Markethon 7.0

Біз қайта оралдық!
Markethon 7.0 — бұл digital-маркетинг саласындағы ең ірі жарыс, мұнда қатысушылар небәрі 24 сағат ішінде ірі компаниялардың нақты тапсырмаларын шешеді.
DC Lab (Digital Creativity Laboratory) NURIS орталығында және NU Creators Club бірлесіп, студенттерді шабыттандырып, цифрлық технологиялар саласында идеяларды зерттеп, жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Кім қатыса алады?
— Графикалық және motion-дизайнерлер, маркетологтар, reels-мейкерлер — идеямен өмір сүретін және әрекеттен қорықпайтындардың бәрі! Қалауың бойынша жеке қатыс немесе команда жинап, бар күшіңді көрсет!
Не істеу керек?
— Біздің серіктестерден нақты бизнес-тапсырма алып, оған 24 сағат ішінде шешім табу. Бұл — сенің жылдам ойлау қабілетіңе, батылдығыңа және шығармашылық дарыныңа сынақ.
Не ұтып алуға болады?
— Жеңіс сияқты шабыттандыратын сыйлықтар: ақшалай жүлделер, сертификаттар, жазылымдар және Қазақстандағы креативті экономиканы қолдайтын серіктестеріміз бен демеушілеріміздің сыйлықтары.

Қатысу ақысы:

  • 18–31 қазан 2025 (Early bird) — 3 000 ₸
  • ️ 01–14 қараша 2025 (Standard) — 5 000 ₸

Алғашқы 150 тіркелген қатысушыға — ерекше Markethon 7.0 x BASQA мерчі және іс-шара кезінде тегін тамақ беріледі!
Қазір тіркел
Өйткені Markethon қайта оралды — және бұл 24 сағат бәрін өзгертуі мүмкін!

Сұрақтарың бар ма? Бізге Instagram арқылы жаз: @nuris_dclab — әрқашан байланыстамыз!

Байланыс ақпараты:
@nuris_dclab

Up

© Nazarbayev University

Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 53