Nazarbayev University Кітапханасы Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің және Қазақстан Республикасы университеттік кітапханалар қауымдастығының қолдауымен Сізді 14-ші Еуразиялық академиялық кітапханалар конференциясына (EALC 2026) қатысуға шақырады.
Конференция тақырыбы: Кітапхана – қауымдастықтарды байланыстыратын диалог алаңы
Өтетін күні мен орны: 22–23 қазан, 2026 жыл. Nazarbayev University, Астана қаласы, Қазақстан Республикасы.
Конференция кітапхана-ақпараттық қызмет саласындағы кәсіби диалогты дамытуға және озық тәжірибелермен алмасуға бағытталған. Бағдарлама академиялық кітапханалардың дамуының өзекті үрдістерін талқылауға, инновациялық технологияларды енгізуге және кітапхана қауымдастығындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған.
Конференция аясында келесі тақырыптар талқылау жоспарлануда:
- Жасанды интеллект қосымша мүмкіндіктердің басты негізі: жауапты зерттеу және академиялық кітапханалардың рөлі;
- Ынтымақтастыққа дайын академиялық кітапханалардың портфолиосы;
- Тиімділікті арттыру үшін жұмыс процестерін оңтайландыру;
- Кітапханалық-ақпараттық саласындағы (LIS) коммуникация;
- Академиялық кітапханалардың жетістіктері мен озық тәжірибелері;
- Өмірлік маңызды бар ақпараттық дағдылар, ақпаратты ұйымдастыру және басқару;
- Академиялық кітапханалардағы стратегиялық жоспарлау және басқару;
- Кітапханадағы зерттеу практикасы.
Қызығушылық танытқан мамандарды аталған тақырыптық бағыттар аясында баяндама жасауға және өздерінің кәсіби тәжірибелерімен, табысты практикаларымен, сондай-ақ жүзеге асырылған жобалардың нәтижелерімен бөлісуге шақырамыз.
Конференция тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.
Қосымша ақпарат және тіркелу келесі сілтеме бойынша қолжетімді: https://library.nu.edu.kz/kz/ealc
Сіздердің қатысуларыңызға қуанышты боламыз және нәтижелі кәсіби ынтымақтастыққа үміт білдіреміз.
#EALC2026
