Назарбаев Университеті 2025-2026 академиялық жылына арналған бакалавриат бағдарламаларына ақылы негізде оқуға онлайн өтінімдерді қабылдау туралы хабарлайды. Оқу академиялық жылдың ортасында (көктемгі семестрде) басталады.

Өтінім берген талапкерлер бакалавриат бағдарламаларының Қабылдау қағидалары мен рәсімдеріне сәйкес стандартты іріктеу үрдісі бойынша ақылы негіздегі бакалавриат бағдарламасы бойынша жыл ортасында оқуға қабылдау конкурсына қатысады. Осы конкурс арқылы қабылданған студенттер оқуын көктемгі семестрде бастайды.

Оқуға түсу конкурсына келесі талапкерлер қатыса алады:

·         Жалпы орта мектепті бітірген талапкерлер;

·         Басқа ЖОО-ның ағымдағы студенттері.

“NUET талапкерлері” санаты бойынша өтінім берген талакерлердің ағымдағы күнтізбелік жылдағы NUET нәтижелері ғана қарастырылады. Ең төменгі қабылдау талаптары — жалпы балл 130 және әр пән бойынша өту баллы 60,60 (Математика, Сыни тұрғыдан ойлау және мәселелерді шешу дағдылары).

Өтінім беру үшін admissions.nu.edu.kz сайтында Жеке кабинет ашу қажет.

Маңызды: бакалавриат бағдарламасына көктемгі семестрде ақылы негізде оқуға тапсырған және оқуға қабылданған  талапкерлер “Назарбаев Университеті” білім беру гранты және де басқа білім беру гранттарды тағайындау бойынша іріктеуге қатыспайды.

Онлайн тіркелу мерзімдері: 2025 ж. 29 қыркүйек — 28 қараша (Астана уақыты бойынша 14:00 дейін)

Оқу басталуы: 2026 жылғы 12 қаңтар.

НУ-ға тест нәтижелерін ұсынудың соңғы мерзімі: SAT/ACT және IELTS/TOEFL — 2025 ж. 28 қараша (Астана уақыты бойынша 23:59 дейін)

Тест нәтижелері міндетті түрде Назарбаев Университеті кодын (Institutional Code) пайдалана отырып, тест әкімшісі арқылы Университеттің атына жіберілуі қажет:

NU, Admissions Office — IELTS үшін

6762 – TOEFL үшін

7915 – SAT үшін

5521 – ACT үшін

Келесі қадамдар:

Өтінім беру нысанына енгізілген электронды поштаңызды, сонымен қатар, өтініміңіздің жағдайын білу үшін Жеке кабинетіңізді тексеріңіз. Тіркелу кезінде сұрақтар пайда болса, info_admissions@nu.edu.kz электрондық поштасына хат жіберуіңізге болады. Хат жіберген кезде ЖСН (ҚР азаматтары үшін) мен әрбір талапкерге берілетін Жеке кабинеттегі Applicant ID нөмірін жазуды ұмытпаңыз.

Cәттілік тілейміз!

Up

© Назарбаев Университеті

Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 53