«Мен мемлекеттік саясат саласындағы магистратура бағдарламасын таңдадым, себебі оның Орталық Азия елдерінің тәжірибесіндегі жоғары сапалы білім мен сараптаудағы беделі зор және білім алуға стипендияларды ұсынады»
Бұрын мен экономикаға аса қызығушылық танытқан болатынмын, себебі бірнеше жылдар бойы өз елімде үкіметтік емес ұйымда жұмыс істедім. Алайда, уақыт өте келе, бүкіл өңірдің дамуына үлес қосатын, оң өзгерістер жасайтын мемлекеттік қызметкер болуға деген құштарлығым бәрінен жеңіп, білімімді осы салада жалғастыруға бел будым.
Жақын арада көрші елде жоғары білім беру стандарттары мен керемет инфрақұрылымы бар жаңа университет – Nazarbayev University-дің ашылғанын білдім. Мен өзіме лайықты бағдарламаны іздей бастадым. Оқу жоспары мен талаптарын сыни түрде талдай отырып, мен мемлекеттік саясат саласындағы магистратура бағдарламасын таңдадым, себебі оның Орталық Азия елдерінің тәжірибесіндегі жоғары сапалы білім мен сараптаудағы беделі зор және білім алуға стипендияларды ұсынады. Мен бағдарламаны өзім таңдаған бейін мен ғылыми қызығушылығыма дәл сәйкес келеді деп ойладым. Конкурстың өте үлкен екенін және көптеген студенттер осы бағдарламаға қатысқалы жатқанын мен білдім. Бақытыма орай, менің халықаралық жоғары оқу орнынан алған экономика бойынша дәрежем, әлеуметтік белсенділігім мен жұмыс тәжірибем маған өзіме сеніп, құжаттарымды Назарбаев Университетіне тапсыруға көмектесті. Енді, осы Университеттің студенті ретінде, мұндағы оқу мен орналасу жағдайлары өте тамаша, сондай-ақ әрдайым көмек көрсетуге дайын, білікті оқытушы-профессорлар құрамы бар екенін айтқым келеді.
Мен сондай-ақ, мемлекеттік саясат саласындағы магистратура бағдарламасының Сингапурлық компонентін атап өткім келеді. Бұл маған мемлекетті басқарудың ең тиімді жүйелерінің бірімен танысуға мүмкіндік берді. Менің оқуым тек білім беру мақсаттарыма жету үшін ғана емес, сонымен қатар менің болашақ мансабым үшін де маңызды болатын көшбасшылық дағдыларымды толықтырады деген ойдамын. Nazarbayev University, менің екінші үйім болғаның үшін рахмет!
