NU Жоғары мемлекеттік саясат мектебінің Зерттеу вебинары | Д-р Бахытжан Құрмановтың «Гибридті демократиялықинновациялар автократияларда жұмыс істей ме? Қазақстан мен Өзбекстандағыпартисипаторлық бюджеттеудің жағдайларын зерттеу» тақырыбындағы баяндамасы

Ұйымдастырушы туралы ақпарат:

Graduate School of Public Policy
Amina Akhmetbekova

Nazarbayev University Жоғары мемлекеттік саясат мектебі қауымдастықты доктор Бақытжан Құрмановтың “Гибридті демократиялықинновациялар автократияларда жұмыс істей ме? Қазақстан мен Өзбекстандағыпартисипаторлық бюджеттеудің жағдайларын зерттеу” атты вебинарына қатысуға шақырады.

Вебинар барысында авторитарлық саяси жүйелердегі қатысушылық бюджеттеудің (Participatory Budgeting, PB) рөлі және мұндай тетіктердің билік легитимдігін нығайтумен ғана шектелмей, азаматтарды шынайы түрде күшейту әлеуеті талқыланады. Қазақстан мен Өзбекстанда жүргізілген 36 тереңдетілген сұхбат негізінде зерттеу гибридті демократиялық инновациялардың үш негізгі өлшемі — инклюзивтілік, талқылау үдерісі және ықпал ету деңгейі арқылы қатысушылық бюджеттеуді бағалайды. Зерттеу нәтижелері белгілі бір жағдайларда мұндай реформалардың азаматтардың мүмкіндіктерін ішінара кеңейтуге ықпал ете алатынын көрсетіп, салыстырмалы мемлекеттік басқару мен Жаһандық Оңтүстік елдеріндегі басқару мәселелеріне қатысты кеңірек ғылыми тұжырымдар ұсынады.

Доктор Бақытжан Құрманов — University of Central Asia жанындағы Мемлекеттік саясат және басқару институтының аға ғылыми қызметкері. Оның зерттеу бағыттарына ашық үкімет, азаматтардың мүмкіндіктерін кеңейту, цифрлық белсенділік және Орталық Азия мен Еуразиядағы авторитарлық саясат жатады. Оның ғылыми еңбектері Post-Soviet Affairs, Journal of Eurasian Studies және Central Asian Survey сияқты жетекші академиялық журналдарда жарияланған. Ол мемлекеттік саясат бойынша PhD дәрежесін Nazarbayev University-де, MPA дәрежесін Australian National University-де және бакалавр дәрежесін York University-де алған.

MS Teams кездесу идентификаторы: 413 845 133 261 19
Қол жеткізу коды: sq9pZ6nH

Up

© Nazarbayev University

Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 53