«Ауысып келетін студенттер» санаты бойынша өтінімдер Назарбаев Университетінің бакалавриат бағдарламаларына қабылданады. Оқу тек ақылы негізде жүзеге асырылады. Талапкерлер қазақстандық немесе шетелдік университеттің бакалавриат бағдарламасында кемінде бір семестрді аяқтаған болуы тиіс.
Оқуға қабылдаудың ең төменгі талаптары:
- Ең төменгі CGPA: 4.0 — ден 2.0*
- Ағылшын тілі бойынша талап**:
- IELTS: жалпы балл кемінде 6.0 (жазу — 6.0, оқылым — 5.5, тындалым — 5.5, сөйлеу — 5.5) немесе
- TOEFL: ETS сайтында көрсетілген эквиваленттік балл.
*Тиісті Мектептің шешімі бойынша CGPA 2.0-ден төмен талапкерлер де оқуға қабылдау үшін қарастырылуы мүмкін.
**Егер талапкер оқыту тілі ағылшын тілі болып табылатын университетте кемінде бір семестр оқыған болса, IELTS/TOEFL нәтижелерін ұсыну талап етілмейді.
Барлық сұрақтар бойынша Талапкерлерді қолдау орталығына хабарласыңыз:
Email: info_admissions@nu.edu.kz
Тел.: +7 (7172) 64 25 84, +7 (747) 094 02 30
