«Энергетиканың болашағы: ақылды электр жүйелері және цифрлық трансформация» — Alageum Electric, UMAY R&D, Trenco R&D

Ұйымдастырушы туралы ақпарат:

Career and Advising Center
Ruslan Myrzayev | Senior Manager

Nazarbayev University Мансап және кәсіптік бағдарлау орталығы NU STeP-пен бірлесіп, электр энергетикасы саласындағы инновациялар мен жаңа технологияларға арналған қонақ дәрісіне шақырады.

Дәріс барысында жетекші инженерлік және технологиялық компаниялардың өкілдері өз тәжірибелерімен бөлісіп, заманауи технологиялардың энергетика саласын қалай өзгертіп жатқанын талқылайды. Атап айтқанда, трансформаторлық шешімдердегі озық әзірлемелер, жасанды интеллект және электр энергетикалық жүйелерді қорғаудың цифрлық технологиялары қарастырылады.

Спикерлер:

  • Адилбек Тәжібаев, Alageum Engineering — Трансформаторлардан болашақ энергетикасына дейін
  • Нұрбол Тлемісов, Umay R&D — Ақылды трансформаторлар және энергетика саласындағы жасанды интеллект
  • Қалмағамбет Бағланбаев, Trenco R&D — Электр энергетикалық жүйелерді қорғаудың цифрлық технологиялары

Дәріс қатысушыларға заманауи технологиялардың өндірісте қолданылуымен танысуға, энергетика саласындағы жаңа технологиялық үрдістерді зерделеуге және осы бағытта жұмыс істейтін мамандардың тәжірибесі мен кәсіби көзқарастарынан құнды мәлімет алуға мүмкіндік береді.

Энергетика саласының болашағын қалыптастырып жатқан технологиялармен танысып, инновацияларды дамытуға үлес қосып жүрген мамандардың тәжірибесін тыңдауға шақырамыз!

Up

© Nazarbayev University

Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 53