
Назарбаев Университетінің Жаратылыстану, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар мектебінің болашақ талапкерлерді Ашық есік күніне шақырады. Бұл ақпараттық іс-шара Магистратура және PhD бағдарламалары туралы жан-жақты мәлімет беруге арналған және қатысушыларға академиялық жолының әртүрлі кезеңдерінде саналы шешім қабылдауға көмектесуді мақсат етеді.
Ашық есік күні барысында қатысушылар:
- Әртүрлі академиялық бөлімдердің бағдарлама өкілдері мен профессорлық-оқытушылық құрамымен таныса алады;
- Магистратура және PhD бағдарламаларының құрылымы мен академиялық мазмұны (оқу курстары мен зерттеу компоненттері) туралы ақпарат алады;
- Зерттеу бағыттары мен ғылыми жетекшілік мүмкіндіктерін зерттей алады;
- Академиялық талаптар, студенттік өмір және мансаптық мүмкіндіктер туралы сұрақтарын қоя алады.
Іс-шара Назарбаев Университетінің Жаратылыстану, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар мектебінің Магистратура және PhD бағдарламаларына қызығушылық танытқан барлық азаматтар үшін ашық.
Тіркелу: Қатысу үшін осы сілтеме арқылы алдын ала тіркелуіңізді сұраймыз.
Күні: 10.02.2026
Уақыты: 16:00
Іс-шараның тілі: Ағылшын
Өтетін орны: 8-блок алдындағы атриум