Назарбаев Университеті шетелдік талапкерлерді гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар, бизнес және нақты ғылымдар салаларындағы бакалавриат, магистратура және докторантура бағдарламалары бойынша оқуға шақырады.
Шетелдік талапкерлерге Назарбаев Университеті арнайы «Абай Құнанбаев» грантын ұсынады.
Ол іріктеудің барлық кезеңінен сәтті өткен және Қабылдау Комиссиясымен оқуға қабылдауға ұсынылған талапкерлерге беріледі және оқу төлемін, медициналық сақтандыруды және айлық шәкіртақыны өтейді. Магистратура бағдарламаларының дайындық жылына (NUZYP) ұсынылған шетелдік үміткерлер де «Абай Құнанбаев» грантына қарастырылады. Егер де белгілі бір мамандық бойынша оқу төлемі туралы сұрақтарыңыз болса, бізбен мына электронды пошта арқылы хабарласуыңызды сұраймыз international.admissions@nu.edu.kz.
Шетелдік талапкерлер үшін өтініштерді жіберу мерзімдері қазақстандық талапкерлермен бірдей. Барлық өтініштер admissions.nu.edu.kz сайтында онлайн жүйеде қабылданады. Бағдарламалардың басым бөлігі оқу жылын күз мезгілінде бастайды.
*Кейбір мектептерде іріктеу кезеңдерінің мерзімдері өзгеше болуы мүмкін
Мамандықтар тізімі және өтініштерді жітеру мына сілтемелер арқылы қолжетімді:
Шетелдік студенттерге Қазақстанға келу және виза бойынша ақпарат Халықаралық ынтымақтастық сайтында орналасқан.
Сонымен қатар, Назарбаев Университетінде білім алып жатқан шетелдік студенттердің пікірлерін мына сілтемеден оқи аласыз.
Қазақстанның шетелдегі дипломатиялық және консулдық өкілдіктері жүктеу
Назарбаев Университеті шетелдік тадапкерлермен жұмыс істеу кеңсесінің байланыс құралы – international.admissions@nu.edu.kz электронды поштасы.