2025–2026 академиялық жылыға ақылы негіздегі бағдарламаның ашылғанын қуана хабарлаймыз. Өтінім беруге мүмкіндікті жіберіп алмаңыз!
Онлайн өтінімдерді қабылдау соңғы мерзімі — 2025 ж. 10 шілдеге дейін
IELTS/TOEFL сертификаттарын тапсырудың соңғы мерзімі — 2025 ж. 11 шілде
Конкурсқа қатысу үміткер келесі қадамдарды орындауы қажет:
1. admissions.nu.edu.kz сайтына тіркеліп, Жеке кабинет ашу.
2. Өтінім нысанын толтыру және Жеке кабинетте көрсетілген қажетті құжаттардың сканерленген көшірмесін жүктеу.
3. «SUBMIT APPLICATION» батырмасын басу арқылы өтінімді жіберу.
Маңызды: Тіркеу ақысы қайтарылмайды және оны «My Application Forms» бөлімінде төлеу қажет.
4. IELTS (онлайн-тесттен басқа) немесе TOEFL (Home Edition-нен басқа) сертификаттарының сканерленген көшірмесін Жеке кабинетіңіздің «Upload IELTS/TOEFL results» бөліміне жүктеңіз.
Институт кодтары:
- IELTS: NU, Admissions Department
- TOEFL: 6762
Келесі қадамдар:
Өтініміңіз жайлы ақпаратты электрондық поштаңыздан тексеріңіз, ал өтініміңіздің мәртебесін білу үшін Жеке кабинетіңізді тексеріңіз. Тіркеу кезінде немесе онлайн өтінімге қатысты сұрақтар туындаған жағдайда, admissions.nusom@nu.edu.kz электрондық поштасына хат жіберуіңізге болады. Хатта ЖСН (ҚР азаматтары үшін) мен әрбір үміткерге берілетін Жеке кабинеттегі Applicant ID нөмірін жазуды ұмытпаңыз.
Сәттілік тілейміз!