Қазақстандағы әйел көшбасшылардың жаңа буыны:Women Leadership Development Programme (WLDP)бағдарламасына қабылдау ашылды

Ұйымдастырушы туралы ақпарат:

GSE, GSB & GSPP
Zhanyl Zhontayeva

Бүгінде әйел көшбасшылар Қазақстанның болашағын қалыптастырып келеді — жоғары
білім мен ғылымда, мемлекеттік басқаруда, бизнесте және азаматтық қоғамда.
Сонымен қатар стратегиялық ойлайтын, болашаққа бағдарланған және өзгерістерді
тиімді басқара алатын көшбасшыларға сұраныс артып отыр.

Осыған байланысты Nazarbayev University жанындағы Жоғары білім беру мектебі
Women Leadership Development Programme (WLDP) атты жаңа Executive Education
бағдарламасын іске қосады. Бағдарлама әйелдердің көшбасшылық әлеуетін дамытуға
және елдің негізгі салалары үшін тұрақты кадрлық резерв қалыптастыруға
бағытталған.

Бағдарлама Nazarbayev University-тің Жоғары білім беру мектебі, Мемлекеттік саясат
жоғары мектебі және Бизнес жоғары мектебінің бірлескен бастамасы болып табылады.
Жоба Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Әйелдер істері және
отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссиямен серіктестікте жүзеге
асырылады.

WLDP бағдарламасы стратегиялық маңызы бар үш бағыттағы табысты әрі болашағы
зор әйел көшбасшыларды біріктіреді:

  • жоғары білім және ғылым
  • мемлекеттік басқару және саясат
  • бизнес және кәсіпкерлік

Бағдарламаға сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдардың басшылары, өңірлік ұйымдардың
өкілдері және көшбасшылық пен адами капиталды дамыту саласындағы сарапшылар
қатыса алады.

WLDP бағдарламасының ерекшелігі неде?

  • Көшбасшылықты дамытудың халықаралық тәжірибелеріне негізделген
    Executive Education форматы
  • Жұмыс істейтін мамандарға ыңғайлы blended learning форматындағы 120
    сағаттық оқу
  • Қазақстандық және халықаралық сарапшылар мен оқытушылар
  • Тәжірибелі басшылар мен практиктер тарапынан менторлық қолдау
  • Нақты институционалдық кейстер мен көшбасшылық жобалар бойынша жұмыс
  • Әртүрлі сектор өкілдері арасындағы нетворкинг және кәсіби қауымдастық
  • «Жасанды интеллект дәуіріндегі әйел көшбасшылығы» атты бірегей модуль
  • Стратегиялық басқару, келіссөз жүргізу, шешім қабылдау және ұйымдық
    трансформация салаларындағы құзыреттерді дамыту

Бағдарлама құрылымына мыналар кіреді:

  • Стратегиялық көшбасшылық және операциялық менеджмент
  • Саясат және басқару
  • Қаржылық және стратегиялық менеджмент
  • Жасанды интеллект дәуіріндегі әйел көшбасшылығы
  • Көшбасшының тұлғалық дамуы
  • Қорытынды Capstone Leadership Project

WLDP — бұл бір реттік біліктілікті арттыру курсы емес, Қазақстанның адами капиталын дамытуға және ұйымдардың, өңірлердің әрі тұтас елдің дамуына ықпал ете алатын әйел көшбасшылардың жаңа буынын қалыптастыруға бағытталған ұзақ мерзімді инвестиция.

Бағдарлама форматы: blended learning

Көлемі: 120 сағат

Қатысушылар саны: 75–85 қатысушы (конкурстық іріктеу)

Бағдарламаның басталуы: 2026 жылғы маусым

Егер сіз бүгінде маңызды шешімдер қабылдап жүрсеңіз немесе көшбасшылықтың жаңа деңгейіне қадам басуға дайын болсаңыз — Қазақстандағы әйел көшбасшылардың жаңа кәсіби қауымдастығының мүшесі болуға шақырамыз.

Қатысу және тіркелу мәселелері бойынша:

pdp_nugse@nu.edu.kz

+7 (7172) 70-60-71

+7 701 710 9029

Up

© Nazarbayev University

Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 53