1 – қадам. Жеке кабинет ашу
Admissions.nu.edu.kz порталында «Тіркелу» батырмасын басып, тіркелу терезесінде қажетті ақпаратты ағылшын тілінде енгізіңіз. «Академиялық дәреже» бөлімінде «Магистратура» бағдарламасын таңдау кажет.
Тіркелуді аяқтағаннан кейін Сіздің электрондық поштаңызға жіберілген авторизация сілтемесі арқылы тіркелуді растаңыз.
Жеке кабинетіңізде өтінім беру Нұсқаулығымен міндетті түрде танысып өтіңіз.
2 – қадам. Өтінім беру нысанын толтыру және қажетті құжаттарды жүктеу
1. Жеке кабинеттің «My Application Forms» бөлімінде Step 1 сілтемесін ашыңыз. Дербес деректерді өңдеу келісімді қамтитын Өтінім беру нысанын (Application Form) толтырыңыз. Сауалнаманың барлық сұрақтарына жауап бергеннен кейін жеке ақпаратты тексеріп, «Upload» батырмасын басыңыз.
2. Сауалнама нысанын толтырғаннан кейін, Step 2 бөлімінде қажетті құжаттарды жүктеу қажет. Қажетті құжаттардың форматы Жеке кабинетте көрсетілген.
3. Жеке кабинеттің «Profile» бөліміне құжаттарға арналған 3*4 форматындағы суретті жүктеңіз.
Назар аударыңыз, егер Сіз тек толық ақылы оқу негізінде қарастырылғыңыз келсе, Өтінім беру нысынында «Иә» дегенді таңдаңыз. Бұл жағдайда Сіз ешқандай Гранттарға үміткер бола алмайсыз.
- Afterwards, in the same section of your Personal account, proceed to Step 2 and upload the required documents. The format of the required documents is specified in the Personal account.
- Upload a photo (3×4) for documents to the «Profile» section in your Personal account.
3 – қадам. Тіркелу жарнасын төлеу және өтініш беруді аяқтау
Өтінім беру процесін аяқтау үшін Жеке кабинетіңіздегі «My Application Forms» бөліміндегі «PAY AND SUBMIT APPLICATION» түймесін басыңыз. Тіркелу жарнасы Жеке кабинетте қолжетімді төлем опциялары арқылы онлайн режимінде төленеді. Тіркелу жарнасын төлеудің басқа әдістерін қолдану қабылданбайды.
Үміткерлер Назарбаев Университетінің 2-ден артық магистратура / докторантура бағдарламаларына өтініш бере алмайды. Екі бағдарламаға қабылданған жағдайда үміткер тек бір бағдарламаны таңдауы тиіс.
Тіркелу жарнасы 15 000 теңгені құрайды. Тіркелу жарнасы өтінімдерді қабылдаудың бірінші бекітілген мерзімге дейін соңғы екі апта ішінде және өтінімдерді қабылдауды ұзарту кезеңінде төленген жағдайда төленетін сомадан 3 есе артады (ерекшелік — Жоғары бизнес мектебі). Өтінім берудің нәтижесіне немесе төлем қателеріне қарамастан, тіркелу жарнасы қайтарылмайды.
Өтінім беруді аяқтағаннан кейін үміткер 2-қадамда сипатталған әрекеттерге өзгерістер енгізе алмайды.
4 – қадам. IELTS / TOEFL / GRE / GMAT нәтижелерін ұсыну
Үміткерлер IELTS/TOEFL/GRE/GMAT сертификатын тапсыру үшін келесі талаптарды орындау қажет:
- IELTS/TOEFL/GRE/GMAT жарамды сертификаттың электрондық нәтижесін Тест әкімшісі арқылы тікелей Назарбаев Университетіне жіберу;
- IELTS/TOEFL сертификаттың сканерленген көшірмесін жүктеу және оның деректерін Жеке кабинеттің «Upload IELTS/TOEFL results» бөліміне енгізу қажет. Конкурсқа қатысу үшін сертификаттың кез-келген санын тапсыруға болады, бірақ іріктеуде Жеке кабинетке соңғы болып жүктелген сертификат қарастырылады.
- Қажетті құжаттарды жүктеп салу кезеңінде GRE/GMAT сертификаттың сканерленген көшірмесін (бар болса немесе бағдарламамен талап етілсе) «My Application Forms» (Step 2) бөлімінде жүктеу.
Тест әкімшісі арқылы тест нәтижелерін тапсыру үшін кодтар туралы маңызды ақпаратқа назар аударыңыз:
IELTS үшін код: NU, Admissions Department
TOEFL iBT үшін код: 6762
GRE үшін код: 6496
GMAT үшін код: H6m-R7-93
IELTS/TOEFL/GRE/GMAT нәтижелердің Назарбаев Университетінің электрондық базасына енгізу Университет құзыретіне кірмейді. Үміткер Тест әкімшісіне (Тест орталығына) өзі хабарласып, кажетті сертификаттың жіберілгендігіне көз жеткізуі қажет. Бұл әрекет кем дегенде 7-10 жұмыс күнін алатынын ескертеміз. Егер сертификат Студенттерді оқуға қабылдау департаменті белгілеген мерзімінен кеш келсе, нәтижелер конкурста қарастырылмайды.
Ұсынылған сертификаттардың нәтижелері өтінімді тапсырған уақытқа дейін аяқталмаса, жарамды болып саналады.
IELTS/TOEFL сертификатын ұсыну бойынша толық нұсқаулық үміткерлердің Жеке кабинетінде қолжетімді. IELTS Online, TOEFL iBT Home Edition и TOEFL PDT нәтижелері байқауда қарастырылмайды.
Yміткерлер Қабылдау комиссиясының шешімімен құжаттамамен расталған мынадай жағдайлардың бірінде ағылшын тілі бойынша тестілеу нәтижелерін ұсынудан босатылуы мүмкін:
- ағылшын тілі ресми түрде қарым-қатынас және оқыту тілі болып табылатын елде академиялық дәрежені алған жағдайда;
- ағылшын тілінде оқытылатын бағдарламалар бойынша оқыту қорытындысы бойынша бакалавр/магистр дәрежесін алған жағдайда;
- үміткер Назарбаев Университетінің түлегі болып табылса.
Келесі қадамдар
Сіз өтінім бергеннен кейін, сіздің ұсынушыларыңыздың электрондық пошталарына жіберілген электрондық нысанға сәйкес Назарбаев Университетіне ұсыным хаттарды ұсыну туралы автоматты хабарлама жіберіледі. Ұсыным хаттарды ұсыну бойынша толық нұсқаулық Жеке кабинетте қолжетімді.
Сіздің өтініміңіздің статусы туралы білу үшін Жеке кабинетіңізден қараңыз және Назарбаев Университетінің хабарламаларын электрондық поштаңыздан тексеріңіз. Кейбір жағдайларда Университет хабарламалары спам жәшігінде болуы мүмкін екендігін есте сақтаңыз.
Сұхбатқа шақырылған жағдайда Қабылдау комиссиясымен сұхбаттан өтіңіз. Сұхбат ағылшын тілінде өтеді.
Барлық бағдарламалар тізімі
Бағдарламаңызды табыңыз
NU-де сіз армандарыңызға қол жеткізіп, дағдыларыңызды дамытып, әлемдік деңгейдегі жоғары сапалы академиялық бағдарламаларымыз арқылы мақсаттарыңызды жүзеге асыра аласыз.

Қабылдау талаптары
Инженерлік және цифрлық ғылымдар мектебі - NU SEDS

Магистратура бағдарламалары
Бағдарламаға қатысу үшін үміткерлерге мына талаптар қойылады:
| 1 | Негізгі жоғары білімі (бакалавр немесе оған балама дәреже) | Онлайн тіркелу кезеңінде соңғы курс студенттері Қабылдау комиссиясының қарастырылуына ағымдағы транскриптті ұсына алады. CGPA (қорытынды орташа білім көрсеткіші) кем дегенде 4.0-ден 2.5; |
| 2 | Ағылшын тілін меңгеру деңгейі | Ағылшын тілін меңгерудің еркін деңгейі. Бағдарламаға түсу үшін ағылшын тілінің тестілеу нәтижелері бойынша ең төменгі талаптары: 1. Academic IELTS – жалпы балл 6.0 (оқылым 5.5, тыңдалым 5.5, айтылым 5.5, жазылым 6.0) немесе ETS сайтында көрсетілген TOEFL балама балы (Home Edition-нан басқа); 2. Бағдарламаға түсетін үміткерлер Қабылдау комиссиясының шешімімен мынадай жағдайлардың бірінде ағылшын тілі бойынша тестілеу нәтижелерін ұсынудан босатылуы мүмкін: – ағылшын тілі ресми түрде қарым-қатынас, оқыту және күнделікті тұрмыстық тіл болып табылатын елде академиялық дәрежені алған жағдайда; – ағылшын тілінде оқытылатын бағдарламалар бойынша оқыту қорытындысы бойынша бакалавр / магистр дәрежесін алған жағдайда. |
| 3 | Талдау және математикалық қабілеттіліктері | *Инженерлік менеджмент бағдарламасына үміткерлерлер міндетті түрде ALEKS тест тапсырады. GRE немесе GMAT тестілерінің нәтижелері болса, үміткерлерлерге ALEKS тест тапсыру міндетті емес. |
| 4 | Негіздеме хаты | Негіздеме хатында көрсетілген жоғары мотивация және бағдарламаға байланысты қызығушылық (тек Инженерлік менеджмент магистрі бағдарламасы үшін). |
Жаратылыстану, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар мектебі - NU SSH

Магистратура бағдарламалары

Бағдарламаға қатысу үшін үміткерлерге мына талаптар қойылады:
| 1 | Негізгі жоғары білімі (бакалавр немесе оған балама дәреже) | Онлайн тіркелу кезеңінде соңғы курс студенттері Қабылдау комиссиясының қарастырылуына ағымдағы транскриптті ұсына алады. CGPA (қорытынды орташа білім көрсеткіші) кем дегенде 4.0-ден 2.5; |
| 2 | Ағылшын тілін меңгеру деңгейі | Ағылшын тілін меңгерудің еркін деңгейі. Бағдарламаға түсу үшін ағылшын тілінің тестілеу нәтижелері бойынша ең төменгі талаптары: 1. Academic IELTS – жалпы балл 6.0 (оқылым 5.5, тыңдалым 5.5, айтылым 5.5, жазылым 6.0) немесе ETS сайтында көрсетілген TOEFL балама балы (Home Edition-нан басқа); 2. Бағдарламаға түсетін үміткерлер Қабылдау комиссиясының шешімімен мынадай жағдайлардың бірінде ағылшын тілі бойынша тестілеу нәтижелерін ұсынудан босатылуы мүмкін: – ағылшын тілі ресми түрде қарым-қатынас, оқыту және күнделікті тұрмыстық тіл болып табылатын елде академиялық дәрежені алған жағдайда; – ағылшын тілінде оқытылатын бағдарламалар бойынша оқыту қорытындысы бойынша бакалавр / магистр дәрежесін алған жағдайда. |
| 3 | Талдау және математикалық қабілеттіліктері | Талдау және математикалық қабілеттіліктерін GRE/GMAT тестінің нәтижелері арқылы көрсетуі (міндетті емес)* |
| 4 | Негіздеме хаты | Негіздеме хатында көрсетілген жоғары мотивация және бағдарламаға байланысты қызығушылық (Саясаттану және халықаралық қатынастар саласындағы гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар магистрі және Еуразиялық зерттеулер саласындағы гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар магистрі бағдарламаларына ғана арналған). |
Толық ақпарат
Медицина мектебі - NUSOM

Магистратура бағдарламалары

Қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы магистратура, Молекулалық медицина саласындағы магистратура, Фармакология және токсикология саласындағы магистратура, Спорттық медицина және оңалту саласындағы магистратура
Талаптар:
Молекулалық медицина саласындағы магистратура, қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы магистратура мен фармакология және токсикология саласындағы магистратура, Спорттық медицина және оңалту саласындағы магистратура бағдарламаларына оқуға түсетін үміткерлерде:
| 1 | Тиісті саладағы бакалавр дәрежесі (немесе баламасы); Магистр дәрежесі (бар болғанда) |
|
| 2 | Талдау және математикалық қабілеттіліктері | жазудың көрнекті дағдылары, GRE немесе GMAT тестісіне сәйкес талдамалық және математикалық дағдылар (опциялық). GRE/GMAT ресми балы міндетті талап емес екендігіне қарамастан, үміткер GRE/GMAT жоғары балының көмегімен өз өтінімінің деңгейін жоғарылата алады; |
| 3 | Ағылшын тілін меңгеру деңгейі | Бағдарламаға қабылдау үшін ағылшын тілі бойынша тестілеудің қорытындыларына қойылатын ең төменгі талаптар мынадай:
|
| 4 | Негіздеме хаты | Бағдарламаға қызығушылық пен уәждеменің жоғары деңгейін көрсетуі |
| 5 | Ұсыным-хаты | екі құпия ұсыным хат |
| 6 | Тек фармакология және токсикология саласындағы магистратура және Спорттық медицина және оңалту саласындағы магистратура бағдарламаларына ғана: | Жұмыс тәжірибесін растау, оның ішінде биологиялық және/немесе медициналық зерттеулерді жүзеге асыру бойынша волонтерлық жұмыс (бар болғанда). Бұл міндетті емес талап болса да, үміткер өзінің өтінім нысанын осындай растау құжаттарымен күшейте алады. |
Толық ақпарат
Тау-кен және Жер туралы ғылымдар мектебі - NU SMG

Магистратура бағдарламалары

| 1 | Негізгі жоғары білімі (бакалавр немесе оған балама дәреже) | Ең төменгі CGPA 4.00-ден кемінде 2.5; Онлайн тіркелу кезеңінде соңғы курс студенттері Қабылдау комиссиясының қарастырылуына ағымдағы транскриптті ұсына алады. |
| 2 | Ағылшын тілін меңгеру деңгейі | Ағылшын тілін меңгерудің еркін деңгейі. Бағдарламаға түсу үшін ағылшын тілінің тестілеу нәтижелері бойынша ең төменгі талаптары: 1. Academic IELTS – жалпы балл 6.0 (оқылым 5.5, тыңдалым 5.5, айтылым 5.5, жазылым 6.0) немесе ETS сайтында көрсетілген TOEFL балама балы (Home edition-нан басқа); 2. Бағдарламаға түсетін үміткерлер Қабылдау комиссиясының шешімімен мынадай жағдайлардың бірінде ағылшын тілі бойынша тестілеу нәтижелерін ұсынудан босатылуы мүмкін: – ағылшын тілі ресми түрде қарым-қатынас, оқыту және күнделікті тұрмыстық тіл болып табылатын елде академиялық дәрежені алған жағдайда; – ағылшын тілінде оқытылатын бағдарламалар бойынша оқыту қорытындысы бойынша бакалавр / магистр дәрежесін алған жағдайда; – үміткер Назарбаев Университетінің түлегі болып табылса, ағылшын тілі бойынша тестілеу нәтижелерін ұсынудан босатылуы мүмкін. |
| 3 | Талдау және математикалық қабілеттіліктері* | Талдау және математикалық қабілеттіліктерін GRE тестінің нәтижелері арқылы көрсетуі (міндетті емес). |
Толық ақпарат
Жоғары бизнес мектебі - NU GSB

Магистратура бағдарламалары

Барлық бағдарламалар үшін жалпы ақпарат
Бағдарламаға түсетін үміткерлер Қабылдау комиссиясының шешімімен мынадай жағдайлардың бірінде ағылшын тілі бойынша тестілеу нәтижелерін ұсынудан босатылуы мүмкін:
— ағылшын тілі ресми түрде қарым-қатынас, оқыту және күнделікті тұрмыстық тіл болып табылатын елде академиялық дәрежені алған жағдайда;
— ағылшын тілінде оқытылатын бағдарламалар бойынша оқыту қорытындысы бойынша бакалавр / магистр дәрежесін алған жағдайда;
— үміткер Назарбаев Университетінің түлегі болып табылса, ағылшын тілі бойынша тестілеу нәтижелерін ұсынудан босатылуы мүмкін.
Жеке эсседе көрсетілген жоғары мотивация және бағдарламаға байланысты қызығушылық болуы қажет.
Қаржы
| 1 | Негізгі жоғары білімі (бакалавр немесе оған балама дәреже) | Онлайн тіркелу кезеңінде соңғы курс студенттері Қабылдау комиссиясының қарастырылуына ағымдағы транскриптті ұсына алады. CGPA (қорытынды орташа білім көрсеткіші) кем дегенде 4.0-ден 2.5. |
| 2 | Ағылшын тілін меңгеру деңгейі | Бағдарламаға түсу үшін ағылшын тілі тестілеу нәтижелеріне қойылатын ең төменгі талаптар: |
| 3 | ALEKS/GRE/GMAT тестімен көрсетілген күшті оқу дағдылары, аналитикалық және математикалық дағдылар | *Назарбаев Университетінің STEM бағдарламалары бойынша CGPA 3,0 немесе 4,0 CGPA-дан көп немесе Назарбаев Университетінің экономика бағдарламасы бойынша немесе топ-200 рейтингтік университеттерден үміткерлер ALEKS/GRE/GMAT тесттерін тапсырмай-ақ өтініш бере алады. |
| 4 | Жалпы жұмыс өтілі | Болған жағдайда |
Іскери әкімшілендіру
| 1 | Негізгі жоғары білімі | Онлайн тіркелу кезеңінде соңғы курс студенттері ағымдағы транскриптті ұсына алады. Ең төменгі CGPA 4.00-ден кемінде 2.5; |
| 2 | Ағылшын тілі деңгейі | Бағдарламаға түсу үшін ең төменгі талаптар: Academic IELTS – жалпы балл 6.0 (оқылым 5.5, тыңдалым 5.5, айтылым 5.5, жазылым 6.0) немесе ETS сайтында көрсетілген TOEFL балама балы (Home edition-нан басқа); |
| 3 | Жалпы жұмыс өтілі | Жалпы жұмыс өтілі 3 жылдан кем емес болуы тиіс. 3 жылдан кем жұмыс өтілі бар үміткерлер Қабылдау комиссиясының шешімімен конкурстық іріктеуге қатысуы мүмкін. |
| 4 | Талдау және математикалық қабілеттіліктері | Талдау және математикалық қабілеттіліктерін ALEKS/GRE/GMAT тестінің нәтижелері арқылы көрсетуі (қалауыңыз бойынша) |
| 5 | Негіздеме хаты | Жоғары мотивация болуы қажет. |
| 6 | Ұсыным-хаттар | Екі құпия ұсыным-хат. |
Толық ақпарат
Жоғары мемлекеттік саясат мектебі - NU GSPP

Магистратура бағдарламалары

| 1 | Негізгі жоғары білімі (бакалавр немесе оған балама дәреже) | Онлайн тіркелу кезеңінде соңғы курс студенттері Қабылдау комиссиясының қарастырылуына ағымдағы транскриптті ұсына алады. |
| 2 | Ағылшын тілін меңгеру деңгейі | Бағдарламаға түсу үшін ағылшын тілінің тестілеу нәтижелері бойынша ең төменгі талаптары: – Academic IELTS – жалпы балл 6.0 (оқылым 5.5, тыңдалым 5.5, айтылым 5.5, жазылым 6.0) немесе ETS сайтында көрсетілген TOEFL балама балы (Home edition-нан басқа); Бағдарламаға түсетін үміткерлер Қабылдау комиссиясының шешімімен мынадай жағдайлардың бірінде ағылшын тілі бойынша тестілеу нәтижелерін ұсынудан босатылуы мүмкін: – ағылшын тілі ресми түрде қарым-қатынас, оқыту және күнделікті тұрмыстық тіл болып табылатын елде академиялық дәрежені алған жағдайда; – ағылшын тілінде оқытылатын бағдарламалар бойынша оқыту қорытындысы бойынша бакалавр/магистр дәрежесін алған жағдайда; – үміткер Назарбаев Университетінің түлегі болып табылса, ағылшын тілі бойынша тестілеу нәтижелерін ұсынудан босатылуы мүмкін. |
| 3 | Жоғары академиялық жазу дағдылары | Жазбаша эсселерде көрсетілген жоғары академиялық жазу дағдылары (Мемлекеттік басқару саласындағы магистрі (онлайн) бағдарламасынан басқа) |
| 4 | Мемлекеттік саясат магистратура бағдарламасына қойылған жұмыс өтілі | 2 жылдық жұмыс өтілі. Қабылдау комиссиясының қалауы бойынша 2 жылдан аз жұмыс тәжірибесі бар үміткерлер де, егер үміткердің CGPA 4.0-ден кемінде 2.5 немесе оның баламасы болса, қарастырылуы мүмкін |
| 5 | Мемлекеттік басқару / Мемлекеттік басқару (Онлайн) магистратура бағдарламаларына қойылған жұмыс өтілі | 3 жылдық жұмыс өтілі. Қабылдау комиссиясының қалауы бойынша 3 жылдан аз жұмыс тәжірибесі бар үміткерлер де, егер үміткердің CGPA 4.0-ден кемінде 2.5 немесе оның баламасы болса, қарастырылуы мүмкін. |
Толық ақпарат
Жоғары білім беру мектебі - NU GSE

Магистратура бағдарламалары

| 1 | Негізгі жоғары білімі (бакалавр немесе оған балама дәреже | CGPA (қорытынды орташа білім көрсеткіші) кем дегенде 4.0-ден 2.5; Онлайн тіркелу кезеңінде соңғы курс студенттері Қабылдау комиссиясының қарастырылуына ағымдағы транскриптті ұсына алады. |
| 2 | Ағылшын тілін меңгеру деңгейі | Бағдарламаға түсу үшін ағылшын тілінің тестілеу нәтижелері бойынша ең төменгі талаптары: Academic IELTS – жалпы балл 6.0 (оқылым 5.5, тыңдалым 5.5, айтылым 5.5, жазылым 6.0) немесе ETS сайтында көрсетілген TOEFL (Home Edition-нан басқа) балама балы; Бағдарламаға түсетін үміткерлер Қабылдау комиссиясының шешімімен мынадай жағдайлардың бірінде ағылшын тілі бойынша тестілеу нәтижелерін ұсынудан босатылуы мүмкін: – ағылшын тілі ресми түрде қарым-қатынас, оқыту және күнделікті тұрмыстық тіл болып табылатын елде академиялық дәрежені алған жағдайда; – ағылшын тілінде оқытылатын бағдарламалар бойынша оқыту қорытындысы бойынша бакалавр / магистр дәрежесін алған жағдайда; – үміткер Назарбаев Университетінің түлегі болып табылса, ағылшын тілі бойынша тестілеу нәтижелерін ұсынудан босатылуы мүмкін. |
| 3 | Жалпы жұмыс өтілі | 1 жыл жұмыс өтілі. 1 жылдан кем жұмыс өтілі бар үміткерлер Қабылдау комиссиясының шешімімен конкурстық іріктеуге қатысуы мүмкін. |
| 4 | Талдау және математикалық қабілеттіліктері | Талдау және математикалық қабілеттіліктерін GRE тестінің нәтижелері арқылы көрсетуі (міндетті емес); |
| 5 | Негіздеме хаты | Негіздеме хатында көрсетілген жоғары мотивация және бағдарламаға байланысты қызығушылық; |
Толық ақпарат
Ислам Салиханов
School of Medicine • Қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы магистратура



Хосе Вильеро-Мандон, Колумбия
School of Mining and Geosciences • Магистр. Мұнай-газ ісі



Алмасадам Саткалиев
Graduate School of Business • Басшыларға арналған MBA бағдарламасы



Наргиза Чориева, Өзбекстан
Graduate School of Public Policy • Мемлекеттік саясат саласындағы магистратура, 2018 жылдың түлегі



Ди Ванг, Қытай
School of Sciences and Humanities • Еуразиялық зерттеулер саласының магистрі, 2018 жылдың түлегі



Маңызды күндер
2026-2027 академиялық жылғы конкурсқа қатысатын үміткерлер үшін маңызды күндер
Магистратура бағдарламаларына онлайн өтінімдерді қабылдау мерзімдері:
Қазақстан Республикасының азаматтары үшін және Шетел азаматтары үшін: өтінім беру мерзімі 2026 жылғы 13 ақпан сағат 14:00-ге дейін (Астана уақытымен)
Толық оқу ақысын төлеу санаты үшін:
Келуге дейін виза талап етілетін елдердің азаматтары үшін: өтінім беру мерзімі 2026 жылғы 1 маусым сағат 14:00-ге дейін (Астана уақытымен)
Барлық қалған үміткерлер үшін (жергілікті және шетел): 2026 жылғы 24 шілде сағат 14:00-ге дейін (Астана уақытымен)
IELTS/TOEFL, GRE/GMAT сертификаттарын тапсырудың соңғы мерзімі:
Барлық грант түрлері: 2026 жылғы 24 ақпан
Толық оқу ақысын төлеу санаты үшін:
Келуге дейін виза талап етілетін елдердің азаматтары үшін: 2026 жылғы 1 маусым
Барлық қалған үміткерлер үшін (жергілікті және шетел): 2026 жылғы 24 шілде
Хабарландырулар
Сұрақ-жауап
NUFYP нені білдіреді?
NUFYP (Nazarbayev University Foundation Year Program) – Назарбаев Университет Дайындық мектебінің интенсивті 1 жылдық бағдарламасы. . Бағдарлама Назарбаев Университетінің бакалавриат бағдарламасына дайындау үшін тұлғалық дамуға, оқу дағдыларын дамытуға, математика мен академиялық ағылшын тілін меңгеруге бағытталған. Осы бағдарлама бойынша білім алу мемлекеттік гранты аясында немесе басқа да гранттар есебінен және ақылы негізде болуы мүмкін. Бітірушілер Университет алдындағы дайындық бағдарламасын аяқтау нәтижесінде Назарбаев Университетінің бакалавриат бағдарламаларына қабылданады.
NUFYP бағдарламасына 10 сынып оқушысы оқуға түсе ала ма?
Жоқ, оқуға түсе алмайды. NUFYP бағдарламасына оқуға түсу конкурсына тек орта білім беру/орта білімнен кейінгі ұйымдардың соңғы сынып/курс білім алушылары мен түлектері ғана қатыса алады. Басқаша айтқанда, NUFYP бағдарламасына оқуға түсу конкурсына қатысу үшін бітіруші (соңғы) сынып/курс оқушысы немесе мектеп немесе орта білімнен кейінгі білім беру ұйымының түлегі болуы керек. Растама ретінде талапкерлер мектептен анықтама немесе мектеп аттестатын ұсынады.
Назарбаев Университетінің NUFYP бағдарламасында және орта мектепте қатар оқуға бола ма?
Бұл мүмкін емес. NUFYP бағдарламасының тыңдаушысы НУ-ға оқуға қабылдану кезінде және білім алу барысында орта білім беру ұйымының/орта білімнен кейінгі ұйымның түлегі болуы керек. NUFYP бағдарламасы күндізгі оқу нысаны бойынша оқытылады.
Назарбаев Университетінде оқу қай тілде жүргізіледі?
Назарбаев Университетінде оқу ағылшын тілінде жүргізіледі.
NUFYP бағдарламасына оқуға түсу міндетті ме?
Мектепті/колледжді бітіргеннен кейін NUFYP бағдарламасына түсу міндетті емес. Талапкерлер бакалавриат бағдарламаларына тікелей оқуға түсе алады.




