Назарбаев Университеті жоғары білім берудегі мынадай әлемдік және аймақтық қауымдастықтардың мүшесі болып табылады.

Халықаралық университеттер қауымдастығы
Халықаралық университеттер қауымдастығы (ХУҚ) – ЮНЕСКО-ның қолдауымен 1950 жылы құрылған жоғары оқу орындарының жаһандық бірлестігі.
Миссиясы
Қауымдастық қызметі білімді тарату мен қолдану, бірлескен оқыту және инновациялар форумы, жоғары білім берудің дамуын талдау мен мониторингтеу үшін мүшелер арасындағы ынтымақтастықты дамытуға бағытталған.
Мүшелігі
Қауымдастықтың құрамы әлем елдерінің 600 университеті мен 120-дан астам ұйымдарын қамтиды. Қатысушы елдердің географиясы өте кең:
- Еуропа: 40%
- Азия және Тынық мұхит: 24%
- Таяу Шығыс: 13%
- Африка: 11%
- Солтүстік Америка: 7%
- Латын Америкасы мен Кариб бассейні: 5%
Назарбаев Университеті Қауымдастыққа 2015 жылы қосылды. Қауымдастыққа Қазақстанның тағы 3 университеті кіреді.
Қауымдастық туралы толығырақ ақпарат мұнда

Азия Университеттері Альянсы (АУА)
Азия Университеттерінің Альянсы 2017 жылғы 29 сәуірде құрылды. Назарбаев Университеті Альянстың негізін қалаушылардың бірі болып табылады. Ашылу салтанаты Бейжіңде (Қытай) Цинхуа университетінде өтті. Альянстың бірінші жиналысына 400-ге жуық профессорлар мен 15 ЖОО өкілдері қатысты.
Миссиясы
Альянстың қызметі жоғары білім, экономикалық, ғылыми және технологиялық даму саласындағы аймақтық және ғаламдық мәселелерді бірлескен түрде қарауға, мүше-мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған.
Мүшелігі
Альянстың мүшелері 13 елдің 15 жоғары оқу орындары болып табылады:
- Цинхуа Университеті (Қытай);
- Назарбаев Университеті (Қазақстан)
- Гонконг ғылым және технологиялар Университеті (Гонконг)
- Токио Университеті (Жапония)
- Сеул Ұлттық Университеті (Оңтүстік Корея)
- Сингапур Ұлттық Университеті (Сингапур)
- Бомбей Технологиялық институты (Үндістан)
- Индонезия Университеті (Индонезия)
- Чулалонгкорн Университеті (Тайланд)
- Малайзия Университеті (Малайзия)
- Коломбо Университеті (Шри-Ланка)
- Янгон Университеті (Мьянма)
- Бейжің Университеті (Қытай)
- Біріккен Араб Әмірліктерінің Университеті (Біріккен Араб Әмірліктері)
- Сауд Королінің Университеті (Сауд Арабиясы)
Альянстың бірқатар құрылтайшы-мүшелері Times Hired Education рейтингі (бұдан әрі – THE) бойынша Азияның 2022 жылғы 10 үздік университеттерінің тобына және QS World University Rankings (QS) әлемдік рейтингі бойынша 2023 жылғы 50 үздіктер тобының құрамына кіреді.
Университет | Азияның үздік университеттер рейтингі (THE) 2022 жыл | Әлемнің үздік университеттеррейтингі (THE), 2022 жыл | Азияның үздік университеттер рейтингі (QS), 2022 жыл | Әлемнің үздік университеттер рейтингі (QS), 2023 жыл |
Сингапур Ұлттық Университеті | 3 | 21 | 1 | 11 |
Бейжің Университеті | 2 | 16 | 2 | 12 |
Цинхуа Университеті | 1 | 16 | 5 | 14 |
Гонконг ғылым және технологиялар Университеті | 9 | 66 | 9 | 40 |
Токио Университеті | 6 | 35 | 11 | 23 |
Сеул Ұлттық Университеті | 8 | 54 | 18 | 29 |
Қауымдастық туралы толығырақ ақпарат мұнда

Жаңа жібек жолы Университеттері Альянсы (UASR)
Жаңа жібек жолы Университеттері Альянсы (UASR) – жоғары білім беру саласындағы ашықтық пен халықаралық ынтымақтастыққа бағытталған үкіметтік емес және коммерциялық емес ұйым. UASR Ұлы Жібек жолының тарихи жолында орналасқан елдердің жоғары оқу орындарын біріктіреді.
«Бір белдеу – бір жол» Қытай Халық Республикасы Үкіметі стратегиясының аясында Сиань көлік университеті (ҚХР) 2015 жылдың қаңтар айында Азия, Еуропа және Америка елдерінің шетелдік және отындық университеттерімен бірлесіп Альянс құру үшін «Жібек жолының Академиялық белдеуі» бағдарламасына бастамашылық етті.
Миссиясы
Альянс жоғары білім беру, студенттермен алмасу, олардың білім беру тәжірибесін, мәдениетаралық коммуникациясын жетілдіру, сондай-ақ бірлескен жобалар мен зерттеулерді дамыту, студенттер арасында өзара түсіністік пен достықты нығайту, олардың таланттарын дамыту және Жібек жолының тарихи бағдарында және заманауи Еуразия аймағында орналасқан елдердің экономикалық өсуіне жәрдемдесу саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған.
Альянстағы мүшелік
Қазіргі кезде 39-ға жуық ел мен аймақтың 167 Университеті, оның ішінде Сиань Транспорттық Университеті, Ливерпуль Университеті, Сингапур Ұлттық университеті, Харбин технологиялық Институты, Гонконг политехникалық Университеті, Милан техникалық Университеті, Мәскеу Энергетикалық Институты, Назарбаев Университеті, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті, Сент-Луистегі Вашингтон Университеті, Калифорния Мемлекеттік Нортридж Университеті және басқалары Альянстың мүшелері болып табылады.
UASR Альянсының Атқарушы Кеңесінің мүшелері
- Сиань транспорттық университеті (Қытай)
- Харбин технологиялық институты (Қытай)
- Гонконг политехникалық университеті (Қытай)
- «Мәскеу Энергетикалық Институты» Ұлттық зерттеу университеті (Ресей)
- Бауман атындағы Мәскеу мемлекеттік техникалық университеті (Ресей)
- Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университеті
- Назарбаев Университеті
- Жаңа Оңтүстік Уэльс университеті (Австралия)
- Centrale-Supelec университеті (Франция)
- Ливерпуль Университеті (Ұлыбритания)
- Милан техникалық Университеті (Италия)
- Бенха университеті (Египет)
- Сабанджи университеті (Түркия)
- Н.Исанов атындағы Қырғыз мемлекеттік құрылыс, көлік және сәулет университеті (Қырғызстан)
- Ұлттық ғылым және технологиялар университеті (Пәкістан)
- Берлин техникалық университеті (Германия)
- Сингапур Ұлттық университеті (Сингапур)
- Пусан ұлттық Университеті (Оңтүстік Корея)
Альянс туралы толығырақ ақпарат мұнда.

Еуропалық университеттер қауымдастығы
Біз НУ-дың Еуропалық университеттер қауымдастығының (European University Association) жеке мүшесі болғаны туралы хабарлауға қуаныштымыз. EUA 47 елден 850-ден астам мүшені біріктіретін Еуропадағы жоғары оқу орындарының кең желісі болып табылады.
Ұйымға мүшелік сарапшылар топтар мен жобаларға қатысу арқылы жоғары білім мен ғылымның даму үдерістерін қалыптастыруға қатысуға мүмкіндік береді. Мүшелік жетекші сарапшылармен тәжірибе алмасуға да, сондай-ақ еуропалық жоғары оқу орындарының озық тәжірибесімен танысуға да мүмкіндік береді.
Бұдан басқа, НУ қоғамдастығы ЕUA және басқа еншілес ұйымдар ұйымдастырған институционалдық даму жобаларына, іс-шаралар мен конференцияларға төмендетілген бағамен қатысу мүмкіндігін алады.
Толығырақ ақпарат осында.
EUA IEP бойынша институционалдық бағалау
Назарбаев Университеті 2017-2020 жылдар аралығында академиялық сапа, ғылыми-зерттеу қызметі мен стратегиялық басқарудың тәуелсіз сыртқы бағасын алу үшін Еуропалық университеттер қауымдастығының (EUA) Институционалдық бағалау бағдарламасына(IEP) қатысты.
НУ сыртқы бағалаудың бастапқы және кейінгі кезеңдерін сәтті аяқтады және өзін-өзі жетілдіру бойынша күш-жігерін жалғастыруда. Тиісті есептер IEP EUA веб-сайтында қолжетімді.

2022
2022 жылдың мамыры – IAU Horizons журналында жарияланымы
IAU Horizons журналының “Relevance and Value of Universities to Future Society” тақырыбындағы 16-шығарылымында Президент Шигео Катсу, Провост Илесанми Адесида, Вице-провост Лоретта О’Доннелл және Жаһандық байланыстар кеңсесінің басшысы Әлия Каймолдинова жоғары білімді қайта қарастыру және Ковид-19 пандемиясының бізге үйрететіні туралы айтты.
Қосымша ақпарат алу үшін веб-сайтқа кіріңіз IAU — International Association of Universities — The Global Voice of Higher Education (iau-aiu.net)


24-28 Қазан: Мета Жібек жолы: AUA жастар форумы НУ-да басталды
Қазақстан, Тайланд, Оңтүстік Корея, Жапония, БАӘ,Малайзия, Индия және басқа елдердің студенттері шынайы және виртуалды әлемде мәдениеттердің интеграциясын талқыланды.
Қосымша ақпарат алу үшін веб-сайтқа кіріңіз Meta — Silk Road: AUA Youth Forum kicks off at NU

2019
13-15 мамыр: Жыл сайынғы Going Global конференциясы “Knowledge diplomacy and the digital world: does international tertiary education have a role?”
2019 жылы өткен Going Global конференциясында Назарбаев Университетінің атынан Студенттік мәселелер және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі Вице-президент Кадиша Нурдулдиновна Даирова және Халықаралық ынтымақтастық департаментінің Директордың міндетін атқарушы Мадина Несипказиевна Айтаканова “Global Partnerships and Their Impact on the Development of Local Higher Education” тақырыпта көрсетілім жасады.
2019 жылғы Going Global конференциясының маңызды сәттерімен танысу үшін ресми сайтқа кіріңіз.


2018
18-21 ақпан: Жыл сайынғы “The Internationalization Imperative in Turbulent Times” тақырып бойынша AIEA конференциясы
2018 жылы Халықаралық ынтымақтастық департаментінің Директоры Әлия Бақытқанқызы Қаймолдинова мен Тәжірибе трансляция офисінің үйлестірушы Мадина Несипказиевна Айтаканова AIEA Conference конференциясына қатысып, сессиялардың бірінде «Alliances under the Belt and Road Initiative: University Partnerships between China and Kazakhstan» атты көрсетілім жасады.
2018 жылғы AIEA конференциясында ұсынылған басқа да сессия материалдарын алу үшін сілтемеге өтіңіз.



EAIE Forum журналында жарияланымы
Халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры Әлия Бақытқанқызы Қаймолдинова және Тәжірибе трансляция кеңсесінің үйлестірушы Айтаканова Несипказиевна Мадина Форум журналының жазғы санында “International Policies and Practices” тақырыбында НУ-дың құрудың ерекше бірегейлігі және оның әлемдік жоғары білім беру нарығында орын алудағы қиындықтары туралы айтып өткен.
“New Institution, Big Plans” мақаланың толық нұсқасын алу. (Сілтеме)
2017
19-22 ақпан: жыл сайынғы “Internationalization through Difference: Transcending Boundaries” AIEA конференциясы



Студенттік мәселелер және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі Вице-президент Қадиша Нурдулдиновна Даированың “Partnerships as Tools for Development and Internationalization: Lessons from Universities in Kazakhstan and Central Asia” тақырыбына арналған көрсетілімі.
AIEA 2017 конференциясы туралы қосымша ақпарат алу үшін сілтемені басыңыз.
1-7 мамыр: Халықаралық бөлімдердің аға қызметкерлеріне арналған AIEA көшбасшылық академиясы
2017 жылы Халықаралық ынтымақтастық департаментінің Директоры Әлия Бақытқанқызы Қаймолдинова AIEA Көшбасшылық академиясында оқудан өтті.
2017 жылы когорта туралы ақпарат алу үшін, AIEA веб-сайтына кіріңіз.

