Nazarbayev University (NU) мен үшін Қазақстандағы ең үздік университет болып саналған еді, бірақ мектеп оқушысы ретінде кампусты аралаған кезде ғана нағыз атмосфераны сезініп, осы жерге түскім келетініне сенімді болдым. Университеттегі қауымдастық пен керемет рух мені бірден өзіне баурап алды.
NU-де Мұнай инженериясы бойынша бакалавр дəрежесінде оқу қиын болғанымен, ұмытылмас сапар болды. Тау-кен жəне Жер туралы ғылымдар мектебіндегі (SMG) профессорлардың, қызметкерлер мен студенттердің қолдауы ең қиын сәттерді де қызықты әрі пайдалы етті. Мен мұнай өндіру тиімділігін арттыру жобасында, КазМунайГазбен бірлесіп жүргізілген зерттеулерге қатысу мүмкіндігіне ие болдым. Бұл нағыз қазақстандық кен орнында жұмыс істеген өте құнды тəжірибе болды. Біздің зерттеу тобымыз, профессор Пейман Пурафшари басшылығымен, ғылыми журналдарда мақалалар жариялап, халықаралық конференцияларда баяндама жасады – бұл мен үшін ұмытылмас тәжірибе.
Оқу барысынан тыс, NU маған өз қызығушылықтарымды зерттеуге жəне өмірлік достар табуға жол ашты. Мен NU түлегі болғаныма мақтанамын, бірақ SMG отбасының бір бөлігі болғанымды одан бетер мақтан тұтамын. Өткенге көз жүгіртсем, NU менің болашағыма бағыт беріп, Ұлыбританияда оқуымды жалғастыруға ұмтылдырды.
Болашақ студенттерге кеңесім: NU ұсынатын барлық мүмкіндіктерді пайдаланыңыз. Өз жайлылық аймағыңыздан шығудан қорықпаңыз, қателіктерден сабақ алыңыз және мақсаттарыңызға шектеу қоймаңыз. Мүмкіндіктер шексіз, ал сіздің жалғыз бәсекелесіңіз – өзіңіз.
