Профессор Шазим Али Мемон NU-дың жаңа Докторантура институтының алғашқы қауымдастырылған провосты болып тағайындалды

2026 жылғы 1 тамыздан бастап халықаралық деңгейде танылған академиялық көшбасшы және ғалым профессор Шазим Али Мемон Nazarbayev University Докторантура институтының қауымдастырылған провосты қызметін атқарады. Ол университетке 2016 жылы қосылып, соңғы он жыл бойы Инженерия және цифрлық ғылымдар мектебінің профессоры ретінде еңбек етіп келеді.

Профессор Мемон — Ұлыбританиядағы Advance HE ұйымының аға стипендиаты және Stanford–Elsevier деректері бойынша әлемдегі ең көп дәйексөз алынатын ғалымдардың үздік 2%-ы қатарына кіреді. Оның ғылыми еңбектерінен шамамен 12 мыңға жуық дәйексөз алған. Ол City University of Hong Kong оқу орнында азаматтық құрылыс (Civil Engineering) саласы бойынша PhD дәрежесін қорғаған. Сондай-ақ NU-ға дейін Пәкістанның жетекші университеттерінде профессор қызметін атқарған.

NU-да жұмыс істеген он жыл ішінде профессор Мемон жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесін дамытуға, зерттеу стратегиясын қалыптастыруға, академиялық басқару мен институционалдық дамуға елеулі үлес қосты. Оның жетекшілігімен докторантура бағдарламалары әзірленіп, білім беру бағдарламаларын басқару тетіктері, сапаны қамтамасыз ету жүйелері және операциялық процестер жетілдірілді.

Жаңа қызметте профессор Мемон Докторантура институтының стратегиялық дамуын қамтамасыз етіп, NU-дың докторантура білімін жетілдіру, зерттеулерді дамыту, инновация және халықаралық ынтымақтастық бағыттарындағы мақсаттарын жүзеге асыруға ықпал етеді.

Профессор Шазим Али Мемонді жаңа қызметке тағайындалуымен құттықтаймыз және Nazarbayev University Докторантура институтын дамытуда сәттілік тілейміз!

Up

© Nazarbayev University

Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 53