Біз туралы

Еуразияның жүрегінде, Қазақстан Республикасының елордасы – Астана қаласында орналасқан заманауи және қарқынды дамып келе жатқан халықаралық университет – Назарбаев Университетіне қош келдіңіздер. Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасымен 2010 жылы Назарбаев Университетінің (НУ) негізі қаланған болатын. НУ негізгі қағидаты білімді, ғылым мен инновацияларды интеграциялау болып табылатын халықаралық танылған зерттеу университеті болуға ұмтылады. НУ ғылым, технологиялар, кәсіпкерлік, медицина, мемлекеттік басқару, білім беру саласындағы ел көшбасшыларының жаңа буынын оқытуға, сол арқылы еліміздің ілгері дамуына қолдау көрсетуге бағытталған.
НУ-дың негізгі ерекшеліктері болып табылатындар: заң түрінде бекітілген академиялық еркіндік және институционалдық дербестік, халықаралық оқытушы-профессорлар құрамы, оқыту мен ғылыми зерттеулерді жүргізудің негізгі тілі ағылшын тілі, оқуға түсу және оқу кезінде қойылатын қатаң академиялық талаптар, сондай-ақ бакалавриат бағдарламасынан бастап білім мен ғылымды интеграциялау.

ПАЙЫМДАУ
Қазақстанды және әлемді дамытуға және өркендетуге қажетті ғалымдарды, мамандарды, жетекшілер мен кәсіпкерлерді даярлау.

МИССИЯСЫ
Қазақстанның жоғары білім мен ғылым жүйесінде реформаларды жүргізу моделі болу және Астананың инновациялар мен білімнің халықаралық орталығы болып қалыптасуына үлес қосу.

СТРАТЕГИЯЛЫҚ МАҚСАТТАРЫ:

  • І мақсат. Қазақстанның білім беру жүйесін реформалаудағы көшбасшылық
    Назарбаев Университеті тәжірибесін Қазақстанның жоғары оқу орындары мен зерттеу орталықтарына таратуды қамтамасыз ету
  • ІІ мақсат. Академиялық көшбасшылық
    Академиялық көшбасшылықты дамыту және қолдау көрсету арқылы Назарбаев Университетінің миссиясына қол жеткізу
  • ІІІ мақсат. Ғылыми көшбасшылық
    Әлемнің озық ғылыми және зерттеу орталықтарымен әріптестікте ғылыми зерттеулер жүйесін қалыптастыру
  • ІV мақсат. Интеграцияланған академиялық денсаулық сақтау жүйесінің моделін құру
    Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесінде қызмет көрсету моделі ретінде Назарбаев Университетінің денсаулық сақтау жүйесін құру
  • V мақсат. Инновациялар және ғылымды өндіріске енгізу
    Қазақстандағы инновациялардың негізгі қозғаушы күші болу және инновациялардың өңірлік орталығы ретінде Астананың қалыптасуына үлес қосу.

Назарбаев Университеті туралы буклетін осы жерден жүктей аласыз