Бұл туралы Назарбаев Университетінің Тұрақты даму шешімдері желісінің (NU SDSN) зерттеушісі Амина Чая The Astana Times мақаласында жазады. Ол Астананың және аймақтағы басқа қалалардың урбанистік және климаттық проблемаларын сипаттайды. Осы күндері Дубайда өтіп жатқан БҰҰ-ның Климаттың өзгеруі жөніндегі конференциясы (COP28) аясында зерттеуші 5 мүмкіндікті қамтитын климатқа төзімді басқару стратегияларының маңыздылығын көрсетеді, олар — шекті деңгей, күресу, қалпына келтіру, бейімделу және трансформация.








