Профессор Голубев АҚШ-тың Индиана штатындағы беделді Нотр-Дам университетінде PhD докторы дәрежесіне ие. Флорида штатында орналасқан Эмбри-Риддл авиация университетінің(ERAU) профессоры әрі аталған университетте оның бастамасымен құрылған қозғалтқыштар мен аэродинамика есептеулер зертханасының директоры. Қазіргі уақытта профессор Голубев Флоридадағы жетілдірілген аэродинамикалық қозғалыстар орталығындағы пәнаралық есептеу аэродинамикалық қозғалыс тобын басқарады. Бұл АҚШ-тағы ең ірі аэроғарыштық инженерия бағдарламаларының бірі, шамамен 2000 бакалавр және магистратура студенттері оқиды.
«Сапар барысында біз eVTOL қалалық әуе көліктерінің қауіпсіздігі мен шуды бақылаудан бастап жел энергиясын өндірудің жаңа тәсілдеріне дейінгі ғылыми ынтымақтастықтың әртүрлі бағыттарын талқыладық. Фулбрайт бағдарламасының аясында 6 айлық зерттеулердің алғашқы сапарым бір айға созылады. Бұл келесі екі жыл ішінде бірлескен зерттеу жұмыстарының негізін салды», — деп бөлісті профессор Голубев.








