Бұл конференция археология, генетика және көне ДНҚ зерттеулері, климат пен аурулардың өзгеру тарихы, тілдер және басқа да салалардағы мамандарды біріктіреді. Ол Назарбаев Университетінде қола дәуірінен бүгінгі күнге дейінгі еуразиялық халықтарды пәнаралық тұрғыдан зерттеудің жаңа бағытын ұсынады.
Конференцияға АҚШ, Франция, Венгрия, Түркия, Жапония және Кореяның жетекші мамандары, сондай-ақ Нархоз университеті мен Назарбаев Университетінің зерттеушілері қатысады.
Іс-шара аясында Назарбаев Университетінің Археогенетика зертханасының (C4) ашылу салтанаты өтеді.
Конференция бағдарламасын мына жерден табуға болады.
Байланыс ақпараты:
uli.schamiloglu@nu.edu.kz