Конкурсқа қатысу үшін талапкерге келесі қадамдарды орандау қажет:
1 қадам. Жеке кабинет ашу
Жеке кабинет ашу үшін www.admissions.nu.edu.kz порталында тіркелу. Жеке кабинетіңізде тіркелу нұсқаулығымен міндетті түрде танысып өтіңіз;
2 қадам. Сауалнама нысанын толтыру және қажетті құжаттарды жүктеу
Жеке кабинетте сауалнама нысанын толтыру және қажетті құжаттарды жүктеу:
- Жеке куәліктің немесе төлқұжаттың электрондық көшірмесі;
- Қосымшасы бар аттестат/диплом немесе үлгі бойынша оқу орнынан берілген анықтаманың сканерленген көшірмесі;
- Ағылшын тілінде жазылған Мотивациялық хат;
- Қолданыстағы сертификаттардың көшірмесі. Стандартты тестілеу нәтижелері тест Әкімшілігі арқылы Университетке жіберіледі.
3 қадам. Тіркеу жарнасын төлеу
Тіркеу жарнасы банк картасы арқылы жеке кабинетте төленеді.
Тіркеу жарнасы 5000 теңгені құрайды. Бакалавриат бағдарламаларына (Медицина мектебінің (2 жылдық «Медбикелік іс бакалавры» бағдарламасынан басқа) өтінім қабылдаудың бірінші ресми бекітілген соңғы мерзіміне дейінгі екі апта ішінде және/немесе ұзартылған мерзім кезінде тіркелу жарнасының көлемі бекітілген сомадан үш есеге көтеріледі. Тіркеу жарнасының сомасы қайтарылмайды.
4 қадам. Тіркелуді аяқтау
“Submit application” батырмасын басу арқылы тіркелуді аяқтау. Талапкер өтінім нысанын бергеннен кейін өзгерістер енгізілмейді.
5 қадам. IELTS/TOEFL сертификаттарын жүктеу
Жеке кабинетіңізде "Upload IELTS/TOEFL" секциясына IELTS/TOEFL сертификаттарын жүктеп, сертификат туралы қажетті ақпаратты толтырыңыз.
Одан арғы қадамдар
Қабылдау департаментінен ақпарат жіберілетін электронды поштаңызды және өтініміңіздің статусы туралы білгіңіз келсе, жеке кабинетіңізді тексеріңіз.
Тіркелу кезінде қандайда бір қиындықтар болса, info_admissions@nu.edu.kz электрондық поштасына сауалыңызды жіберуіңізге болады. Сауал жіберген кезде, (ҚР азаматтары үшін) ЖСН мен әрбір талапкерге берілетін жеке кабинеттегі Applicant ID нөмірін жазуды ұмытпаңыз.
Бакалавриат бағдарламаларына Жыл ортасында оқуға қабылдау - бұл талапкерлерге көктемгі семестрге ақылы негізде оқуға қабылданудың жаңа қабылдау кезеңі.
Өтініш берген талапкерлер бакалавриат бағдарламаларының Қабылдау қағидалары мен рәсімдерінде көрсетілген стандартты іріктеу үрдісі бойынша ақылы негіздегі бакалавриат бағдарламаларының Жыл ортасында оқуға қабылдау конкурсына қатысады. Осы конкурс арқылы қабылданған студенттер оқуын көктемгі семестрден бастайды.
Оқуға түсу конкурсына келесі талапкерлер қатыса алады:
- жалпы орта мектепті бітірген талапкерлер;
- басқа ЖОО-ның ағымдағы студенттері;
Талапкерлердің санаттары және оларға қойылатын талаптар “Қабылдау талаптары” бөлімінде көрсетілген.
“NUET талапкерлері” санаты үшін өтініш берілетін күнтізбелік жылда алынған NUET нәтижелері ғана қарастырылады.
Өтініш беру үшін admissions.nu.edu.kz сайтында Жеке кабинет ашу қажет. Қосымша мәліметтер “Тіркеу кезеңдері” бөлімінде қолжетімді.
Маңызды: Бакалавриат бағдарламасына көктемгі семестрде ақылы негізде оқуға тапсырған және оқуға қабылдауға ұсынылған талапкерлер “Назарбаев Университеті” білім беру гранты және де басқа білім беру гранттарды тағайындау бойынша іріктеуге қатыспайды.
Онлайн тіркелу мерзімдері:
- 21 қараша - 5 желтоқсан 2022 ж.
НУ-ға тест нәтижелерін ұсынудың соңғы мерзімі:
- SAT/ACT және IELTS/TOEFL - 5 желтоқсан, 2022 ж.
Тест нәтижелері міндетті түрде Назарбаев Университеті кодын (Institutional Code) пайдалана отырып, тест әкімшісі арқылы Университеттің атына жіберіледі:
- Nazarbayev University (IELTS TRF Verification Service арқылы) - IELTS үшін
- 6762 – TOEFL үшін
- 7915 – SAT тесті үшін
- 5521 – ACT үшін
- Назарбаев Университеті ең төменгі талаптарға сәйкес келетін үміткерлерді қарастырады, алайда оқуға қабылдануына кепілдік бермейді.
- Конкурсқа қатысуға арналған өтінім оны онлайн толтырғаннан кейін аяқталды деп саналады. Қағаз тасығыштағы барлық қажетті құжаттар Қабылдау департаментіне белгіленген мерзімдерде жеткізілуі тиіс.
- Үміткерлер қажетті құжаттарды Қабылдау департаментіне жеткізуді қамтамасыз ету үшін толық жауапты болады. Қабылдау департаментінің қарауына ұсынылған үміткердің құжаттары қайтарылуға жатпайды.
- Назарбаев Университеті Мектептерінің Қабылдау комиссиялары аппликациялық өтінімдерді, қажетті құжаттарды, сондай-ақ тестілердің нәтижелерін жан-жақты бағалаудың негізінде оқуға шақыру туралы шешім қабылдайды.
- Конкурстың нәтижесі бойынша және шешімдердің негізінде Қабылдау комиссиясы бекіткен рейтингке сәйкес Мектептердің Қабылдау комиссиялары үміткерлерді оқуға қабылдауға ұсынады. Осы үміткерлерге электронды мекенжайына Қабылдау комиссиясының қабылдаған шешімі туралы ресми хабарлама-хат жолданады. Үміткерлер де өз статусын «Жеке кабинетінен» көре алады.
Конкурстың әр кезеңінде талапкерге қойылатын статустардың сипаттамасы.
Статустар талапкердің Жеке кабинетінде қойылу ретімен орналастырылған.
Does not meet the entry requirements. Талапкер бағдарламаның ең төменгі талаптарына сәйкес келмейді, Университеттің Студенттерді оқуға қабылдау департаментімен сауалнама нысандар мен құжаттарды тексергеннен кейін қойылады.
Withdrawn. Бакалавриат бағдарламасына Қабылдау комиссиясының шешімі шыққанға дейін конкурсқа қатысудан бас тартқан талапкерлерге статус қойылады.
Recommended for admission. Қабылдау комиссиясы талапкерді қабылдауға ұсынады және оған оқуға шақыру хат жіберіледі.
Waiting list. Талапкер күту парағында. Талапкер бағдарламаның ең төменгі талаптарына сәйкес келеді, бірақ ол рейтингтің төменгі жағында орналасқан. Егер грантқа ұсынылған талапкерлердің бірі оқуға қабылдаудан бас тартса, күту тізіміндегі талапкерлерге оқуға шақыру хаты жіберілуі мүмкін. Мемлекеттік грантқа орындар болмаған жағдайда, талапкерге НУ-дың басқа гранттары бар болған жағдайда немесе ақылы түрде оқу ұсынылуы мүмкін.
Rejected by Admissions Committee. Қабылдау комиссиясы талапкердің құжаттарын қарағаннан кейін, күту тізіміне қоймай немесе конкурстан кейін, оны қабылдау конкурсынан шығарды.
Refused admission offer. Талапкер оқуға қабылдануға ұсынылды, бірақ НУ-да оқуға шақыру хатынан бас тартты.
Refused in favor of CPS. Талапкер NUFYP бағдарламасын таңдап бакалавриат бағдарламасынан бас тартты. Бұл статус талапкер бакалавриат бағдарламасына шақыру хатынан жазбаша бас тартқаннан кейін немесе егер талапкер күту парағында болса және бакалавриат бағдарламасына шақыру хатын алғанға дейін NUFYP бағдарламасында оқуға жазбаша келіссе қойылады. Соңғы жағдайда талапкерге шақыру хаты жіберілмейді.
Guarantee fee paid. Талапкер оқуға қабылдануға ұсынылды және міндетті кепілдік жарнасын төледі.
Accepted admission offer. Бұл статус оқуға шақыру хатын алған, келісім берген және Университет шарттарын орындаған - кепілдік жарнаны төлеген және оқуға қабылдау үшін құжаттардың түпнұсқаларын тапсырған талапкерлерге қойылады.
Did not come to Orientation week/Refused. Оқуға келісім берген, құжаттардың түпнұсқаларын тапсырған, бірақ мектептің Бағдарлау апталығына қатыспаған талапкерлерге қойылады. Болған жағдайда, босаған орындарға күту парағынан талапкерлер шақырылуы мүмкін
Enrolled. Талапкер оқуға қабылданды. Статус оқуға қабылдау туралы Провост шешімі шыққаннан кейін қойылады, содан кейін талапкер ресми түрде Университет студенті болып табылады.
Enrolled conditionally. Талапкер оқуға шартты түрде қабылданды. Берілген мерзімге дейін аттестаттың түпнұсқасын тапсыру шартын орындау қажет.
Did not submit the documents/refused. Талапкер көрсетілген мерзімде құжаттардың түпнұсқаларын ұсынбаған. Бұл талапкердің Университетте оқудан бас тартатынын білдіреді.
- Қабылдау комиссиясы оқуға қабылдауға ұсынған, шақыру-хаттар алған үміткерлер Университетке қабылдауға келісудің тиісті нысанын жіберіп, ол қабылданған соң университетпен білім беру саласындағы қызметтерді көрсету туралы шартқа қол қойылғаннан кейін ғана қайтарылатын кепілдік жарнаны алдын ала төлеп, Университетте білім алуға шақыруды қабылдағаны немесе бас тартқаны туралы хабарлайды.
Онлайн тіркелу кеңестерін қарау үшін осы сілтемеге өтіңіз.
Мотивациялық хатыңыз үшін ұсынылған тақырыптарды осы жерден табыңыз.
Оқу орынна Анықтама нұсқасын осы жерден табыңыз.
Төменде стандартталған тесттерге дайындалу үшін қажетті (тест атауы, тестке дайындық, тесттер кестесі, тесттерге тіркелу және нәтижелеріне сілтемесі бар) ақпарат жиынтығы көрсетілген.
Сонымен қатар сіздің назарыңызға сіз үшін пайдалы болатын маңызды ақпаратты ұсынамыз.
№ | Атауы | Толық ақпарат |
1 | Пайдалы сілтемелер | Назарбаев Университетіне түсуге дайындалуға көмектесу үшін осы сайтта курстарға, вебинарларға, сұхбаттарға, кітаптар мен дәрістерге көптеген пайдалы сілтемелер жинақталған. |
2 | Қағидалар | «Назарбаев Университеті» дербес білім беру ұйымының бакалавриат бағдарламасына оқуға қабылдау қағидалары мен рәсімдерімен осы сілтеме арқылы танысуға болады |
3 | Жиі қойылатын сұрақтар | Жиі қойылатын сұрақтармен мына сілтеме арқылы таныса аласыз. |
4 | Foundation және бакалавриат бағдарламаларының айырмашылығы | Foundation және бакалавриат бағдарламаларының айырмашылығы туралы ақпаратты алу үшін мына сілтемені басыңыз. |
5 | Оқыту қызметтерін көрсету талаптары | Назарбаев Университетінде Оқыту қызметтерін көрсету талаптарымен танысу үшін мына сілтемені басыңыз |
6 | Тест кодтары | Тестілер Назарбаев Университеті кодын (Institutional Code) пайдалана отырып, тест әкімшісі арқылы Университеттің атына жіберіледі: - Назарбаев Университет – IELTS үшін
- 6762 – TOEFL үшін
- 7915 – SAT тесті үшін
- 5521 – ACT with Writing Part үшін.
|
Бұл бөлімде НУ мектептерінің бакалавриат бағдарламаларына онлайн тіркелу, конкурсқа қатысуға және оқуға түсуге қажетті емтихандарға байланысты терминдер мен анықтамалар беріледі.
Ауысатын студент – Университеттің бакалавриат бағдарламасына түскісі келетін, орта білім алған және Қазақстандық немесе шетелдік жоғары оқу орнында кемінде бір жыл оқыған студент;
Жеке кабинет – талапкерге тіркелуден өткеннен кейін Университет сайтында жеке кеңістік беретін онлайн сервис;
Кепілдік жарна – Университеттен оқуға шақыру алған талапкерге бакалавриат бағдарламасындағы орнына кепілдік беретін міндетті төлем;
Колледж – Қазақстанда жалпы орта және техникалық және кәсіптік білім беретін немесе орта білімнен кейін білім беру бағдарламаларын іске асыратын оқу орны;
Қабылдау комиссиясы – бакалавриат бағдарламалары бойынша қабылдау іс-шараларын іске асыру мақсатында құрылған Университеттің консультациялық-кеңесші органы;
Қабылдау мерзімі – онлайн тіркелуді, құжаттарды тексеруді, бағалауды және оқуға қабылдауды қамтитын Университетке қабылдау мерзімдері;
Мектеп – бакалавриат академиялық бағдарламаларын жүзеге асыратын Университет мектебі;
Оқуға қабылдауға келісім нысаны – талапкер бакалавриат бағдарламасында оқуға шақыру алғаннан кейін толтыратын және қол қоятын нысан. Бұл нысан талапкерді оқуға қабылдауға немесе оны оқуға қабылданатындар қатарынан шығаруға негіз болады.
Сауалнама нысаны – бакалавриат бағдарламасына түсуге арналған жеке кабинетте орналасқан өтінім нысаны;
Талапкер – конкурсқа қатысушы Қазақстан Республикасының азаматы, шетел азаматы немесе азаматтығы жоқ тұлға;
Университет – «Назарбаев Университеті» дербес білім беру ұйымы;
Университеттің сайты – Университеттің интернет-ресурсы, www.nu.edu.kz;
А-level (The Advanced Level General Certificate of Education – Орта білім туралы сертификат) – Англия, Солтүстік Ирландия, Уэльс, Шотландия елдеріндегі оқу орындары ұсынатын және Еуропада, АҚШ-та, сондай-ақ әлемнің басқа да көптеген елдерінде кеңінен танылатын, стандартты оқуды аяқтау біліктілігі. А-level екі жыл ішінде оқытылады және үміткерлердің Англия, Уэльс және Солтүстік Ирландия университеттерінің академиялық талаптарына сәйкестігін бағалауға арналған стандартты оқуға түсу біліктілігі болып табылады;
ACT (АСТ – American College Testing) – АҚШ-тың университеттері оқуға түсу емтиханы ретінде мойындайтын, орта мектеп оқушыларының үлгерімін бағалайтын стандартталған тест. Тестіде 30 минутқа созылатын жазбаша дағдыларды бағалайтын қосымша бөлім бар (ACT жазбаша дағдыларды бағалау қорытындыларымен);
ECTS (Еуропалық кредиттерді ауыстыру және жинақтау жүйесі) – Еуропалық одақтың және осы жүйені пайдаланатын басқа да еуропалық елдердің аумағындағы жоғары оқу орындарында студенттердің академиялық үлгерімін салыстырудың стандартталған жүйесі;
IB Diploma Programme – (International Baccalaureate Diploma Programme – Халықаралық Бакалавриаттың дипломдық бағдарламасы)– студенттерге жоғары оқу орындарының бакалавриат бағдарламаларына түсуге мүмкіндік беретін жеделдетілген екі жылдық халықаралық білім беру бағдарламасы;
IELTS (International English Language Testing System – Ағылшын тілі бойынша халықаралық тестілеу жүйесі) – Британдық Кеңес, Кэмбридж Университеті ESOL және IDP Education Pty Ltd әкімшілік ететін, ағылшын тілін меңгеру деңгейін анықтауға арналған стандартталған тест;
NIS Grade 12 Certificate – (Назарбаев Зияткерлік мектептердің 12-сыныптық сертификаты) 12-ші сыныпты бітіргеннен кейін сыртқы жиынтық бағалау емтихандарын тапсырған студенттерге Cambridge Assessment International Education-мен бірлескен бағдарламаны аяқтағаны үшін берілетін “Назарбаев Зияткерлік мектептері” дербес білім беру ұйымының сертификаты;
QS World University ranking – Quacquarelli Symonds (QS) жариялайтын университеттердің жыл сайынғы әлемдік рейтингі. Рейтинг жалпы және жекелеген пәндер бойынша рейтингтен тұрады.
SAT (Академиялық қабілеттілікті анықтауға арналған емтихан) – АҚШ-тың жоғары оқу орындарына қабылдауға арналған стандартталған тест. SAT Reasoning Test үш бөлімнен тұрады: математика, мәтінді талдау және жазу.
Superscoring – ең жоғары жалпы баллға қол жеткізу мақсатында екі немесе одан көп тест сертификаттарының барлық бөлімдері бойынша ең жоғары балдарды пайдалану;
Times Higher Education World University Rankings – Британияның Times Higher Education журналында жарияланатын және жалпы рейтинг пен пәндер бойынша рейтингтен тұратын университеттердің жыл сайынғы әлемдік рейтингі;
TOEFL (Test of English as a Foreign Language – шет тілі ретіндегі ағылшын тілі бойынша халықаралық тест жүйесі) – TOEFL iBT (Internet-based Test) және TOEFL PBT (Paper- based Test) форматтарында жүргізілетін Educational Testing Service (ETS) (Принстон, Нью-Джерси, АҚШ) әзірлеген ағылшын тілін меңгеру деңгейін анықтауға арналған стандартталған тест;
UK Foundation Programme (Ұлыбританияның Университет алдындағы дайындық бағдарламасы) – студенттерге жоғары оқу орындарында/университеттерде бакалавриат бағдарламаларына оқуға түсуге мүмкіндік беретін университет алдындағы бір жылдық дайындық бағдарламасы.