
Назарбаев Университетінде Бристоль университетінің (Ұлыбритания) Ғылым және инженерия факультетінің Материалдар химиясы профессоры және Ғаламдық әріптестік жөніндегі қауымдастырылған проректоры профессор Charl Faul-дың қатысуымен Химия семинары өтеді.
Семинар «CO2-ден отын алу, таза су және энергияны сақтау — функционалды кеуекті материалдар арқылы жаһандық мәселелерді шешу» атты шақырылған ғылыми дәріспен ашылады. Дәріс барысында профессор Faul функционалды кеуекті полимерлі материалдардың CO2-ні тиімді пайдалану, энергияны сақтау және суды тазарту салаларындағы орнықты шешімдерге қосатын үлесін таныстырады.
Профессор Charl Faul Стелленбош университетінде Полимер химиясы бойынша PhD дәрежесін алған және Макс Планк атындағы Коллоидтар мен интерфейстер институтында ғылыми қызмет атқарған. Ол 145-тен астам ғылыми мақаланың авторы, бірқатар халықаралық патенттердің иегері және ғылыми зерттеулерді коммерцияландыру мен халықаралық академиялық ынтымақтастыққа белсенді түрде қатысады.
Дәріске арналған MS Teams сілтемесі
Басталу күні: 23.01.2026, сағат 18:00-де
Форматы: Онлайн
Тілі: Ағылшын
