Диссертациядан тыс: Докторанттың даму және ілгерілеу жоспары (DDPP) арқылы зерттеу құзыреттілігін дамыту

Ұйымдастырушы туралы ақпарат:

Doctoral Institute
Ayazhan Zhaksylyk | Coordinator for Doctoral Programming

Докторантура институты студенттер мен оқытушыларға арналған DI Professional Development Series кәсіби даму сериясы аясында «Диссертациядан тыс: Докторанттың даму және ілгерілеу жоспары (DDPP) арқылы зерттеу қызметіндегі үздік нәтижелерге қол жеткізу» тақырыбында сессиялар ұйымдастырады.

Сессияларды Назарбаев Университеті Докторантура институтының провост орынбасары, профессор Шазим Әли Мемoн жүргізеді. Ол университеттің Докторанттың даму және ілгерілеу жоспарын (DDPP) таныстырады. Бұл жүйе зерттеуді жоспарлау, тиімді ғылыми жетекшілік және құзыреттерді дамыту арқылы докторанттарды қолдауға бағытталған.

Сессия барысында докторантураға қажетті 12 негізгі құзырет, зерттеу барысын бақылау, зерттеу этикасы мен адалдығы, жасанды интеллектіні жауапкершілікпен пайдалану, сондай-ақ зерттеу тәуекелдерін анықтау және басқару тәсілдері қарастырылады. Қатысушылар DDPP жоспарының академиялық жетістіктерге, зерттеу сапасын арттыруға және кәсіби дамуға қалай ықпал ететінін біледі.

Студенттерге арналған сессия

Оқытушыларға арналған сессия

Up

© Nazarbayev University

Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 53