form-button success-icon

Success

Thank you, your application has been accepted! We will contact you shortly
form-button success-icon

Қате

Sorry something went wrong. Please try again

Өтініш берушілер

барлық бағдарламалар

FOUNDATION БАҒДАРЛАМАСЫ

NUFYP (Nazarbayev University Foundation Year Program) немесе Университет алдындағы дайындық бағдарлама – Назарбаев Университеті Дайындық мектебінің интенсивті 1 жылдық бағдарламасы.

Бағдарлама барысында Назарбаев Университетінің бакалавриат бағдарламаларына дайындық жүргізіледі. Бағдарлама тұлғалық дамуға, оқу дағдысын дұрыс қалыптастыру, математика мен академиялық ағылшын тілін меңгеруге бағытталған. Оқыту Назарбаев Университетінің Дайындық мектебінде өткізіледі. 

Студенттердің көпшілігі Қазақстан Республикасының мемлекеттік білім беру гранты шеңберінде оқиды. Сондай-ақ, ақылы негізде немесе қаржыландырудың басқа түрлері арқылы оқу мүмкіндіктері қарастырылған. 

Университет алдындағы дайындық бағдарламасын аяқтау нәтижесінде Назарбаев Университетінің Мектептері студенттерді бакалавриат бағдарламаларына білім алуға қабылдайды.

foundation-about
Тіркеу кезеңдері
Қабылдау емтихандары мен талаптары
Маңызды күндер
Іріктеу конкурсы
Талапкерледі оқуға қабылдау
Ақылы оқуға түсу
Пайдалы ресурстар

Конкурсқа қатысу өтінімін тапсыру үшін талапкерлер келесі қадамдар реттілігін сақтауы қажет:

1 – қадам.

Жеке кабинет ашу

https://admissions.nu.edu.kz/ порталында «Тіркелу» батырмасын басып, тіркелу терезесінде қажетті ақпаратты ағылшын тілінде енгізіңіз. «Академиялық дәреже» бөлімінде «Бакалавриат» бағдарламасын таңдау кажет.

Тіркелуді аяқтағаннан кейін Сіздің электрондық поштаңызға жіберілген авторизация сілтемесі арқылы тіркелуді растаңыз.

Жеке кабинетіңізде өтінім тапсыру нұсқаулығымен міндетті түрде танысып өтіңіз.

2 – қадам.

Сауалнама нысанын толтыру

Жеке кабинеттің «My Application Forms» бөлімінде Foundation Program сілтемесін ашыңыз. Foundation Application Form сауалнама нысанын онлайн толтырыңыз және онлайн нысанға сәйкес дербес деректерді өңдеуге келісіміңізді беріңіз. Сауалнаманың барлық сұрақтарына жауап бергеннен кейін жеке ақпаратты тексеріп, «Upload» батырмасын басыңыз.

3 – қадам.

Қажетті құжаттарды тапсыру

Сауалнама нысанын толтырғаннан кейін Жеке кабинеттің «My Application Forms» бөлімінде мына құжаттарды жүктеу қажет:

Оқу орнынан берілетін анықтаманың (фотомен бірге) сканерленген көшірмесі (Жеке кабинетте 3 тілде ұсынылған үлгілердің біреуін таңдаңыз) немесе бар болған жағдайда қосымшасы бар аттестат/дипломның нотариалды куәләндірілген сканерленген көшірмесі. 

Жеке куәліктің және/немесе паспорттың сканерленген көшірмесі. Маңызды: қабылдау емтиханын тапсыру үшін талапкерде Жеке кабинетке жүктелген паспорт немесе жеке куәлік міндетті түрде болу керек;

Жеке кабинеттің «Profile» бөліміне құжаттарға арналған 3*4 форматындағы фотоны жүктеңіз.

Қажетті құжаттардың форматы Жеке кабинетте орналасқан.

4 – қадам.

Тіркелу жарнасын төлеу

Тіркелу жарнасы Жеке кабинеттің «My Application Forms» бөлімінде банк картасы арқылы онлайн түрде жүзеге асырылады. 

Тіркелу жарнасы 3 000 теңгені құрайды. Тіркелу жарнасы өтінімдерді қабылдаудың бірінші ресми бекітілген мерзімге дейін соңғы екі апта ішінде және/немесе өтінімдерді қабылдауды ұзарту кезеңінде төленген жағдайда төленетін сомадан 3 есе артады. Бұл сома қайтарылмайды.

Банк картасы болмаған жағдайда, талапкер басқа адамның картасын пайдалана алады.

5 – қадам.

Тіркелуді аяқтау

Жоғарыда көрсетілген іс-әрекеттер жасалғаннан кейін міндетті түрде «SUBMIT APPLICATION» батырмасын басыңыз.

Тіркелу аяқталғаннан кейін сауалнама нысанына өзгерістер енгізу және жүктелген құжаттарды ауыстыру мүмкін емес.

Студенттерді оқуға қабылдау департаментінің қызметкерлері Сіздің өтініміңіз бен құжаттарыңызды тексереді және, қажет болған жағдайда, Сізге электрондық поштаңызға қандай құжаттарды және қай күнге дейін түзету керектігін хабарлайды. Толық емес және қате толтырылған (түзетілмеген) өтінімдер конкурста қарастырылмайды.

6 - қадам. 

IELTS/ TOEFL/ Linguaskill сертификатын ұсыну

Талапкерлер IELTS/TOEFL сертификаттарын тапсыру үшін келесі талаптарды орындау қажет:

  1. IELTS/TOEFL жарамды сертификаттың ресми электрондық нұсқасы Тест әкімшісі арқылы тікелей Назарбаев Университетіне жіберілуі қажет;
  2. Сертификаттың сканерленген көшірмесін жүктеу және оның деректерін Жеке кабинеттің «Upload IELTS/TOEFL results» бөліміне енгізу қажет. Конкурсқа қатысу үшін сертификаттың кез-келген санын  тапсыруға болады, бірақ іріктеуде Жеке кабинетке соңғы болып жүктелген сертификат қарастырылады.

Талапкерлер Linguaskill нәтижелерін тапсыру үшін келесі талаптарды орындау қажет:

  1. Нәтижелерді Тест Орталығы арқылы Назарбаев Университетіне тесттің Тест Орталығында тікелей қатысу арқылы (қашықтықтан емес) тапсырылғандығы туралы растамасымен бірге жіберу;
  2. Нәтижелерді Жеке кабинеттің «My application forms» бөліміне жүктеу («My application forms» бөлімінде «SUBMIT APPLICATION» батырмасын басқаннан кейін). Конкурсқа қатысу үшін сертификаттың кез-келген санын тапсыруға болады, бірақ конкурста Жеке кабинетке соңғы болып жүктелген сертификат қарастырылады. Секциялар бойынша ең жоғары балдары көрсетілген жинақы сертификат қабылданбайды. 

IELTS/TOEFL/Linguaskill сертификаттары суперскорингсіз қарастырылады.

Тест әкімшісі немесе Тест орталығы арқылы тест нәтижелерін тапсыру үшін кодтар туралы маңызды ақпаратқа назар аударыңыз:

  • IELTS үшін код: Nazarbayev University
  • TOEFL iBT үшін код: 6762
  • Linguaskill үшін код: Nazarbayev University

Талапкерлердің Жеке кабинетінде IELTS/TOEFL/Linguaskill сертификатын тапсыру бойынша толық Нұсқаулықты оқыңыз.

  • Тілдік тесттер нәтижелерінің ең төмен талаптарымен «Қабылдау емтихандары мен талаптары» бөлімінде танысуға болады.
  • Тест орталығында емес, қашықтықтан тапсыруды ұсынатын тест нәтижелері, атап айтқанда, IELTS Online, TOEFL iBT Home Edition және TOEFL PDT нәтижелері конкурста қарастырылмайды;
  • Тапсырылатын сертификаттар тиісті оқу жылының басы, яғни 2023 жылдың 1 тамызына дейін жарамды болу керек.
  • IELTS/TOEFL/Linguaskill сертификаттарын ұсынудың соңғы мерзімі «Маңызды күндер» бөлімінде көрсетілген.

IELTS/TOEFL сертификаттарының Назарбаев Университетінің электрондық базасына енгізу Университет құзыретіне кірмейді. Сіз Тест орталығына өзіңіз хабарласып, кажетті сертификаттың жіберілгендігіне көз жеткізуіңіз қажет. Бұл әрекет кем дегенде 7-10 жұмыс күнін алатынын ескертеміз. Егер сертификат Студенттерді оқуға қабылдау департаменті белгілеген мерзімінен кеш келсе, нәтижелер конкурста қарастырылмайды.

Келесі қадамдар

NUET емтиханына 1-2 апта қалғанда электрондық поштаңызды тексеріңіз, себебі Сізге емтихандағы тәртіп ережелері, емтиханның өту орны мен уақыты туралы ақпарат жіберіледі. 

Кейбір жағдайларда Университет хабарламалары спам жәшігінде болуы мүмкін екендігін есте сақтаңыз.

Тіркелу кезінде қандай да бір мәселелер туындаса, info_admissions@nu.edu.kz электрондық поштасына сауалыңызды жіберуіңізге болады. Сауал жіберген кезде мәселені толық суреттеп, ЖСН (ҚР азаматтары үшін) мен әрбір талапкерге берілетін Жеке кабинеттегі Applicant ID нөмірін жазуды ұмытпаңыз.

Foundation бағдарламасына сауалнама нысанын толтыруға арналған бейне нұсқаулық

Бұл бейне нұсқаулық Foundation бағдарламасы бойынша сауалнама нысанын толтырудың үлгісі болып табылады және осы жылғы сауалнама нысанынан айырмашылықтар болуы мүмкін. Сауалнама нысанында толтырылған барлық мәлімет ойдан шығарылған.

Іріктеу конкурсына келесі санаттарға жататын талапкерлер қатыса алады:

  1. Орта білім беру ұйымдарының соңғы сынып оқушылары және техникалық және кәсіби, орта білімнен кейінгі ұйымдардың соңғы курс студенттері;
  2. Жоғарғы оқу орындарының білім алушылары;
  3. Орта, орта білімнен кейінгі және жоғары білімі бар адамдар.

Талапкерлерді іріктеу конкурсы келесі кезеңдерден тұрады:

  • I кезең. Онлайн өтінімді тапсыру: қыркүйек - қараша;
  • II кезең. Қабылдау емтиханы: ақпан - наурыз;
  • III кезең. Өтінім берушілердің құжаттарын қарастыру: сәуір - мамыр;
  • Оқуға қабылдау туралы хабарлама-хаттарды жіберу: мамыр-шілде*;
  • Құжаттарды тапсыру (Университет сұранысына сәйкес): маусым-шілде.

*Күту тізіміндегі талапкерлер оқудың басталуына дейін бос орындар пайда болған жағдайда, оқуға шақыру алуы мүмкін.
Талапкер қандай да бір кезеңдегі емтиханнан ең төменгі өту балын алмаса, келесі кезеңге өте алмайды.

Тілдік тест нәтижелерінің ең төменгі өту талаптары:

  • Academic IELTS тестінің ең төменгі өту талаптары: жалпы бал 6.0, әр секция бойынша 5.0.
  • TOEFL iBT тестінің ең төменгі өту талаптары: жалпы балл 60, жазу - 16, оқылым - 6, сөйлеу - 15, тыңдалым - 5.
  • Linguaskill тестінің ең төменгі өту талаптары; жалпы балл 170, әр секция бойынша 161.  Секциялар бойынша ең жоғары балдары көрсетілген жинақы сертификат қабылданбайды. Толық ақпарат “Пайдалы ресурстар” бөлімінде қолжетімді.
  • Ұсыналатын сертификаттар тиісті оқу жылының басы, яғни 2023 жылдың 1 тамызына дейін жарамды болу керек.
  • IELTS/TOEFL/Linguaskill сертификаттарын ұсынудың соңғы мерзімі “Маңызды күндер” бөлімінде көрсетілген.
  • IELTS Online, TOEFL iBT Home Edition және TOEFL PDT тестілерінің нәтижелері конкурста қарастырылмайды.
  • IELTS/TOEFL/Linguaskill тесттері Тест Орталығында тікелей қатысу арқылы (қашықтықтан емес) тапсырылуы қажет.
  • IELTS/TOEFL/Linguaskill сертификаты суперскорингсіз қарастырылады.
  • Минималды талаптарға сәйкес және белгіленген мерзімге дейін IELTS/TOEFL/Linguaskill нәтижелерін ұсынатын талапкерлер ғана NUET емтиханына (төменде қараңыз) жіберіле алады.

NUET (Nazarbayev University Entrance Test) – Назарбаев Университетінде білім алу үшін талапкердің академиялық дайындық деңгейін анықтайтын тест.

  • Талапкердің «Математика» және «Сыни тұрғыдан ойлау және мәселелерді шешу дағдылары» пәндері бойынша білімі бағаланады.
  • Сұрақтар саны – 60.
  • Тест мазмұны– бірнеше жауап нұсқалары бар сұрақтар.
  • Тест ұзақтығы – 120 минут. Ең төменгі өту балы – 120, бұған қоса әр пәннен ең төменгі өту балы – 50. Мысалы: 50 балл + 70 балл = 120 балл - жалпы өту балын алу үшін пәндер бойынша балдардың ең төменгі қосындысы.
  • Талапкер Foundation бағдарламасына және «NUET талапкерлері» категориясы бойынша бакалавриат бағдарламасына өтінімдерді тапсырған жағдайда, тестке бір рет шақырылады және тестті 1 рет қана тапсырады. Сондықтан екі бағдарлама бойынша сауалнама нысандарында тест тапсыру қаласы бірдей болуы қажет. Foundation және бакалавриат бағдарламаларының Қабылдау комиссиялары бір емтихан нәтижесін қарастырады.
  • Емтихан нәтижесі 6 аптадан кейін Жеке кабинетте орналастырылады.
  • Қабылдау емтихандарының тапсырмаларын, олардың ережелері мен ұзақтығын Тест әкімшілері өзгертуі мүмкін.
  • Емтиханға кіру рұқсаты туралы ақпарат талапкердің Жеке кабинетінде орналастырылады.
  • Емтиханға шамамен 5 күн қалғанда талапкердің электрондық поштасына емтиханның өтетін орны немесе форматы, уақыты, қажетті құжаттар мен емтихан ережелері туралы ақпарат жіберіледі.
  • Емтихан кестесі «Маңызды күндер» бөлімінде жарияланған.
  • Егер тестілеуден өту ережелері немесе шарттары бұзылған болса, талапкердің нәтижелері жойылады. Бұл жағдайда, талапкер конкурстан шығарылады. Конкурсқа қатысу құқығынан айырылған (дисквалификацияланған) талапкерлер болашақта НУ-ға оқуға түсе алмайды.
  • Тест нәтижелері бойынша апелляция көзделмеген.

Конкурсқа қатысуға онлайн өтінімдерді қабылдау 2022 жылғы 25 қыркүйек пен 01 желтоқсан аралығында өтеді.

  • IELTS/TOEFL/Linguaskill сертификаттарын ұсынудың соңғы мерзімі: 2022 жылғы 27 желтоқсан

  • Тілдік тесттер нәтижелерін жақсарту мақсатында қосымша IELTS/TOEFL/Linguaskill сертификаттарын ұсынудың соңғы мерзімі (NUET емтиханын  тапсырған талапкерлер үшін): 27 наурыз 2023 жыл.

  • Болжамды NUET күндері: 

Емтихан күндері

Қалалар

1

2023 жылғы 19 ақпан

Астана

Алматы

2

2023 жылғы 26 ақпан

Атырау

Көкшетау

Семей

Талдықорған

Шымкент

Қарағанды

Орал

3

2023 жылғы 5 наурыз

Ақтөбе

Павлодар

Ақтау

Петропавл

Өскемен

Тараз

Қызылорда

Қостанай

  • Оқуға қабылдау туралы хабарлама-хаттарды жіберу: мамыр - шілде.

  • Құжаттардың қағаз нұсқаларын тапсыру: Университет сұранысына сәйкес, маусым - шілде.

  • Бағдарлау аптасы - кейінірек жарияланады.

  • Оқудың басталуы - кейінірек жарияланады.

  • Ақылы негізде оқуға тапсыру мерзімдері «Ақылы негізде оқуға түсу» бөлімінде орналастырылған.

 

  • Конкурстың алдыңғы кезеңінен өтпеген талапкерлер келесі кезеңге жіберілмейді.
  • Үшінші кезеңде Қабылдау комиссиясы NUET және IELTS/TOEFL/Linguaskill емтихандарының нәтижелері негізінде талапкерлер рейтингісін құрады. NUET бойынша ең жоғары жалпы балы бар талапкерлерге басымдық беріледі. NUET бойынша жалпы балл бірдей болған жағдайда, «Математика» пәні бойынша ең жоғары балы бар талапкерлерге басымдық беріледі. «Математика» пәні бойынша балл бірдей болса, тілдік тест бойынша ең жоғары жалпы балы бар талапкерлерге басымдық беріледі. Егер тілдік емтиханның жалпы ұпайы тең болса, басымдық тілдік тест бойынша секциялардың келесі тәртібі бойынша ең жоғары балл жинаған талапкерге беріледі: жазу, оқылым, сөйлеу, тыңдалым. Бекітілген орын саны негізінде Қабылдау Комиссиясы талапкерлерді Назарбаев Университетінің Дайындық мектебіне қабылдауға ұсынады.
  • «Назарбаев Университеті» білім гранты (мемлекеттік грант) аясында оқуға қабылдауға ұсынылған талапкерлер қатарына кірмеген, алайда қабылдау талаптарына сәйкес келетін талапкерлер күту тізіміне енгізіледі. Егер оқуға қабылдауға ұсынылған талапкерлер тізімінде бос орын пайда болса, күту тізімдегі талапкерлер оқуға қабылдауға ұсынылуы мүмкін. Сондай-ақ, күту тізімдегі талапкерлерге ақылы негізде оқу конкурсына қатысу мүмкіндігі ұсынылуы мүмкін.
  • Іріктеудің барлық кезеңдерінен сәтті өту Назарбаев Университетінің Дайындық мектебіне қабылдануға кепілдік бермейді.

Конкурстың әр кезеңінде талапкерге қойылатын статустардың сипаттамасы

Барлық тіркелген талапкерлер өздерінің конкурсқа қатысу өтінімінің статусымен Жеке кабинетте таныса алады. Төмендегі статустардың сипаттамасы талапкердің Жеке кабинетінде қойылу ретімен орналастырылған.

Application in processing. Талапкердің өтінімі тексерістен өтуде екенін білдіретін аралық статус. Студенттерді оқуға қабылдау департаменті өтінімдер мен құжаттарды тексеріп, қажет болған жағдайда келесі қадамдар туралы хабарлайды.

Needs to take NUET. Талапкерге NUET емтиханына келу қажеттілігін көрсету үшін емтиханның алдында қойылатын статус. Шақыру хат пен нұсқаулықтар емтиханға шамамен 5 күн қалғанда талапкердің электрондық поштасына жіберіледі. Емтихан кестесі «Маңызды күндер» бөлімшесінде қолжетімді.

Not allowed to take NUET. Талапкер емтихан алдындағы конкурс талаптарына сәйкес келмеуіне немесе бұзуына байланысты конкурстан шығарылды. Ол оқуға түсу конкурсына қатысуын тоқтатады.

Passed NUET. NUET емтиханын сәтті тапсырып, өту балдарын алды.

Failed NUET. Талапкер NUET емтиханы бойынша өту балын ала алмады. Ол оқуға түсу конкурсына қатысуын тоқтатады.

Missed NUET. Талапкер NUET емтиханына келмеді. Ол оқуға түсу конкурсына қатысуын тоқтатады.

Meeting entry examinations minimum requirements. Талапкердің тапсырған құжаттары мен жинаған ұпайлары конкурстың ең төменгі талаптарына сәйкес келеді. Талапкер финалдық рейтингке енгізіледі және оған Университеттен хабарлама күту қажет. Егер ол емтихан бойынша жоғары балл жинаса, онда оның жақында оқуға шақыру алу мүмкіндігі жоғары. Егер талапкердің емтихан балы жоғары болмаса, онда хабарламаны күтуі қажет. Орындар босаған жағдайда, оқуға шақыру жіберілуі мүмкін.

Withdrawn. Талапкер өз қалауы бойынша конкурсқа қатысудан бас тартты. Бұл статус конкурс басталғаннан бастап кез келген уақытта қойылуы мүмкін.

Withdrawn due to UG choice. Талапкер бакалавриат бағдарламасына оқуға шақыруды қабылдағандықтан, автоматты түрде NUFYP бағдарламасының конкурсынан шығарылды. Талапкер тек бір академиялық бағдарламаға және/немесе білім деңгейіне қабылдана алады.

Recommended for admission. Талапкер Қабылдау комиссиясының шешімі бойынша оқуға қабылдауға ұсынылады және қабылдау шарттары көрсетілген оқуға шақыруды алады.

Waiting list. Талапкер рейтингте төмен орналасуына байланысты оқуға шақыру алушылар қатарына кірмеді. Алайда, бұрын оқуға ұсынылған талапкерлердің қайсыбірі гранттан бас тартқан жағдайда, оқуға шақыру жіберілуі мүмкін. Бос орындар жоқ болған жағдайда, талапкер конкурстан шығарылады немесе ақылы оқу негізіндегі қосымша конкурсына қатыса алады.

Accepted admission offer. Талапкер көрсетілген мерзімде оқуға шақыруды қабылдады және шақыруды алғаннан кейін келісімді растайтын нысанды тапсырып, кепілдік жарнаны төледі. Оқуға қабылдаудың келесі шарттары:

  1. Қажетті құжаттардың түпнұсқаларын тапсыру
  2. Білім беру қызметтері туралы келісім-шартқа қол қою
  3. Жаңадан келген студенттерге Дайындық мектебі өткізетін бағдарлау апталығына қатысу

Refused admission offer.Талапкер оқуға шақыру алғаннан кейін оқуға қабылдаудан бас тарту нысанын толтырды немесе оқуға қабылдау шарттарын орындамады

Refused in favor of UG. Бұл статус NUFYP және бакалавриат бағдарламалары бойынша конкурсқа қатысып жатқан талапкерлерде кездеседі. Талапкер бакалавриат бағдарламасы бойынша келген оқуға шақыруды қабылдағандықтан, NUFYP бағдарламасынан бас тартты. Бұл статус талапкер NUFYP бағдарламасы бойынша оқуға шақырудан ресми түрде бас тартқаннан кейін қойылады.

Rejected by Admissions Committee. Оқуға қабылдау үшін бос орындардың болмауына және конкурстық іріктеудің аяқталуына байланысты Қабылдау комиссиясы шешімімен талапкер конкурстан шығарылды.

Did not submit the documents/Refused. Талапкер көрсетілген мерзімде құжаттарды ұсынбады. Бұл талапкердің Университетте оқудан бас тартатынын білдіреді.

Did not come to Orientation week/Refused. Бағдарлау апталығына келмеді, яғни абитуриент Университетте оқудан бас тартады.

Enrolled. Талапкер Провост шешімімен Университетке қабылданды. Бұл статус оқуға қабылдау туралы шешім тіркелгеннен кейін қойылады. Студент мәртебесіне көшер алдында талапкер ретіндегі қойылатын соңғы статус.

Disqualified. Талапкер емтиханда немесе конкурс барысында Қағидаларды немесе талаптарды бұзуына байланысты конкурсқа қатысу құқығынан айырылды (дисквалификацияланды). Мысалы, емтиханда көшірді немесе көрінеу жалған ақпарат берді.

Оқуға қабылдау келесі реттілік бойынша жүзеге асырылады:

Талапкерлерді оқуға қабылдауға ұсыну. Оқуға қабылдауға ұсынылған талапкерлерге “Recommended for admission” статусы беріледі. Жеке кабинеттегі “Admission results” бөліміне кіріп, талапкерлер оқуға шақыруды және соңғы мерзімдері мен талаптары көрсетілген құжаттарды тапсыру бойынша нұсқаулықты көреді;

Талапкерлердің оқуға келісуі. Талапкерлер оқуға қабылдауға келісім нысанына және кепілдік жарнасын төлеу нысанына Жеке кабинетте қол қоюы және 30 000 теңге көлеміндегі кепілдік жарнаны төлеуі қажет. Кепілдік жарна талапкерге келісім-шартқа қол қойғаннан кейін және оқу басталғаннан кейін қайтарылады;

Оқуға қабылдануға құжаттарды ұсыну және келісім-шартқа қол қою. Талапкерлер Университет департаменттеріне құжаттарды Хабарлама-хатта көрсетілген мерзімге дейін тапсыруы тиіс. Сол себепті, барлық талаптарды уақытылы орындау үшін Хабарлама-хатты мұқият оқу қажет. Барлық құжаттар Университетке қағаз және электронды түрде белгіленген мерзімде ұсынылуы керек. Сонымен қатар, талапкерлер Дайындық мектебімен келісім-шартқа қол қояды;

Бағдарлау аптасына қатысу. Оқудың басталуына дейін барлық шақырылған талапкерлер Бағдарлау аптасына қатысады;

Оқуға қабылдау. Жоғарыда көрсетілген талаптар орындалғаннан кейін талапкерлер Университетке қабылданыды. Оқуға қабылдау НУ Провостының шешімімен рәсімделеді.

Университетке қабылдану үшін Студенттерді оқуға қабылдау департаментіне тапсыратын қажетті құжаттар пакеті Құжаттарды тапсыру нұсқаулығында көрсетіледі.

Егер қосымшасы бар аттестаттың/дипломның түпнұсқасы қазақ, орыс немесе ағылшын тілінде болмаса, онда оған қоса, осы құжаттың ағылшын тілінде нотариалды куәләндырылған аудармасынын сканерлеген нұсқасын ұсыну қажет. Қабылдауға қажетті құжаттар пакетін уақытында тапсырмаған талапкерлер конкурсқа қатысу мүмкіндігінен айырылады.

Университет шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ талапкерлерден қосымша құжаттарды сұрауға құқылы.

Университетке тапсырылған құжаттар қайтарылмайды. Тек қана қосымшасы бар жалпы орта білім (аттестат және қосымша) немесе техникалық және кәсіптік білім туралы (диплом және қосымша) құжаттың ресми түпнұсқасы оқуды бітіргеннен немесе Университеттен шығарылғаннан кейін Регистратор Офисі арқылы қайтарылады.

Ақылы негізде оқуға түсу үшін тіркелу: 2023 жылғы 1 наурыз пен 30 маусым аралығында өтеді.

Ақылы негізде оқуға түсу конкурсына келесі талапкерлер қатыса алады:

  • ағымдағы жылдың мемлекеттік гранты аясында оқуға түсу конкурсына қатысқан, алайда грантқа оқуға түспеген, бірақ күту тізіміне енгізілген талапкерлер;
  • admissions.nu.edu.kz порталында тіркелуден өткен және IELTS/ TOEFL/Linguaskill және SAT/AСT емтихандарын өз бетінше тапсырып, төменде көрсетілген кестедегі ең төменгі талаптарға сай нәтижелері бар талапкерлер:

Тест атауы

Балл

Түсініктеме

Тесттерді тапсыру соңғы мерзімдері 

1.1

SAT 

1140 

 

2023 жылғы 3 маусым

немесе

1.2

ACT

23

 

2023 жылғы 10 маусым

ЖӘНЕ

2.1

Academic IELTS

6.0 

Әр секция бойынша 5.0 

2023 жылғы 30 маусым

немесе

2.2

TOEFL iBT 

60

жазылым - 16

оқылым - 6

сөйлеу - 15

тыңдалым - 5

2023 жылғы 30 маусым

немесе

2.3

Linguaskill

170

Әр секция бойынша 161

2023 жылғы 30 маусым

*IELTS Online, TOEFL iBT Home Edition және TOEFL PDT нәтижелері конкурста қарастырылмайды.

IELTS/TOEFL/Linguaskill тесттері Тест Орталығында тікелей қатысу арқылы (қашықтықтан емес) тапсырылуы қажет. Сертификаттар суперскорингсіз қарастырылады. Бөлімшелер бойынша ең жоғары балдары көрсетілген жинақы Linguaskill сертификат қабылданбайды.

Емтихан нәтижелері Назарбаев Университеті кодын (Institutional Code) пайдалана отырып, тест әкімшісі арқылы Университет атына жіберілуі қажет:

  • Nazarbayev University – IELTS үшін
  • 6762 – TOEFL үшін
  • Nazarbayev University - Linguaskill үшін
  • 7915 – SAT үшін
  • 5521 – ACT үшін

Талапкерлердің Жеке кабинетінде IELTS/TOEFL сертификатын ұсыну бойынша толық Нұсқаулық қолжетімді.

Ұсынылатын сертификаттар тиісті оқу жылының басы, яғни 2023 жылғы 1 тамызға дейін жарамды болу керек. IELTS/TOEFL нәтижелердің қолданылу мерзімдері әр тесттің тиісті ресми сайтында көрсетіледі. Конкурстық іріктеу шеңберінде SAT және ACT сертификатының қолданылу мерзімі тест тапсырған сәттен бастап үш жыл, сонымен қатар Linguaskill сертификатының қолдану мерзімі екі жыл болып есептеледі.

IELTS/TOEFL/Linguaskill және SAT/ACT нәтижелерін ұсынудың соңғы мерзімі: 2023 жылғы 11 шілде

Оқуға қабылдау туралы хабарлама-хаттарды жіберу: 2023 жылғы шілде-тамыз

Құжаттарды қағаз түрінде тапсыру: НУ сұранысы бойынша, 2023 жылғы шілде-тамыз

Оқуға қабылдау ақпараты «Оқуға қабылдау» бөлімінде қолжетімді.

Университетке ақылы негізде қабылдану үшін Студенттерді оқуға қабылдау департаментіне тапсыратын қажетті құжаттар пакеті Құжаттарды тапсыру нұсқаулығында көрсетіледі.

Егер қосымшасы бар аттестаттың/дипломның түпнұсқасы қазақ, орыс немесе ағылшын тілінде болмаса, онда оған қоса, осы құжаттың ағылшын тілінде нотариалды куәләндырылған аудармасынын сканерлеген нұсқасын ұсыну қажет. Қабылдауға қажетті құжаттар пакетін уақытында тапсырмаған талапкерлер конкурсқа қатысу мүмкіндігінен айырылады.

Университет шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ талапкерлерден қосымша құжаттарды сұрауға құқылы.

Университетке тапсырылған құжаттар қайтарылмайды. Тек қана қосымшасы бар жалпы орта білім (аттестат және қосымша) немесе техникалық және кәсіптік білім туралы (диплом және қосымша) құжаттың түпнұсқасы оқуды бітіргеннен кейін немесе Университеттен шығарылғаннан кейін Регистратор Офисі арқылы қайтарылады.

Негізгі тармақтар

Толық ақпарат

Linguaskill

  • Тест туралы қысқаша ақпарат осында.
  • Тест туралы толық ақпарат Cambridge Assessment English сайтында.
  • Тестті Linguaskill тестінің ресми ұйымдастырушысы болып табылатын кез-келген аймақтағы Тест Орталығында тапсыруға болады. Алайда, тест Тест Орталығында тікелей қатысумен арқылы (қашықтықтан емес) тапсырылған болу қажет. UStudy-да тестке тіркелу туралы толығырақ ақпаратты осында алуға болады.

NUFYP Entrance Test

Пайдалы сілтемелер

Назарбаев Университетіне түсуге дайындалуға көмектесу үшін осы сайтта курстарға, вебинарларға, сұхбаттарға, кітаптар мен дәрістерге көптеген пайдалы сілтемелер жинақталған.

Қағидалар

«Назарбаев Университеті» дербес білім беру ұйымының Дайындық мектебіне Университет алдындағы дайындық бағдарламасы бойынша оқуға қабылдау қағидалары мен рәсімдеріне сілтеме

Foundation және бакалавриат бағдарламаларының айырмашылығы 

Foundation және бакалавриат бағдарламаларының айырмашылығы туралы ақпаратты алу үшін мына сілтемені басыңыз. 

Оқыту қызметтерін көрсету талаптары

Назарбаев Университетінде Оқыту қызметтерін көрсету талаптарымен танысу үшін мына сілтемені басыңыз.

Жиі қойылатын сұрақтар

Жиі қойылатын сұрақтармен мына сілтеме арқылы таныса аласыз.