Жоғары оқу орындарының ең салмақты рейтингтерінің бірі — Center for World University Rankings (CWUR) құрайтын әлем университеттерінің академиялық рейтингі.
Басқа рейтингтерден айырмашылығы, CWUR сауалнамаларға және университеттердің өздері берген мәліметтерге негізделмейді. Рейтинг төрт негізгі бағыт бойынша объективті талдау негізінде жасалған:
* түлектердің академиялық жетістіктерін ескеретін білім деңгейі;
* ірі компанияларда басшылық қызмет атқаратын түлектерді ескеретін жұмысқа орналасу әлеуеті;
* беделді академиялық марапаттар алған оқытушыларды ескеретін оқытушылар құрамының сапасы;
* зерттеу жұмыстарын, жетекші журналдардағы жарияланымдарды, академиялық ортаға әсерін және ғылыми жұмыстардың дәйексөзділігін ескеретін ғылыми-зерттеу әлеуеті.
2022 жылы бүкіл әлем бойынша 20 мыңға жуық жоғары оқу орны баға алды. Нәтижесінде 2 мың үздік оқу орнының тізімі жасалды — GLOBAL 2000.
Қазақстанның барлық жоғары оқу орындарының арасында CWUR беделді рейтингіне тек Назарбаев Университеті ғана кірді (әлемнің 19,8 мың жоғары оқу орындарының арасында 1765-ші орын ТОП-2000-да).
Толығырақ Finprom.kz мақаласынан оқыңыз.








