1 – қадам. Жеке кабинет ашу
Admissions.nu.edu.kz порталында «Тіркелу» батырмасын басып, тіркелу терезесінде қажетті ақпаратты ағылшын тілінде енгізіңіз. «Академиялық дәреже» бөлімінде «Магистратура» бағдарламасын таңдау кажет.
Тіркелуді аяқтағаннан кейін Сіздің электрондық поштаңызға жіберілген авторизация сілтемесі арқылы тіркелуді растаңыз.
Жеке кабинетіңізде өтінім беру Нұсқаулығымен міндетті түрде танысып өтіңіз.
2 – қадам. Өтінім беру нысанын толтыру және қажетті құжаттарды жүктеу
1. Жеке кабинеттің «My Application Forms» бөлімінде Step 1 сілтемесін ашыңыз. Дербес деректерді өңдеу келісімді қамтитын Өтінім беру нысанын (Application Form) толтырыңыз. Сауалнаманың барлық сұрақтарына жауап бергеннен кейін жеке ақпаратты тексеріп, «Upload» батырмасын басыңыз.
2. Сауалнама нысанын толтырғаннан кейін, Step 2 бөлімінде қажетті құжаттарды жүктеу қажет. Қажетті құжаттардың форматы Жеке кабинетте көрсетілген.
3. Жеке кабинеттің «Profile» бөліміне құжаттарға арналған 3*4 форматындағы суретті жүктеңіз.
Назар аударыңыз, егер Сіз тек толық ақылы оқу негізінде қарастырылғыңыз келсе, Өтінім беру нысынында «Иә» дегенді таңдаңыз. Бұл жағдайда Сіз ешқандай Гранттарға үміткер бола алмайсыз.
- Afterwards, in the same section of your Personal account, proceed to Step 2 and upload the required documents. The format of the required documents is specified in the Personal account.
- Upload a photo (3×4) for documents to the «Profile» section in your Personal account.
3 – қадам. Тіркелу жарнасын төлеу және өтініш беруді аяқтау
Өтінім беру процесін аяқтау үшін Жеке кабинетіңіздегі «My Application Forms» бөліміндегі «PAY AND SUBMIT APPLICATION» түймесін басыңыз. Тіркелу жарнасы Жеке кабинетте қолжетімді төлем опциялары арқылы онлайн режимінде төленеді. Тіркелу жарнасын төлеудің басқа әдістерін қолдану қабылданбайды.
Үміткерлер Назарбаев Университетінің 2-ден артық магистратура / докторантура бағдарламаларына өтініш бере алмайды. Екі бағдарламаға қабылданған жағдайда үміткер тек бір бағдарламаны таңдауы тиіс.
Тіркелу жарнасы 15 000 теңгені құрайды. Тіркелу жарнасы өтінімдерді қабылдаудың бірінші бекітілген мерзімге дейін соңғы екі апта ішінде және өтінімдерді қабылдауды ұзарту кезеңінде төленген жағдайда төленетін сомадан 3 есе артады (ерекшелік — Жоғары бизнес мектебі). Өтінім берудің нәтижесіне немесе төлем қателеріне қарамастан, тіркелу жарнасы қайтарылмайды.
Өтінім беруді аяқтағаннан кейін үміткер 2-қадамда сипатталған әрекеттерге өзгерістер енгізе алмайды.
4 – қадам. IELTS / TOEFL / GRE / GMAT нәтижелерін ұсыну
Үміткерлер IELTS/TOEFL/GRE/GMAT сертификатын тапсыру үшін келесі талаптарды орындау қажет:
- IELTS/TOEFL/GRE/GMAT жарамды сертификаттың электрондық нәтижесін Тест әкімшісі арқылы тікелей Назарбаев Университетіне жіберу;
- IELTS/TOEFL сертификаттың сканерленген көшірмесін жүктеу және оның деректерін Жеке кабинеттің «Upload IELTS/TOEFL results» бөліміне енгізу қажет. Конкурсқа қатысу үшін сертификаттың кез-келген санын тапсыруға болады, бірақ іріктеуде Жеке кабинетке соңғы болып жүктелген сертификат қарастырылады.
- Қажетті құжаттарды жүктеп салу кезеңінде GRE/GMAT сертификаттың сканерленген көшірмесін (бар болса немесе бағдарламамен талап етілсе) «My Application Forms» (Step 2) бөлімінде жүктеу.
Тест әкімшісі арқылы тест нәтижелерін тапсыру үшін кодтар туралы маңызды ақпаратқа назар аударыңыз:
IELTS үшін код: NU, Admissions Department
TOEFL iBT үшін код: 6762
GRE үшін код: 6496
GMAT үшін код: H6m-R7-93
IELTS/TOEFL/GRE/GMAT нәтижелердің Назарбаев Университетінің электрондық базасына енгізу Университет құзыретіне кірмейді. Үміткер Тест әкімшісіне (Тест орталығына) өзі хабарласып, кажетті сертификаттың жіберілгендігіне көз жеткізуі қажет. Бұл әрекет кем дегенде 7-10 жұмыс күнін алатынын ескертеміз. Егер сертификат Студенттерді оқуға қабылдау департаменті белгілеген мерзімінен кеш келсе, нәтижелер конкурста қарастырылмайды.
Ұсынылған сертификаттардың нәтижелері өтінімді тапсырған уақытқа дейін аяқталмаса, жарамды болып саналады.
IELTS/TOEFL сертификатын ұсыну бойынша толық нұсқаулық үміткерлердің Жеке кабинетінде қолжетімді. IELTS Online, TOEFL iBT Home Edition и TOEFL PDT нәтижелері байқауда қарастырылмайды.
Yміткерлер Қабылдау комиссиясының шешімімен құжаттамамен расталған мынадай жағдайлардың бірінде ағылшын тілі бойынша тестілеу нәтижелерін ұсынудан босатылуы мүмкін:
- ағылшын тілі ресми түрде қарым-қатынас және оқыту тілі болып табылатын елде академиялық дәрежені алған жағдайда;
- ағылшын тілінде оқытылатын бағдарламалар бойынша оқыту қорытындысы бойынша бакалавр/магистр дәрежесін алған жағдайда;
- үміткер Назарбаев Университетінің түлегі болып табылса.
Келесі қадамдар
Сіз өтінім бергеннен кейін, сіздің ұсынушыларыңыздың электрондық пошталарына жіберілген электрондық нысанға сәйкес Назарбаев Университетіне ұсыным хаттарды ұсыну туралы автоматты хабарлама жіберіледі. Ұсыным хаттарды ұсыну бойынша толық нұсқаулық Жеке кабинетте қолжетімді.
Сіздің өтініміңіздің статусы туралы білу үшін Жеке кабинетіңізден қараңыз және Назарбаев Университетінің хабарламаларын электрондық поштаңыздан тексеріңіз. Кейбір жағдайларда Университет хабарламалары спам жәшігінде болуы мүмкін екендігін есте сақтаңыз.
Сұхбатқа шақырылған жағдайда Қабылдау комиссиясымен сұхбаттан өтіңіз. Сұхбат ағылшын тілінде өтеді.
Барлық бағдарламалар тізімі
Бағдарламаңызды табыңыз
NU-де сіз армандарыңызға қол жеткізіп, дағдыларыңызды дамытып, әлемдік деңгейдегі жоғары сапалы академиялық бағдарламаларымыз арқылы мақсаттарыңызды жүзеге асыра аласыз.

Қабылдау талаптары
Бұл жалпы қабылдау талаптары, қаржылай көмек пен гранттар негізінде оқуға түсу талаптары мына сілтемеде көрсетілген.
Инженерлік және цифрлық ғылымдар мектебі - NU SEDS

Магистратура бағдарламалары
Бағдарламаға қатысу үшін үміткерлерге мына талаптар қойылады:
| 1 | Негізгі жоғары білімі (бакалавр немесе оған балама дәреже) | CGPA (қорытынды орташа білім көрсеткіші) кем дегенде 4.0-ден 2.5; Онлайн тіркелу кезеңінде соңғы курс студенттері Қабылдау комиссиясының қарастырылуына ағымдағы транскриптті ұсына алады. |
| 2 | Ағылшын тілін меңгеру деңгейі | 1. Academic IELTS – жалпы балл 6.0 (оқылым 5.5, тыңдалым 5.5, айтылым 5.5, жазылым 6.0) немесе ETS сайтында көрсетілген TOEFL балама балы (Home Edition-нан басқа); 2. Бағдарламаға түсетін үміткерлер Қабылдау комиссиясының шешімімен мынадай жағдайлардың бірінде ағылшын тілі бойынша тестілеу нәтижелерін ұсынудан босатылуы мүмкін: – ағылшын тілі ресми түрде қарым-қатынас, оқыту және күнделікті тұрмыстық тіл болып табылатын елде академиялық дәрежені алған жағдайда; – ағылшын тілінде оқытылатын бағдарламалар бойынша оқыту қорытындысы бойынша бакалавр / магистр дәрежесін алған жағдайда. |
| 3 | GRE/GMAT тестінде көрсетілген жоғары оқу, аналитикалық және математикалық дағдылар (міндетті емес)* | Ресми GRE/GMAT нәтижелері міндетті талап болмаса да*, үміткер өзінің өтінімін GRE/GMAT бәсекеге қабілетті баллымен жақсарта алады. |
| 4 | Негіздеме хаты | Негіздеме хатында көрсетілген жоғары мотивация және бағдарламаға байланысты қызығушылық (тек Инженерлік менеджмент магистрі бағдарламасы үшін). |
| 5 | Ұсыным хаттары | Екі құпия ұсыным-хат (тек Инженерлік менеджмент магистрі бағдарламасы үшін). Ұсыным хаттарын ұсыну жөніндегі нұсқаулықпен мына сілтеме арқылы таныса аласыз. |
*Инженерлік менеджмент бағдарламасына үміткерлерлер міндетті түрде ALEKS тест тапсырады. GRE немесе GMAT тестілерінің нәтижелері болса, үміткерлерлерге ALEKS тест тапсыру міндетті емес.
Толық ақпарат
Жаратылыстану, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар мектебі - NU SSH

Магистратура бағдарламалары
Бағдарламаға қатысу үшін үміткерлерге мына талаптар қойылады:

| 1 | Негізгі жоғары білімі (бакалавр немесе оған балама дәреже) | CGPA (қорытынды орташа білім көрсеткіші) кем дегенде 4.0-ден 2.5; Онлайн тіркелу кезеңінде соңғы курс студенттері Қабылдау комиссиясының қарастырылуына ағымдағы транскриптті ұсына алады. |
| 2 | Ағылшын тілін меңгеру деңгейі | 1. Academic IELTS – жалпы балл 6.0 (оқылым 5.5, тыңдалым 5.5, айтылым 5.5, жазылым 6.0) немесе ETS сайтында көрсетілген TOEFL балама балы (Home Edition-нан басқа); 2. Бағдарламаға түсетін үміткерлер Қабылдау комиссиясының шешімімен мынадай жағдайлардың бірінде ағылшын тілі бойынша тестілеу нәтижелерін ұсынудан босатылуы мүмкін: – ағылшын тілі ресми түрде қарым-қатынас, оқыту және күнделікті тұрмыстық тіл болып табылатын елде академиялық дәрежені алған жағдайда; – ағылшын тілінде оқытылатын бағдарламалар бойынша оқыту қорытындысы бойынша бакалавр / магистр дәрежесін алған жағдайда. |
| 3 | GRE тестінде көрсетілген жоғары оқу, аналитикалық және математикалық дағдылар (міндетті емес) | Ресми GRE нәтижелері міндетті талап болмаса да, үміткер өзінің өтінімін GRE бәсекеге қабілетті баллымен жақсарта алады. |
| 4 | Негіздеме хаты | Негіздеме хат/эссе және сауалнамада берiлген эссе сұрақтарына жауап ретiнде жазылған эссе (Саясаттану және халықаралық қатынастар саласындағы гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар магистрі және Еуразиялық зерттеулер саласындағы гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар магистрі бағдарламаларына ғана арналған). |
| 5 | Ұсыным-хаттар | Екі құпия ұсыным-хат (тек Саясаттану және халықаралық қатынастар саласындағы гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар магистрі бағдарламасына арналған). Ұсыным хаттарын ұсыну жөніндегі нұсқаулықпен мына сілтеме арқылы таныса аласыз. Үш құпия ұсыным-хат (тек Еуразиялық зерттеулер саласындағы гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар магистрі бағдарламасына арналған). Ұсыным хаттарын ұсыну жөніндегі нұсқаулықпен мына сілтеме арқылы таныса аласыз. |
Толық ақпарат
Медицина мектебі - NUSOM

Магистратура бағдарламалары

| 1 | Тиісті саладағы бакалавр дәрежесі (немесе баламасы); Магистр дәрежесі (бар болғанда) | Өтінімдерді беру кезеңі ішінде соңғы оқу жылының студенттері ағымдағы ресми транскрипттерді ұсына алады. Оқуға қабылдауға ұсынылған үміткерлер Бағдарламаға қабылдау мерзімі аяқталғанға дейін түпкілікті транскрипт пен дипломды ұсынулары тиіс. Университеттің түлектері кейіннен бір айдың ішінде дипломды ұсына отырып, дәреже берілгенін растайтын транскрипттің негізінде бағдарламаға қабылданады.
|
| 2 | Ағылшын тілін меңгеру деңгейі | Бағдарламаға қабылдау үшін ағылшын тілі бойынша тестілеудің қорытындыларына қойылатын ең төменгі талаптар мынадай:
-бағдарлама ресми түрде ағылшын тілінде оқытылған жоғары оқу орнында бакалавр немесе магистр дәрежесін алған жағдайда; -егер үміткер Назарбаев Университетінің түлегі болса. |
| 3 | GRE тестінде көрсетілген жоғары оқу, аналитикалық және математикалық дағдылар (міндетті емес) | жазудың көрнекті дағдылары, GRE немесе GMAT тестісіне сәйкес талдамалық және математикалық дағдылар (міндетті емесе). GRE/GMAT ресми балы міндетті талап емес екендігіне қарамастан, үміткер GRE/GMAT жоғары балының көмегімен өз өтінімінің деңгейін жоғарылата алады; |
| 4 | Негіздеме хаты | негіздеме хатта Бағдарламаға қызығушылық пен уәждеменің жоғары деңгейін көрсетуі; |
| 5 | Ұсыным-хаты | екі құпия ұсыным хат; |
| 6 | Тек фармакология және токсикология саласындағы магистратура және Спорттық медицина және оңалту саласындағы магистратура бағдарламаларына ғана: | Жұмыс тәжірибесін растау, оның ішінде биологиялық және/немесе медициналық зерттеулерді жүзеге асыру бойынша волонтерлық жұмыс (бар болғанда). Бұл міндетті емес талап болса да, үміткер өзінің өтінім нысанын осындай растау құжаттарымен күшейте алады. |
«Медицина докторы» бағдарламасы
| 1 | Тиісті саладағы бакалавр дәрежесі (немесе баламасы); Магистр дәрежесі (бар болғанда) |
|
| 2 | Ағылшын тілін меңгеру деңгейі |
- ағылшын тілінде оқытылатын бағдарламалар бойынша білім алу қорытындысы бойынша бакалавр немесе магистр дәрежесін алғанда; - егер үміткер Назарбаев Университеттің түлегі болып табылса, ағылшын тілі бойынша тестілеу нәтижелерін ұсынудан босатылуы мүмкін.. |
| 3 | МСАТ тестілеу нәтижесі | Сұхбатқа шақырылу үшін МСАТ тестілеу нәтижесінің жалпы балы кемінде 489 болуы тиіс. |
| 4 | Негіздеме хаты және эссе | негіздеме хатта Бағдарламаға қызығушылық пен уәждеменің жоғары деңгейін көрсетуі; Үміткер Мектепке қандай үлес қосатындығы жайлы эссе (500 сөзге дейiн). |
| 5 | Ұсыным-хаты | Соңғы 12 айдың ішінде жазылған екіден бастап (минимум) төртке дейінгі (максимум) ұсыным хаттар. Оның ішінде екі хат ғылыми кафедралардың ОПҚ-дан болуы тиіс. |
Толық ақпарат
Тау-кен және Жер туралы ғылымдар мектебі - NU SMG

Магистратура

| 1 | Негізгі жоғары білімі (бакалавр немесе оған балама дәреже) | Ең төменгі CGPA 4.00-ден кемінде 2.5; Онлайн тіркелу кезеңінде соңғы курс студенттері Қабылдау комиссиясының қарастырылуына ағымдағы транскриптті ұсына алады. |
| 2 | Ағылшын тілін меңгеру деңгейі | Ағылшын тілін меңгерудің еркін деңгейі. Бағдарламаға түсу үшін ағылшын тілінің тестілеу нәтижелері бойынша ең төменгі талаптары: 1. Academic IELTS – жалпы балл 6.0 (оқылым 5.5, тыңдалым 5.5, айтылым 5.5, жазылым 6.0) немесе ETS сайтында көрсетілген TOEFL балама балы (Home edition-нан басқа); 2. Бағдарламаға түсетін үміткерлер Қабылдау комиссиясының шешімімен мынадай жағдайлардың бірінде ағылшын тілі бойынша тестілеу нәтижелерін ұсынудан босатылуы мүмкін: – ағылшын тілі ресми түрде қарым-қатынас, оқыту және күнделікті тұрмыстық тіл болып табылатын елде академиялық дәрежені алған жағдайда; – ағылшын тілінде оқытылатын бағдарламалар бойынша оқыту қорытындысы бойынша бакалавр / магистр дәрежесін алған жағдайда; – үміткер Назарбаев Университетінің түлегі болып табылса, ағылшын тілі бойынша тестілеу нәтижелерін ұсынудан босатылуы мүмкін. |
| 3 | Талдау және математикалық қабілеттіліктері* | Ресми GRE нәтижелері міндетті талап болмаса да, үміткер өзінің өтінімін GRE бәсекеге қабілетті баллымен жақсарта алады. |
Толық ақпарат
Жоғары бизнес мектебі - NU GSB

Магистратура

Қаржы жөніндегі ғылым магистрі
| 1 | Негізгі жоғары білімі (бакалавр немесе оған балама дәреже) | Онлайн тіркелу кезеңінде соңғы курс студенттері Қабылдау комиссиясының қарастырылуына ағымдағы транскриптті ұсына алады. CGPA (қорытынды орташа білім көрсеткіші) кем дегенде 4.0-ден 2.5. |
| 2 | Ағылшын тілін меңгеру деңгейі | Ағылшын тілін меңгерудің еркін деңгейі. Бағдарламаға түсу үшін ағылшын тілі тестілеу нәтижелеріне қойылатын ең төменгі талаптар:
Бағдарламаға түсетін үміткерлер төмендегі жағдайлардың бірінде тест нәтижелерін ұсынудан босатылуы мүмкін:
|
| 3 | ALEKS/GRE/GMAT | *НУ STEM бағдарламалары (CGPA ≥ 3.0/4.0) немесе топ-200 университеттері бойынша үміткерлер тест тапсырмай-ақ өтініш бере алады. |
| 4 | Негіздеме хаты | Жоғары мотивация және бағдарламаға қызығушылық жеке эсседе көрсетілуі тиіс. |
| 5 | Ұсыным-хаттар | Екі құпия ұсыным-хат. Ұсыным хаттарын ұсыну нұсқаулығы сілтеме арқылы көрсетіледі. |
Іскери әкімшілендіру
| 1 | Негізгі жоғары білімі | Онлайн тіркелу кезеңінде соңғы курс студенттері ағымдағы транскриптті ұсына алады. CGPA кем дегенде 4.0-ден 2.5. |
| 2 | Ағылшын тілі деңгейі | Бағдарламаға түсу үшін ең төменгі талаптар:
– ағылшын тілі ресми елде дәреже алған; – ағылшын тіліндегі бағдарлама бойынша бакалавр/магистр; – НУ түлегі. |
| 3 | Жалпы жұмыс өтілі | Кемінде 3 жыл. 3 жылдан аз үміткерлер комиссия шешімімен қатысуы мүмкін. |
| 4 | ALEKS/GRE/GMAT | Көрсету қалауыңыз бойынша. |
| 5 | Негіздеме хаты | Жоғары мотивация болуы қажет. |
| 6 | Ұсыным-хаттар | Екі құпия ұсыным-хат. |
Басшыларға арналған іскери әкімшілендіру
| 1 | Жоғары білім | Бакалавр және/немесе магистр дәрежесі болуы тиіс. |
| 2 | Ағылшын тілі |
– ресми ағылшынтілді елде дәреже; – ағылшын тіліндегі бакалавр/магистр; – НУ түлегі. |
| 3 | Жұмыс өтілі | Кем дегенде 5 жыл және басшы лауазымы. Үздік үміткерлер комиссия шешімімен қабылдануы мүмкін. |
| 4 | Негіздеме хаты | Жеке эсседе мотивация көрсетілуі тиіс. |
| 5 | Ұсыным-хаттар | Екі құпия ұсыным-хат. |
Толық ақпарат
Жоғары мемлекеттік саясат мектебі - NU GSPP

Магистратура бағдарламалары

| 1 | Негізгі жоғары білімі (бакалавр немесе оған балама дәреже) | Негізгі жоғары білімі (бакалавр немесе оған балама дәреже). Онлайн тіркелу кезеңінде соңғы курс студенттері Қабылдау комиссиясының қарастырылуына ағымдағы транскриптті ұсына алады. |
| 2 | Ағылшын тілін меңгеру деңгейі | – Academic IELTS – жалпы балл 6.0 (оқылым 5.5, тыңдалым 5.5, айтылым 5.5, жазылым 6.0) немесе ETS сайтында көрсетілген TOEFL балама балы (Home edition-нан басқа); Бағдарламаға түсетін үміткерлер Қабылдау комиссиясының шешімімен мынадай жағдайлардың бірінде ағылшын тілі бойынша тестілеу нәтижелерін ұсынудан босатылуы мүмкін: – ағылшын тілі ресми түрде қарым-қатынас, оқыту және күнделікті тұрмыстық тіл болып табылатын елде академиялық дәрежені алған жағдайда; – ағылшын тілінде оқытылатын бағдарламалар бойынша оқыту қорытындысы бойынша бакалавр/магистр дәрежесін алған жағдайда; – үміткер Назарбаев Университетінің түлегі болып табылса, ағылшын тілі бойынша тестілеу нәтижелерін ұсынудан босатылуы мүмкін. |
| 3 | Талдау және математикалық қабілеттіліктері | GRE/GMAT тестінің нәтижелері арқылы көрсету (қалауыңыз бойынша); |
| 4 | Жоғары академиялық жазу дағдылары | Жазбаша эсселерде көрсетілген жоғары академиялық жазу дағдылары (Мемлекеттік басқару саласындағы магистрі (онлайн) бағдарламасынан басқа) |
| 5 | Мемлекеттік саясат магистратура бағдарламасына қойылған жұмыс өтілі | 2 жылдық жұмыс өтілі. Қабылдау комиссиясының қалауы бойынша 2 жылдан аз жұмыс тәжірибесі бар үміткерлер де, егер үміткердің CGPA 4.0-ден кемінде 2.5 немесе оның баламасы болса, қарастырылуы мүмкін |
| 6 | Мемлекеттік басқару / Мемлекеттік басқару (Онлайн) магистратура бағдарламаларына қойылған жұмыс өтілі | 3 жылдық жұмыс өтілі. Қабылдау комиссиясының қалауы бойынша 3 жылдан аз жұмыс тәжірибесі бар үміткерлер де, егер үміткердің CGPA 4.0-ден кемінде 2.5 немесе оның баламасы болса, қарастырылуы мүмкін. |
Толық ақпарат
Жоғары білім беру мектебі - NU GSE

Магистратура бағдарламалары

| 1 | Негізгі жоғары білімі (бакалавр немесе оған балама дәреже | CGPA (қорытынды орташа білім көрсеткіші) кем дегенде 4.0-ден 2.5; Онлайн тіркелу кезеңінде соңғы курс студенттері Қабылдау комиссиясының қарастырылуына ағымдағы транскриптті ұсына алады. |
| 2 | Ағылшын тілін меңгеру деңгейі | Academic IELTS – жалпы балл 6.0 (оқылым 5.5, тыңдалым 5.5, айтылым 5.5, жазылым 6.0) немесе ETS сайтында көрсетілген TOEFL (Home Edition-нан басқа) балама балы; Бағдарламаға түсетін үміткерлер Қабылдау комиссиясының шешімімен мынадай жағдайлардың бірінде ағылшын тілі бойынша тестілеу нәтижелерін ұсынудан босатылуы мүмкін: – ағылшын тілі ресми түрде қарым-қатынас, оқыту және күнделікті тұрмыстық тіл болып табылатын елде академиялық дәрежені алған жағдайда; – ағылшын тілінде оқытылатын бағдарламалар бойынша оқыту қорытындысы бойынша бакалавр / магистр дәрежесін алған жағдайда; – үміткер Назарбаев Университетінің түлегі болып табылса, ағылшын тілі бойынша тестілеу нәтижелерін ұсынудан босатылуы мүмкін. |
| 3 | Жалпы жұмыс өтілі | 1 жыл жұмыс өтілі. 1 жылдан кем жұмыс өтілі бар үміткерлер Қабылдау комиссиясының шешімімен конкурстық іріктеуге қатысуы мүмкін. |
| 4 | Талдау және математикалық қабілеттіліктері | Талдау және математикалық қабілеттіліктерін GRE тестінің нәтижелері арқылы көрсетуі (міндетті емес); |
| 5 | Негіздеме хаты | Негіздеме хатында көрсетілген жоғары мотивация және бағдарламаға байланысты қызығушылық; |
| 6 | Letters of recommendation | Соңғы 12 ай ішінде жазылған екі құпия ұсыным хат (электрондық немесе қағаз түрінде рецензент ұсынуға тиіс). Ұсыным хаттарын ұсыну жөніндегі нұсқаулықпен мына сілтеме арқылы таныса аласыз; |
Толық ақпарат
Маңызды мерзімдер
Магистратура бағдарламаларына онлайн өтінімдерді қабылдау мерзімдері:
Толық оқу ақысын төлеу санаты үшін:
Келуге дейін виза талап етілетін елдердің азаматтары үшін: өтінім беру мерзімі 2026 жылғы 1 маусым сағат 14:00-ге дейін (Астана уақытымен)
Барлық қалған үміткерлер үшін (жергілікті және шетел): 2026 жылғы 24 шілде сағат 14:00-ге дейін (Астана уақытымен)
«Қолданбалы жасанды интеллект және деректер ғылымы саласындағы магистр» бағдарламасы бойынша сыртқы қаржыландыруға өтінімдер (болған жағдайда): 2026 жылғы 14 мамыр сағат 14:00-ге дейін (Астана уақытымен)
«Мейірбике ісі саласындағы ғылым магистрі» бағдарламасына онлайн өтінім беру мерзімі: 2026 жылғы 19 маусым
Қаржы саласындағы ғылым магистрі және Іскерлік әкімшілендіру магистрі
Ерте тіркелу: 2025 жылғы 31 қазан – 2026 жылғы 13 ақпан, 14:00 (Астана уақыты бойынша) барлық үміткерлер үшін.
Стандартты тіркелу: 2026 жылғы 13 ақпан, 14:01 (Астана уақыты бойынша) – 2026 жылғы 5 мамыр, 14:00 (Астана уақыты бойынша) барлық үміткерлер үшін.
Кеш тіркелу:
Алдын ала визаны талап ететін шетел үміткерлері үшін: 2026 жылғы 5 мамыр, 14:01 (Астана уақыты бойынша) – 2026 жылғы 1 маусым, 14:00 (Астана уақыты бойынша)
Барлық қалған үміткерлер үшін (жергілікті және шетел): 2026 жылғы 5 мамыр, 14:01 (Астана уақыты бойынша) – 2026 жылғы 15 шілде, 14:00 (Астана уақыты бойынша)
IELTS/TOEFL, GRE/GMAT сертификаттарын тапсырудың соңғы мерзімі:
Толық оқу ақысын төлеу санаты үшін:
Келуге дейін виза талап етілетін елдердің азаматтары үшін: 2026 жылғы 1 маусым
Барлық қалған үміткерлер үшін (жергілікті және шетел): 2026 жылғы 24 шілде
Қаржы саласындағы ғылым магистрі және Іскерлік әкімшілендіру магистрі
Ерте тіркелу: 2026 жылғы 24 ақпанға дейін
Стандартты тіркелу: 2026 жылғы 19 мамырға дейін
Кеш тіркелу:
Алдын ала визаны талап ететін шетел үміткерлері үшін: 2026 жылғы 1 маусымға дейін
Барлық қалған үміткерлер үшін (жергілікті және шетел): 2026 жылғы 15 шілдеге дейін
Ислам Салиханов
School of Medicine • Қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы магистратура



Хосе Вильеро-Мандон, Колумбия
School of Mining and Geosciences • Магистр. Мұнай-газ ісі



Алмасадам Саткалиев
Graduate School of Business • Басшыларға арналған MBA бағдарламасы



Наргиза Чориева, Өзбекстан
Graduate School of Public Policy • Мемлекеттік саясат саласындағы магистратура, 2018 жылдың түлегі



Ди Ванг, Қытай
School of Sciences and Humanities • Еуразиялық зерттеулер саласының магистрі, 2018 жылдың түлегі



Оқу ақысы
Магистратура бағдарламаларының оқу ақысы (жергілікті және халықаралық студенттер үшін) мына ресми веб-парақшада қолжетімді.
Оқу ақысына қатысты қосымша ақпарат алу үшін бізге bursars_office@nu.edu.kz электрондық поштасы арқылы хабарласыңыз.
Қабылдауға ұсынылатын үздік халықаралық үміткерлер Абай Құнанбаев атындағы стипендияға қарастырылу мүмкіндігі бар.
*Жоғары бизнес мектебіндегі (GSB) оқу ақысы туралы ақпарат алу үшін GSB веб-сайтына кіріңіз: gsb.nu.edu.kz.
**Жоғары мемлекеттік саясат мектебіндегі (GSPP) оқу ақысы туралы ақпарат алу үшін GSPP веб-сайтына кіріңіз: gspp.nu.edu.kz.
Хабарландырулар
Жиі қойылатын сұрақтар
NUFYP нені білдіреді?
NUFYP (Nazarbayev University Foundation Year Program) – Назарбаев Университет Дайындық мектебінің интенсивті 1 жылдық бағдарламасы. . Бағдарлама Назарбаев Университетінің бакалавриат бағдарламасына дайындау үшін тұлғалық дамуға, оқу дағдыларын дамытуға, математика мен академиялық ағылшын тілін меңгеруге бағытталған. Осы бағдарлама бойынша білім алу мемлекеттік гранты аясында немесе басқа да гранттар есебінен және ақылы негізде болуы мүмкін. Бітірушілер Университет алдындағы дайындық бағдарламасын аяқтау нәтижесінде Назарбаев Университетінің бакалавриат бағдарламаларына қабылданады.
NUFYP бағдарламасына 10 сынып оқушысы оқуға түсе ала ма?
Жоқ, оқуға түсе алмайды. NUFYP бағдарламасына оқуға түсу конкурсына тек орта білім беру/орта білімнен кейінгі ұйымдардың соңғы сынып/курс білім алушылары мен түлектері ғана қатыса алады. Басқаша айтқанда, NUFYP бағдарламасына оқуға түсу конкурсына қатысу үшін бітіруші (соңғы) сынып/курс оқушысы немесе мектеп немесе орта білімнен кейінгі білім беру ұйымының түлегі болуы керек. Растама ретінде талапкерлер мектептен анықтама немесе мектеп аттестатын ұсынады.
Назарбаев Университетінің NUFYP бағдарламасында және орта мектепте қатар оқуға бола ма?
Бұл мүмкін емес. NUFYP бағдарламасының тыңдаушысы НУ-ға оқуға қабылдану кезінде және білім алу барысында орта білім беру ұйымының/орта білімнен кейінгі ұйымның түлегі болуы керек. NUFYP бағдарламасы күндізгі оқу нысаны бойынша оқытылады.
Назарбаев Университетінде оқу қай тілде жүргізіледі?
Назарбаев Университетінде оқу ағылшын тілінде жүргізіледі.
NUFYP бағдарламасына оқуға түсу міндетті ме?
Мектепті/колледжді бітіргеннен кейін NUFYP бағдарламасына түсу міндетті емес. Талапкерлер бакалавриат бағдарламаларына тікелей оқуға түсе алады.




