендігіне көз жеткізуі қажет. Бұл әрекет кем дегенде 7-10 жұмыс күнін алатынын ескертеміз. Егер сертификат Студенттерді оқуға қабылдау офисінің белгілеген мерзімінен кеш келсе, нәтижелер қарастырылмайды.
Келесі қадамдар
Жалпы қабылдау бойынша оқуға шақырту хатын алған талапкер оны қабылдай алады немесе қаржылық қолдауға өтінім бере алады. Жалпы қабылдау бойынша оқуға шақырту хатын қабылдау үшін талапкер оқуға қабылдауға келісім нысанын растап, Жеке кабинетте кепілдік жарнаны төлеу қажет. Талапкер оқуға шақырту хатын қабылдаған жағдайда, оның қаржылық қолдауға тапсырған өтінімі қарастырылмайды.
Қаржылық қолдауға өтінім беру туралы толық ақпарат «Қаржылық қолдау және гранттар» бөлімінде көрсетілген.
Барлық бағдарламар тізімі
Бағдарламаңызды табыңыз
NU-де сіз армандарыңызға қол жеткізіп, дағдыларыңызды дамытып, әлемдік деңгейдегі жоғары сапалы академиялық бағдарламаларымыз арқылы мақсаттарыңызды жүзеге асыра аласыз.

Жалпы қабылдау талаптары
Бұл жалпы қабылдау талаптары, қаржылай көмек пен гранттар негізінде оқуға түсу талаптары мына сілтемеде көрсетілген.
Бакалавриат бағдарламасына түсуге арналған талаптар
| Минималды талаптар | Ескерту | |
| Ағылшын тілі | IELTS — 6.0** (жазу -6.0, оқылым, тындалым, сөйлеу — 5.5)
немесе
ETS сайтында көрсетілген TOEFL iBT балама балы |
IELTS үшін код: NU, Admissions Office TOEFL iBT үшін код: 6762
|
| Академиялық нәтижелер
(келесі нәтижелердің бірі) | GPA — 5.0 тен 4.0 |
|
| ҰБТ ағылшын тілінде Жалпы балл: 85 Математикалық сауаттылық: 10-нан 8 Оқу сауаттылығы: 10-нан 8 |
| |
| Digital SAT: 1240 немесе ACT: 26 |
SAT — 7915 ACT — 5521 | |
| IB Diploma нәтижесі. Жалпы балл – 27, жоғары деңгейдегі үш пән бойынша: 4/4/4 |
| |
| A-level/NIS Grade 12 сертификатының нәтижелері: үш пән бойынша B, B, B | ||
| Ауысып келетін студенттер : CGPA 4.0 ден 2.0 |
|
- * IELTS бойынша жалпы балл – 5.5 (әр бөлім бойынша кемінде 5.5) шартты түрде оқуға қабылдау үшін қарастырылуы мүмкін. Жалпы қабылдауға ғана қатысты.
NU Foundation бағдарламасына түсуге арналған талаптар
NU-дың университет алдындағы дайындық бағдарламасы – бұл Дайындық мектебінің бір жылдық күндізгі бағдарламасы.
| Минималды талаптар | Ескерту | |
| Ағылшын тілі | IELTS — 5.5* (жазу, оқылым- 5.5, тындалым, сөйлеу — 5.0)
немесе
ETS сайтында көрсетілген TOEFL iBT балама балы |
IELTS үшін код: NU, Admissions Office TOEFL iBT үшін код: 6762
|
| Академиялық нәтижелер
(келесі нәтижелердің бірі) | GPA — 5.0 тен 3.5 |
|
| ҰБТ ағылшын тілінде Жалпы балл: 75 Математикалық сауаттылық: 10-нан 7 Оқу сауаттылығы: 10-нан 7 |
| |
| Digital SAT: 1140 немесе ACT: 24 |
SAT — 7915 ACT — 5521 |
- * IELTS бойынша жалпы балл – 5.0 (әр бөлім бойынша кемінде 5.0) шартты түрде оқуға қабылдау үшін қарастырылуы мүмкін. Жалпы қабылдауға ғана қатысты.
Қосымша талаптар:
- Ұсыналатын сертификаттар тиісті оқу жылының басы, яғни 2027 жылғы 1 тамызға дейін жарамды болу керек.
- IELTS/TOEFL сертификаттарын ұсынудың соңғы мерзімі “Маңызды күндер” бөлімінде көрсетілген.
Маңызды мерзімдер
NUFYP және бакалавриат бағдармаларына онлайн өтінімдерді беру мерзімдері:
NUFYP және бакалавриат бағдармаларына онлайн өтінім беру мерзімдері: жыл бойы
2026-27 оқу жылына өтінім беру (Mid-year intake ):
Өтінім беру мерзімі: 2026 жылдың 18 тамызы — 2026 жылдың 28 қарашасы ( Астана уақытымен 14:00-ге дейін)
2027-28 оқу жылына өтінім беру:
Қазақстан Республикасының азаматтары мен Қазақстанға келу кезінде визаны рәсімдеуге болатын елдерден келетін шетелдік азаматтар үшін: 2026 жылдың қазан айы — 2027 жылдың тамыз айы
Алдын ала визаны рәсімдеуді талап ететін елдерден келетін шетелдік азаматтар үшін: кешірек жарияланады
NUFYP және бакалавриат бағдармаларына IELTS/TOEFL тест нәтижелерді тапсыру соңғы мерзімі:
2026-27 оқу жылына (Mid-year intake):
IELTS/TOEFL және SAT/ACT — 28 қараша, 2026 ж. (Астана уақыты бойынша 23:59 дейін)
2027-28 оқу жылына: кешірек жарияланады
Сабира Байдилдина
Center for Preparatory Studies • Университет алдындағы дайындық және Бакалавриат бағдарламалары



Разида Кенес
School of Mining and Geosciences • Бакалавр. Мұнай және газ ісі, 2023



Оқу ақысы
Дайындық бағдарламасы
Дайындық бағдарламасының оқу ақысы 2026/2027 оқу жылына жергілікті және халықаралық студенттер үшін $12,000 құрайды.
Оқу ақысы туралы толығырақ білу үшін bursars_office@nu.edu.kz электрондық поштасы арқылы хабарласыңыз.
Қабылдауға ұсынылатын үздік халықаралық үміткерлер Абай Құнанбаев атындағы стипендияға қарастырылу мүмкіндігі бар.
Қаржылық көмек және грант талаптары туралы толығырақ білу үшін nu.edu.kz сайтына кіріңіз.
Бакалавриат бағдарламасы
Бакалавриат бағдарламаларының оқу ақысы 2026/2027 оқу жылына жергілікті және халықаралық студенттер үшін $15,000 құрайды.
Мейіргер ісі бакалавриат бағдарламасы үшін оқу ақысы бір оқу жылына 3 066 000 теңгені құрайды.
Оқу ақысы туралы толығырақ білу үшін bursars_office@nu.edu.kz электрондық поштасы арқылы хабарласыңыз.
Қабылдауға ұсынылатын үздік халықаралық үміткерлер Абай Құнанбаев атындағы стипендияға қарастырылу мүмкіндігі бар.
Қаржылық көмек және грант талаптары туралы толығырақ білу үшін nu.edu.kz сайтына кіріңіз.
Бұл Жалпы қабылдау, Қаржылық көмек пен стипендияға қойылатын талаптарды Көру үшін Қаржылай көмек және гранттар бетіне өтіңіз
Өмір сүру құны
Nazarbayev University-де білім алатын студенттің орташа айлық шығындары шамамен 400 АҚШ долларын құрайды. Бұл көрсеткіш студенттің өмір салтына, жеке қажеттіліктері мен шығын құрылымына байланысты өзгеруі мүмкін.
Шетелдік студенттерге жатақханадан орын берілуіне кепілдік беріледі.
Ай сайынғы шығындар шамамен (USD):
- Кампуста тамақтану — шамамен 300 USD
- Жатақханада тұру — шамамен 55 USD
- Көлік шығындары — шамамен 15 USD
- Кір жуу қызметтері — шамамен 8 USD
- Спорт орталығына мүшелік — шамамен 10 USD
- Қосымша медициналық сақтандыру — шамамен 5 USD
Аталған шығындар студенттің кампус инфрақұрылымын, тамақтану, медициналық және спорттық қызметтерді толық пайдалануына мүмкіндік береді және жайлы студенттік өмір сүру жағдайларын қамтиды. Нақты шығын көлемі жеке таңдау мен қажеттіліктерге байланысты өзгеруі мүмкін.
Басқа мүмкіндіктер
Жыл ортасында ақылы негізде оқуға түсу
Бакалавриат бағдарламасына Жыл ортасында оқуға қабылдау — бұл талапкерлерге көктемгі семестрге ақылы негізде оқуға қабылданудың қосымша қабылдау кезеңі.
Келесі талапкерлер оқуға түсу конкурсына қатыса алады:
- Жалпы орта мектепті бітірген талапкерлер
- Басқа ЖОО-ның ағымдағы студенттері
Талапкерлер бакалавриат бағдарламаларына қосымша қабылдау аясындағы конкурсқа ақылы негізде келесі санаттар бойынша қатыса алады:
- Full-tuition based талапкерлері
- NUET талапкерлері
- SAT/ACT талапкерлері
- IB Diploma иегерлері
- A-Level/NIS Grade 12 сертификатының иегерлері
- Халықаралық немесе республикалық пәндік олимпиадалардың жеңімпаздары
- Ауысып келетін студенттер.
“NUET талапкерлері” санатынан басқа, барлық санат бойынша оқуға қабылдау талаптары бакалавриатқа қойылатын талаптарға сәйкес келеді.
NUET талапкерлері үшін ағымдағы жылда тапсырылған NUET нәтижелері ғана қабылданады. NUET бойынша ең төменгі талап — 130 балл. Сонымен қатар, талапкер математика, сыни тұрғыдан ойлау және мәселелерді шешу дағдылары бөлімдерінің әрқайсысынан кемінде 60 балл жинау қажет.
Жыл ортасынан оқуға қабылдау аясында SAT және ACT сертификаттары жарамдылық мерзімі — екі жыл. Қабылданатын тестілеудің соңғы күндері:
- SAT: 2025 жылғы 6 желтоқсан;
- ACT: 2025 жылғы 13 ақпан.
Өтініш беру үшін admissions.nu.edu.kz сайтында жеке кабинет ашу қажет.
Маңызды: Бакалавриат бағдарламасына көктемгі семестрде ақылы негізде оқуға тапсырған және оқуға қабылдауға ұсынылған талапкерлер “Nazarbayev University” білім беру гранты және де басқа білім беру гранттарды тағайындау бойынша іріктеуге қатыспайды.
Өтініш тапсырудың соңғы күні:
- 28 қараша, 2026 ж. (Астана уақыты бойынша 14:00 дейін)
NU-ға тест нәтижелерін ұсынудың соңғы күні:
- IELTS/TOEFL & SAT/ACT — 28 қараша, 2026 ж. (Астана уақыты бойынша 23:59 дейін)
Тест нәтижелері міндетті түрде Nazarbayev University кодын (Institutional Code) пайдалана отырып, тест әкімшісі арқылы Университеттің атына жіберіледі:
- NU, Admissions Office — IELTS үшін
- 6762 – TOEFL үшін
- 7915 – SAT үшін
- 5521 – ACT үшін
Ауысып келетін студенттер (ақылы негізде)
«Ауысып келетін студенттер» санаты бойынша талапкерлер Назарбаев Университетінің бакалавриат бағдарламаларына тек ақылы негізде оқуға қарастырылады. Талапкерлер шетелдік немесе Қазақстандық университетте бакалавриат бағдарламасы бойынша кемінде бір семестрді аяқтаған болуы тиіс.
Өтінімдер университеттегі СGPA және IELTS/TOEFL нәтижелері негізінде қарастырылады. Тиісті Мектеп оқу курсын және академиялық кредиттерді аудару мүмкіндігін анықтайды.
Оқуға қабылдаудың ең төменгі талаптары:
- Ең төменгі CGPA: 4.0-ден 2.0*
- Ағылшын тілі бойынша талап**:
- IELTS: жалпы балл кемінде 6.0 (жазу — 6.0, оқылым — 5.5, тындалым — 5.5, сөйлеу- 5.5); немесе
- TOEFL: ETS сайтында көрсетілген эквиваленттік балл.
IELTS/TOEFL тест нәтижелерін өтінім берілгеннен кейін 3 апта ішінде тапсыру қажет.
* Тиісті Мектептің шешімі бойынша CGPA 2.0-ден төмен талапкерлер де оқуға қабылдау үшін қарастырылуы мүмкін.
**Егер талапкер оқыту тілі ағылшын тілі болып табылатын университетте кемінде бір семестр оқыған болса, IELTS/TOEFL нәтижелерін ұсыну талап етілмейді
Дәреже бермей оқыту
Дәреже бермей оқыту (ДБО) – білім алушыға дәреже алу ниетінсіз білім алуға мүмкіндік беретін білім беру опциясы.
Білім алушылар Университет белгілеген шарттарға сәйкес Университет студенттері үшін қолжетімді барлық жеңілдіктерге құқылы. Оқу жоспары таңдалған мамандыққа байланысты Бакалавриат бағдарламаларына толық сәйкес келеді. Дегенмен, оқыту тек ақылы негізде ұсынылады. Құны таңдаған курстардың кредиттер санына (ECTS) байланысты өзгереді.
Осы опция бойынша білім алушылар Университеттің ішкі құжаттарына сәйкес белгілі бір критерийлерге сай дәрежені алуға ниет білдірген білім алушылар санатына ауыса алады.
Талапкерлер ДБО конкурсына қатысу үшін Оқуға қабылдау қағидалары мен рәсімдеріне сәйкес өтінімдерді қабылдау кезеңінде бакалавриат бағдарламасына өтінім берулері қажет. Бұл ретте олардың нәтижелері бакалавриат бағдарламасына түсуге сәйкес келмегенімен, астында көрсетілген нәтижелерден төмен болмауы керек:
- IELTS нәтижелері жалпы 6.5 балл немесе баламалы TOEFL нәтижесі — жалпы балл 79 (секциялар бойынша ең төменгі талаптар жоқ);
Сондай-ақ санаттар бойынша:
- SAT/ACT талапкерлері: Digital SAT — 1150, ACT — 23;
- A-level/NIS Grade 12 Certificate иегерлері: кез келген пән бойынша BBB;
- International Baccalaureate (IB) Diploma иегерлері: жалпы балл — 27 және жоғары деңгейдегі үш пән бойынша 4, 4, 4;
- ҰБТ сертификаты — Математикалық сауаттылық: 9 — Оқу сауаттылығы: 9;
- NUET — 110 (40,40).
Хабарландырулар
Жиі қойылатын сұрақтар
NUFYP нені білдіреді?
NUFYP (Nazarbayev University Foundation Year Program) – Nazarbayev University-дің Дайындық мектебінің интенсивті 1 жылдық бағдарламасы. Бағдарлама Nazarbayev University-дің бакалавриат бағдарламасына дайындау үшін тұлғалық дамуға, оқу дағдыларын дамытуға, математика мен академиялық ағылшын тілін меңгеруге бағытталған. Осы бағдарлама бойынша білім алу мемлекеттік гранты аясында немесе басқа да гранттар есебінен және ақылы негізде болуы мүмкін. Бітірушілер Университет алдындағы дайындық бағдарламасын аяқтау нәтижесінде Nazarbayev University-дің бакалавриат бағдарламаларына қабылданады.
NUFYP бағдарламасына 10 сынып оқушысы оқуға түсе ала ма?
Жоқ, оқуға түсе алмайды. NUFYP бағдарламасына оқуға түсу конкурсына тек орта білім беру/орта білімнен кейінгі ұйымдардың соңғы сынып/курс білім алушылары мен түлектері ғана қатыса алады. Басқаша айтқанда, NUFYP бағдарламасына оқуға түсу конкурсына қатысу үшін бітіруші (соңғы) сынып/курс оқушысы немесе мектеп немесе орта білімнен кейінгі білім беру ұйымының түлегі болуы керек. Растама ретінде талапкерлер мектептен анықтама немесе мектеп аттестатын ұсынады.
Nazarbayev University-дің NUFYP бағдарламасында және орта мектепте қатар оқуға бола ма?
Бұл мүмкін емес. NUFYP бағдарламасының тыңдаушысы NU-ға оқуға қабылдану кезінде және білім алу барысында орта білім беру ұйымының/орта білімнен кейінгі ұйымның түлегі болуы керек. NUFYP бағдарламасы күндізгі оқу нысаны бойынша оқытылады.
Nazarbayev University-де оқу қай тілде жүргізіледі?
Nazarbayev University-де оқу ағылшын тілінде жүргізіледі.
NUFYP бағдарламасына оқуға түсу міндетті ме?
Мектепті/колледжді бітіргеннен кейін NUFYP бағдарламасына түсу міндетті емес. Талапкерлер бакалавриат бағдарламаларына тікелей оқуға түсе алады.












