Құрметті оқытушылар мен студенттер!
Сіздерді NU Distinguished Speaker Series in Healthcare аясындағы келесі кездесуге шақырамыз. Кездесудің қонағы – Астана медицина университетінің Басқарма төрағасы – Ректоры, профессор Анар Тұрмұхамбетова.
Тақырыбы: Мансап, көшбасшылық, жетістік
Кәсіби жолы, көшбасшылық қасиеттерінің қалыптасуына әсер еткен сын-қатерлер мен тәжірибелер, сондай-ақ Қазақстандағы денсаулық сақтау мен академиялық медицинаны дамыту жөніндегі көзқарасы туралы қызықты әңгімеге қатысыңыз.
Бұл кездесу барлық оқытушыларға, студенттерге және қызметкерлерге ашық. Сіздерді профессор Тұрмұхамбетовамен ашық пікір алмасуға қатысып, өз сұрақтарыңызды қоюға шақырамыз.
Сіздерді кездесуде көргенімізге қуанышты боламыз!
