Инженерлік ойлауды дамытып, нақты кейске арналған шешім құрастыруға дайынсыз ба?
NURIS Hardware Challenge 6.0 бағдарламасына тіркеу ашық! Бұл бағдарламада қатысушылар прототиптер әзірлеп, өз шешімдерін сарапшылар алдында қорғайды.
Компания ұсынған тапсырма: «KazAeroSpace» ЖШС Қатысушыларға ғарыштық түсірілімдерді талдауға арналған бағдарламалық шешімнің прототипін әзірлеу ұсынылады: жергілікті аумақтағы нысандарды/белгілерді автоматты түрде анықтау және нәтижелерді QGIS/геопорталдарда әрі қарай қолдану үшін ГИС-қабаттар түрінде қалыптастыру.
- Тіркелу мерзімі: 2026 жылғы 26 наурызға дейін (қоса алғанда)
- Бағдарлама кезеңі: 2026 жылғы 27 наурыз – 5 мамыр
- Қатысу форматы: жеке / командамен (18+)
- Жүлде қоры: 1 000 000 ₸
Біз AI/ML, GIS, data science, remote sensing және Python-әзірлеу бағытындағы мамандарды, сондай-ақ деректер мен инженерия тоғысындағы қолданбалы жобалармен жұмыс істегісі келетін барша қатысушыларды күтеміз.





