Мектептер

Назарбаев Университетінің Жоғары бизнес мектебі – іскери көшбасшылар үшін құрылған перспективалық академиялық мекеме. Мектеп әлемнің ең қарқынды дамып келе жатқан аймақтарының бірінде бизнесті басқару саласындағы білім берудің жаңа тәсілдерін ұсынады. Біздің бағдарламалар бизнес-басқару саласында жоғары сапалы білім алуға, өзінің іскери байланысын кеңейтуге және алған білім мен дағдыларын өз қызметінде барынша қолдануға мүмкіндік береді. Жоғары бизнес мектебі тұралы толық мәліметті мектеп веб-сайтында көруіңізді сұраймыз.

Жоғары білім беру мектебі Қазақстан Республикасы мен Орталық Азиядағы білім реформасына баса назар аудара отырып, білім беру саласында оқыту мен зерттеуге арналған әлемдік орталыққа айналуды көздейді. Бiз оқу мәселесi бойынша мектепке дейінгі кезеңнен университет деңгейіне дейінгі алдынғы қатарлы зерттеулердi iске асыруда қолдау көрсетуге ұмтыламыз. Жоғары білім беру мектебі тұралы толық мәліметті мектеп веб-сайтында көруіңізді сұраймыз.

Инженерия және цифрлық ғылымдар мектебінің мақсаты Назарбаев Университетінің Қазақстанда ғана емес, сондай-ақ бүкіл Орталық Азиядағы, инженерлерді оқытудағы жетекші ұйым болмақ. Мектеп жақсы ғалымдар, өнертапқыштар, менеджерлер мен мамандарды дайындауды мақсат етеді, сондықтан біздің түлектер химия, электротехника, машина жасау және құрылыс саласындағы жан-жақты кәсіби практикасы бар және нарық сұранысына дайын болады.Инженерия мектебі инженерлерді оқытудың тұтас және толық тәсілдерін ұсыну арқылы Қазақстандағы өнеркәсіп секторының жетекші мамандарын дайындайды.

Инженерия мектебі тұралы толық мәліметті мектеп веб-сайтында көруіңізді сұраймыз.

Жаратылыстану, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар мектебі (ЖӘГҒМ) Назарбаев Университетінің ең ірі мектептерінің бірі болып саналады. Мектептің пайымы мен миссиясы білім, ғылым, әлеуметтік жауапкершілік және тартымдылық негізін қалайтын құндылықтар жүйесіне негізделеді. Назарбаев Университетінің Жаратылыстану, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар мектебінің бағдарламалары әлеуметтік, гуманитарлық және жаратылыстану ғылымдары саласында әлеуметтік дамудың барлық мәселелерінде жан-жақты білімі бар көшбасшылар дайындауға бағытталған. Мектеп студенттерді қай мамандықты таңдағанына қарамастан өмір мен мансапта бетпе-бет келетін зияткерлік міндеттерді шешуге үйретеді.

Жаратылыстану, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар мектебі туралы толық мәліметті мектеп веб-сайтында ала аласыз.

 

Назарбаев Университеті Медицина Мектебінің (НУММ) мақсаты ғылыми қаруланған, білікті және адамның тіршілік жағдайларын жақсартуға, медицина ғылымын іргелі түсінуді ілгерілетуге жұмылған және Қазақстанда медицина мен медицина ғылымын дамытуға елеулі үлес қосуға дайын дәрігерлер даярлау болып табылады. Медицина Мектебі тұралы толық мәліметті мектеп веб-сайтында көруіңізді сұраймыз.

Тау-кен жəне Жер туралы ғылымдар мектебі табиғи ресурстар саласында дарынды, көшбасшы жəне заманауи білімді əзірлейтін əлемдік деңгейдегі оқу орны болуға мақсат тұтты. Жоғары білікті мамандар мен студенттерді заманауи біліммен жəне жер туралы ғылымға байланысты пəндерді оқыту арқылы, сондай-ақ табиғи ресурстарды зерттеу, өндіру жəне өңдеу саласында қауіпсіз, тұрақты жəне экономикалық тəсілдермен əлемдік деңгейдегі зерттеулер жүргізуді жəне жоғары сапалы зерттеу нəтижелерін алуды үйрету арқылы өз мақсатымызды жүзеге асырамыз. Тау-кен жəне Жер туралы ғылымдар мектебі тұралы толық мәліметті мектеп веб-сайтында көруіңізді сұраймыз.

Жоғары мемлекеттік саясат мектебінің (ЖМСМ) міндеті адам өмірінің сапасын жақсарту мақсатында мамандар мен көшбасшыларды негізгі мемлекеттік саясат пен тиімді басқаруды түсінуге оқып-үйрету болып табылады. ЖМСМ студенттерінің арасында –мемлекеттік сектордың, халықаралық ұйымдардың, үкіметтік емес ұйымдардың мамандары, сондай-ақ жеке бизнес-құрылымдардың басшылары бар. ЖМСМ 3 білім беру бағдарламасын ұсынады: Мемлекеттік саясат магистрі, Мемлекеттік басқару саласының магистрі, Мемлекеттік саясат ғылымдарының докторы, сондай-ақ саясат және көшбасшылық саласында негізгі міндеттерді шешуге бағытталған қысқа мерзімді кәсіби білім беру бағдарламалары. Жоғары мемлекеттік саясат мектебі тұралы толық мәліметті мектеп веб-сайтында көруіңізді сұраймыз.