2026-2027 академиялық жылына қабылдау үшін Nazarbayev University-дің магистратура бағдарламаларына шетелдік үміткерлер үшін онлайн өтінім қабылдаудың екінші раунды ашылғанын қуана хабарлаймыз. Осы мүмкіндікті жіберіп алмаңыз!
Барлық грант түрлері үшін шетелдік үміткерлер үшін екінші раундтың өтінім беру мерзімдері: 2026 жылғы 17 наурыз сағат 14:00-ге дейін (Астана уақытымен);
IELTS/TOEFL/GRE/GMAT тестілеу нәтижелерін ұсыну үшін: 2026 жылғы 17 наурыз сағат 23:59-ға дейін (Астана уақытымен).
Конкурсқа қатысуға үміткер келесі қадамдарды орындауы қажет:
1️. admissions.nu.edu.kz сайтына тіркеліп, Жеке кабинет ашу.
2️. Өтінім нысанын толтыру және Жеке кабинетте көрсетілген қажетті құжаттардың сканерленген көшірмелерін жүктеу.
3️. Тіркелу жарнасын төлеп, «PAY AND SUBMIT APPLICATION» батырмасын басу арқылы өтінімді жіберу.
Маңызды: Тіркелу жарнасы қайтарылмайды және оны «My Application Forms» бөлімінде тек онлайн транзакциялар қолжетімді банктік картамен төлеу қажет. Өтінім жіберілгеннен кейін оны өзгерту мүмкін емес.
- IELTS (онлайн-тесттен басқа) немесе TOEFL (Home Edition-нен басқа) сертификаттарының сканерленген көшірмесін/электронды сертификатты Жеке кабинетіңіздің «Upload IELTS/TOEFL results» бөліміне жүктеңіз.
Институт кодтары:
IELTS үшін код: NU, Admissions Department
TOEFL iBT үшін код: 6762
GRE үшін код: 6496
GMAT үшін код: H6m-R7-93
Келесі қадамдар:
Студенттерді оқуға қабылдау офисінен жіберілетін ақпаратты электрондық поштаңыздан тексеріңіз, ал өтініміңіздің жағдайын білу үшін Жеке кабинетіңізді тексеріңіз.
Сұрақтар туындаған жағдайда, Талапкерлерді қолдау орталығына хабарласуыңызды сұраймыз:
Email: info_admissions@nu.edu.kz
Тел.: +7 (7172) 64 25 84, +7 (747) 094 02 30
