Байыту форумы

Information about the organizer:

Office of Advancement
Daniya Yekibayeva

KAZ Minerals Group және Nazarbayev University Дербес білім беру ұйымы бірлесіп, 2026 жылғы 20–21 мамыр күндері Байыту форумын (Mineral Processing Forum) өткізеді. Форум пайдалы қазбаларды байыту саласындағы білім мен практикалық тәжірибе алмасуға арналған кәсіби алаң болмақ.

Іс-шара аясында Қазақстанның өнеркәсіп кәсіпорындарының жетекші мамандары, инженерлері, зерттеушілері, сондай-ақ халықаралық сарапшылар қатысып, тау-кен металлургия саласындағы өзекті өндірістік мәселелер мен заманауи үрдістерді талқылайды.

Форум аясында келесі іс-шаралар жоспарланған:

  • өнеркәсіп және академиялық қауымдастық өкілдерінің ғылыми баяндамалары;
  • саланың негізгі сын-қатерлері мен инновацияларына арналған панельдік пікірталастар;
  • халықаралық және қазақстандық мамандар арасында кәсіби байланыстар орнату және ынтымақтастықты дамыту мүмкіндіктері.

Пайдалы қазбаларды байыту, металлургия және сабақтас бағыттарға қызығушылық танытатын профессор-оқытушылар құрамын, зерттеушілер мен студенттерді форумға қатысуға және талқылауларға белсенді араласуға шақырамыз.

Форумға қатысу практикалық білім алуға, кәсіби байланыстарды кеңейтуге және саланың болашақ дамуына үлес қосуға мүмкіндік береді.

Up

© Nazarbayev University

Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 53