«Nazarbayev University-де мені ең қызықтырғаны – Nazarbayev University-дің жоғары дәрежедегі шетелдік университеттермен әріптестігі болды. Менің жағдайымда бұл Кембридж және Пенсильвания университеттері»
Мен Nazarbayev University жайында оның ашылғанына дейін естіген едім. Мен Қазақстанға келгенімде, адамдардың білім берудегі ірі жоба туралы айтып жатқанын естіп жүрдім, сол айтып жүрген жоба НУ еді.
Университет мені жоғары дәрежедегі шетелдік университеттермен әріптестігімен қызықтырды. Бұл әірптестік NU-ға академиялық бағдарламаларды тиімді іске асыруға және бірлескен қызықты зерттеу жобаларына қатысуға көмектеседі деп ойладым.
Оқуымның барысында мен әртүрлі елдерден келген оқытушылармен таныстым. Олардың әрқайсысының қаралатын мәселеге байланысты өз ойлары мен көзқарастары бар. Мен кітапханада уақыт өткізгенді өте жақсы көремін, өйткені онда тек өзіңнің салаңдағы тақырыптар бойынша кітаптарды ғана емес, сонымен қатар CD дисктерді, журналдарды және газеттерді табуға болады.
Білім берудегі PhD бағдарламасын таңдауымның негізгі себебі – Nazarbayev University-дің Кембридж университеті мен Пенсильвания университеттері сияқты жоғары оқу орындарымен әріптестігі болды. Мен идеялармен алмасу және бірлескен жобаларға қатысу мүмкіндіктері мықты зерттеу жобасын әзірлеу үшін өте маңызды болып табылады деп ойлаймын.
Nazarbayev University-де білім алудың негізгі артықшылықтарының бірі ретінде мен мыналарды белгілер едім: біріншіден, жоғары деңгейдегі университеттермен әріптестік және үздік оқытушылар; екіншіден, зерттеуге үлкен көңіл бөлу; және үшіншіден, студенттердің кітапханаға, жатақханаларға, асханаларға, спорт орталықтарына және басқа да ресурстарға қолжетімділігі.
